2009 жыл
- 28-сәуірде Мускат (Оман) қаласында ADFIAP жыл сайынғы кездесуі болып өтті. ADFIAP директорлар Кеңесінің марапаттар бойынша Комиссиясының шешіміне сәйкес Қазақстанның Даму Банкінің «Vtorma Ecology Co» ЖШС компаниясының қалдықты қайта өңдеу кешені құрылысы бойынша жобасы «Инфрақұрылымдық даму» дәрежесі бойынша ең үздік жоба марапатына ие болды, сонымен қатар Қазақстанның Даму Банкінің жылдық есебі Ассоцияция мүшелері арасындағы ең үздік есеп деп танылды.
2008 жыл
Азия және Мұхиттық елдердің қаржылық даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) жыл сайынғы кездесуінің аясында «Инновация және технология саласындағы үздік жобалар» номинациясында Қазақстанның Даму Банкінің екі жобасына марапаттаулар берілді. Аталған жобалар экономиканың энергияны сақтау және Қазақстан Республикасында көліктік-логистикалық желі құру салаларын дамытудың стратегиялық басымдықтарына сәйкес келді.
2007 жыл
«Euromoney» Халықаралық қаржылық басылымы Банкке «Корпоративтік басқару саласындағы Орталық және Шығыс Еуропадағы үздік жобалар» номинациясында марапаттады.
Банк қаржыландыратын «Биохим» өндірістік кешені» жобасы ADFIAP-тың «Технологияны дамыту саласындағы үздік жоба» номинациясында марапатталды.
2006 жыл
Банк қаржыландыратын «Транстелеком» АҚ «Астана-Алматы учаскесінде талшықты оптикалық байланыс желісін құру» және «KEGOC» АҚ Қазақстанның Солтүстiгі-Оңтүстiгі транзитiнiң 500 кВ екiншi электр беру желiсiнің құрылысы жөніндегі инфрақұрылымдық жобалары үшін ADFIAP «Азия және Тынық Мұхит елдеріндегі үздік инфрақұрылымдық жобалар» номинациясында марапаттады.
2005 жыл
Беделді халықаралық «Euromoney» қаржылық басылымы Банкке «Әлемдегі ең серпінді даму банкі» атағын берді.
2004 жыл
Банк қаржыландыратын «Түпқараған шығанағындағы теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту шеңберінде айлақ, алаң және жол салу» жобасы «Азия және Мұхиттық елдердегі ең жақсы инфрақұрылымдық жоба» номинациясында марапатталды.