Қазақстанның Даму Банкі

Кадрлық саясат

Кадрлық саясат 

Банк алдына қойылған міндеттерді шығармашылық жағынан шешуге қабілетті жоғары білікті қызметкер Банктің негізгі ресурсы болып табылады. Сондықтан Банкте қызметкерлердің әлеуметтік жағынан қорғалуына ерекше көңіл бөлінеді.

Адами әлеуетті дамыту Банктің кадр саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Дүниежүзілік даму институттарымен ынтымақтастықтың ауқымды желісінің арқасында Банктің қызметкерлері шетелдік даму банктерінде және басқа ұйымдарда біліктілігін арттырудан өтеді. Осы мақсатта Банкте Банк қызметкерлерін оқытуды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру ережесі әзірленді.

Жетекші шетелдік қаржы институттарының алдыңғы қатарлы іс-тәжірибесіне сүйене отырып, Банкте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызметкерлерінің іс этикасы кодексі» енгізілді. Қызметкерлердің кәсіби әлеуетін анықтау және дамыту үшін Қызметкерлерді бағалау және аттестаттау ережесі, Кадр резервін қалыптастыру ережесі, Кадрлардың орын ауысу ережесі және т.с.с. әзірленді.

Осы және Банктің кадр саясатының бағыттары туралы түсінік беретін басқа да құжаттар веб-сайттың осы бетінде берілген.

ҚДБ кадр саясаты
Іс этикасы кодексі
Бос лауазымдар
Бос лауазымдар
Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54