Банк стратегиясы

«Қазақстанның Даму Банкінің» (бұдан әрі – Даму Банкі) ұзақ мерзімді даму стратегиясы Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (№ 156 хаттама) бекітілген және 2023 жылға дейінгі дамудың стратегиялық мақсаттарын және маңызды бағыттарын айқындайды.
2017 жылдың 29 қыркүйегінде Даму Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен (№196-2017-07 хаттама) даму стратегиясы ағымдағы макроэкономикалық жағдай және жаңа бастамалар ескеріліп, өзектендірілді.

2023 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес жоспарланатын кезеңге Даму Банкі қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары мыналар болып табылады:
1) Несиелеу;
2) Қаржы ресурстарын басқару;
3) Корпоративтік басқару және жұмыстың ұйымдастырылуын жетілдіру.

2023 жылға дейінгі кезеңге жоғарыда аталған бағыттар бойынша Банктің стратегиялық мақсаттары мыналар болып табылады:

— 2014-2023 жылдар аралығында өңдеу өндірістерінің және өнеркәсіптік инфрақұрылымның дамуына шамамен 4,4 трлн. теңге салу;
— Банктің жалпы активтерінен несие қоржынының үлесін 2023 жылға қарай 77%-ға дейін ұлғайту;
— Банк жобалары қоржынының жоғары сапасын қамтамасыз ету –несие қоржынына провизиялар деңгейін 2023 жылға қарай 10%-дан аспайтын деңгейде сақтау;
— қарызға алудың жалпы құрылымындағы қарызға алудың мемлекеттік емес көздерінің үлесін 2023 жылға қарай кем дегенде 80%-ға дейін ұлғайту;
— несие қоржынындағы жеке меншік сектордың үлесін 2023 жылға қарай 70%-дан кем емес деңгейге дейін ұлғайту;