Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
  • Қазақстанның Даму Банкі әлеуметтік-жауапты инвестициялау, экологиялық тұрғыдан табиғи таза өнім шығару жөніндегі жобаларды қаржыландыру, жаңа жұмыс орындарын құру, персоналға арналған әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру, демеушілік мен қайырымдылық және т.б. қоғамның тұрақты дамуының әлеуметтік факторларына жоғары дәрежелі мән береді.

    Қоғамның тұрақты дамуына қосқан үлесін сезіне отырып, Банк қызметі әсер ететін – акционерлер, клиенттер, инвесторлар, қызметкерлер құрамы, жеткізушілер, қауымдастық бизнесі, мемлекеттік басқару органдары мен жалпы жұртшылық сияқты тараптар тобының мүдделерін ескереді.

    Банк қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын, еңбек етуге, демалуға тиімді жағдай жасалуын, кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатуды қамтамасыз ету – басым бағытының бірі болып табылады.

    Банк қызметкерлерінің бастамасымен жекелеген тәртіпте ауру және мұқтаж балаларға, тұрақты түрде балалар үйі мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат балаларына киім, аяқ киім, ойыншық түрінде материалдық көмек көрсетіледі.

    Сонымен қатар, Даму Банкінің беделін нығайту мен ұнамды имиджін қалыптастыруға бағытталған түрлі іс-шаралар мен әлеуметтік жобаларға демеушілік қолдау көрсетуді Даму Банкі жүзеге асырады. ҚДБ тарапынан демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету Банктің Қайырымдылық және демеушілік ету саласындағы саясатына сәйкес жасалады. 

    Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ұстанымдарыы

    «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының корпоративтік әлеуметтік жаупкершілігі стратегиясы

    Демеушілік (қайырымдылық) көмек саласындағы саясаты