Біз туралы
  • «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк, Даму Банкі немесе ҚДБ):
    - 2000 жылғы 28 желтоқсанның Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев №531 «Қазақстан Даму Банкі туралы» Жарлығымен;
    - 2001 жылғы 18 мамыр Қазақстан Республикасы Үкіметінің №659 «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қаулысымен сәйкес құрылған.

    Банктің миссиясы
    Еліміздегі шикізаттық емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесімізді қосу.

    Банктің көрінісі

    - ҚР Үкіметіне және жеке секторға арналған ірі инфрақұрылымдық және индустриалдық жобаларды бағалау және құрылымдау бойынша еліміздің озық операторы;
    - өнеркәсіп және инфрақұрылым саласындағы жобалардың уақытылы және жеткілікті дәрежеде қаржыландырылуын қамтамасыз ететін мамандандырылған мемлекеттік даму институты;
    - ұлттық валютамен ең жақсы қаржыландыруды ұсыну бойынша қаржы институты;
    - халықаралық нарықта беделге ие болған, активтер көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі қаржы институттарының бірі;
    - корпоративтік клиенттерге арналған ұзақ мерзімді және қымбат емес алыс-берістер мен инвестициялар тарту бойынша басты агент.

    Мақсаттар

    - мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру мен арттыру;
    - өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту;
    - елдің экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға көмектесу.

    Банктің қағидаттары

    - әлеуметтік-экономикалық әсерлердің қолжетімділігі;
    - ЕДБ стратегиялық серіктестік;
    - жобалардың қайтарымдылығы, ақылығы және өтелімділігі негізіндегі шешімдерді қабылдау;
    - ҚР индустриялық-инновациялық саясатының міндеттерімен үйлесімділігі;
    - түсетін табыстарды жылыстатуға қарсы әрекет.