2009 жылдың 3 маусымынан Банкінің атқарушы орынының қызметі Банкінің басқармасын (алқа атқарушы орын) жүзеге асырып жатыр
Өзінің күнделікті іс-тәжірибесінде Банк корпоративтік басқарудың ең жоғары стандарттарын ұстануға ұмтылады және корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес осы саладағы жақсартулармен үнемі жұмыс істейді.
«Қазақстанның Даму банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банкте корпоративтік басқару мынадай қағидаттарға сәйкес құрылады:
- акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
- Банктің Директорлар кеңесін және атқарушы органды тиімді басқару;
- Банктің қызметі туралы ақпаратты ашудың айқындылығы мен объективтілігі;
- заңдылық және этика;
- тиімді кадр саясаты;
- қоршаған ортаны қорғау;
- корпоративтік шиеленістерді реттеу.
Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтаудың сөзсіз басымдығымен қатар Банкте корпоративтік басқару жүйесі клиенттердің, инвесторлардың, қоғамның және Банктің қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Банктің жалғыз акционері Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ болып табылады.
«Самұрық-Қазына» орнықты даму қорының негізгі мақсаты ұлттық даму институттары жүйесінде корпоративтік басқарудың біркелкі механизмдерінің стандарттарын жақсарту және оларды пайдалану болып табылады.
Корпоративтік басқарудың ең жақсы әлемдік тәжірибесін енгізу процесінің шеңберінде Банктің Жалғыз акционері мынадай міндеттерді белгіледі:
1. Мониторинг пен ішкі бақылауды стратегиялық жоспарлау жүйесін жетілдіру;
2. Ақпаратты ұдай ашу мен оның айқындылығын қамтамасыз ету;
3. Жалғыз акционермен өзара қарым-қатынас жүргізу;
4. Ішкі аудит қызметінің жұмысын жетілдіру;
5. Тәуекелдерді тиімді басқару жүйесін құру;
6. Персоналды тиімді басқаруды арттыру және Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының аса маңызды ресурсы ретінде персоналды дамыту;
7. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын енгізу.
2007 жылдан бері Қазақстанның Даму Банкі капиталдың жеткіліктілігі бойынша халықаралық талаптарды және Базель келісімін есепке ала отырып, сонымен қатар ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің талаптарын ескере отырып, қаржылық тәуекелдерді басқару әдістеріне көшуді жүзеге асыруды бастады.
Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің мүдделерін іске асыруды және құқықтарын қорғауды, Банктің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарын ұстана отырып, Банктің Директорлар Кеңесінің үш мүшесі Ұлттық әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ жалғыз акционері ұсынған тәуелсіз директорлар болып табылады.
Бүгінгі күні «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жанында мынадай тұрақты комитеттер құрылған: Тәуекелдер жөніндегі комитет, Аудит жөніндегі комитет және тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитет. Олардың қызметінің мақсаты Банк қызметінің негізгі салаларын терең зерделеу және бұл мәселелер бойынша Директорлар Кеңесіне консультация беру болып табылады.
Директорлар кеңесінің өз функцияларын толыққанды орындауы, Банктің құрылымдық бөлімшелерінің акционерлердің құқықтары мен мүдделерін іске асыруға кепілдік беретін рәсімдік талаптарды сақтауын қамтамасыз ету үшін Банктің корпоративтік хатшысы лауазымы енгізілді. (Байланыстар: Мылтыкбаев, тел. 8(7172)501992).
Менеджмент шешімдерінің барынша айқындылығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында Банк Банктің қызметі туралы ақпараттың қол жетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады, ол Банктің веб-сайтында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табады.
Банкте Банктің Ішкі аудит қызметі және тәуелсіз аудиторлық компаниялар мен рейтингтік агенттіктердің қаржылық есептіліктің дұрыстығын, Банктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерін тұрақты тексеруімен іске асырылатын тиімді сыртқы және ішкі бақылау жүйесі құрылған.
Euromoney мәртебелі халықаралық қаржы баспасы 2007 жылы берген «Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде корпоративтік басқару саласындағы үздік банк» марапаттауы жоғарыда айтылғандарға куә болады.
Марапаттауды берген кезде журналдың сарапшылары Банк Банктің акционері, Директорлар кеңесі мен менеджменті арасында өзара қарым-қатынастардың қолданыстағы тетігін құра алғандығын, корпоративтік мақсаттарды құру, банктің корпоративтік қызметінің және корпоративтік мінез-құлқының сенімді банк практикасы талаптарына, қолданыстағы заңнама мен нормативтік базаға сәйкес болуын қамтамасыз ету сияқты Банкті корпоративтік басқарудың аспектілері жетілдірілгенін атап өтті.
Корпоративтік басқару кодексі