Корпоративтік шаралар
  • 12.12.2018
    Жарияланған акциялар саны шегінде акцияларды орналастыру (сату), оның ішінде орналастырылатын (сатылатын) акциялардың саны, оларды орналастыру (сату) тәсілі мен бағасы туралы
    1.Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 250 (екі жүз елу) дана мөлшеріндегі қарапайым акцияларын жарияланған акциялар шегінде, акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционерінің сатуы жолымен жалпы сомасы 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге бір қарапайым акция үшін 40 000 000 (қырық миллион) теңге бағасы бойынша орналастырылсын.
    2. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционеріне жалпы сомасы 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеге бір қарапайым акция үшін 40 000 000 (қырық миллион) теңге бағасы бойынша 250 (екі жүз елу) дана мөлшеріндегі акцияларды артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыру туралы ұсыныс жолдансын.
    3. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 29.11.2018
    2018 жылғы 29 қарашадағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі

    «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүдделілігі бар мәмілені, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілені бекіту туралы және еншілес ұйымды қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту туралы

    «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүдделілігі бар мәміле, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле бекітілсін және еншілес ұйымды қаржыландырудың негізгі шарттары бекітілсін:

    • Қарыз алушы: «ҚДБ-Лизинг» АҚ
    • Қарыз сомасы: 12 537 182 000 (он екі миллиард бес жүз отыз жеті миллион жүз сексен екі мың)
    • Валюта:теңге
    • Қарыз мерзімі: 20 (жиырма) жылға дейін
    • Сыйақы мөлшерлемесі: тиянақталған, жылдық 0,1% (нөл бүтін оннан бір пайыз)
  • 29.11.2018
    2018 жылғы 29 қарашадағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі

    «Өткізу келісімшарттары бойынша кейіннен сата отырып, глинозем дайындау мақсатында шикізат пен материалдарды сатып алуға, оларды кейінгі өңдеуге шығындарды қаржыландыру» «Қазақстан Алюминийі» АҚ экспорттық операциясының аясында, жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүдделілігі бар мәмілелерді бекіту туралы

    «Өткізу келісімшарттары бойынша кейіннен сата отырып, глинозем дайындау мақсатында шикізат пен материалдарды сатып алуға, оларды кейінгі өңдеуге шығындарды қаржыландыру» «Қазақстан Алюминийі» АҚ экспорттық операциясын іске асыру аясында жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүдделілігі бар мәмілелер бекітілсін:

    • Банк пен «Қазақстан Алюминийі» АҚ арасында бекітілетін 29.12.2015 жылғы №108-СМ-S/05 Кредит желісін ашу туралы келісімге қосымша келісім;
    • 29.12.2015 жылғы №108-СМ-S/05 Кредит желісін ашу туралы келісімнің аясында Банк пен «Қазақстан Алюминийі» АҚ арасында бекітілетін банктік қарыз шарты;
    • Банктің, «Қазақстан Алюминийі» АҚ және «Eurasian Resources Group S.a.r.l.» компаниясы арасында бекітілетін 30.12.2015 жылғы №368-ДГ-S/05 Кепілдік шартына қосымша келісім;
    • Банктің, «Қазақстан Алюминийі» АҚ және сыртқы құқықтық кеңесші арасында бекітілетін сыртқы құқықтық бағалауды жүргізу туралы келісім.
  • 29.11.2018
    2018 жылғы 29 қарашадағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі

    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ омбудсменін тағайындау туралы

    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ омбудсмені ретінде Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ тәуелсіз директоры Сайденов Анвар Галимуллаевич 2 жыл мерзімге тағайындалсын.

  • 30.10.2018
    Қазақстанның Даму Банкі» АҚ облигацияларын орналастыру қорытындылары туралы
  • 30.10.2018
    2018 жылғы 30 қазандағы тегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның «Цеснабанк» АҚ-мен жасалуында мүдделілік бар мәмілені және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілені бекіту туралы
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жасалуында мүдделілік бар мәмілені және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілені, «Цеснабанк» АҚ облигацияларын сатып алу жолымен бекітсін.
  • 30.10.2018
    2018 жылғы 30 қазандағы тегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен («Цеснабанк» АҚ) мәмілелерді бекіту туралы
    1. «Цеснабанк» АҚ-мен жасалуында мүдделілік бар мәмілелерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен (бұдан әрі – Банк) ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілелер бекітілсін:
    «Цеснабанк» АҚ-дағы Банктің корреспонденттік шот шарты, 2014 жылғы 30 қаңтардағы №ДБЗ 5-Z/05-04, 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №ДБЗ 146-Z/27, 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №ДБЗИ 177-Z/27, 2015 жылғы 16 наурыздағы №ДБЗИ 38-Z/27, 2015 жылғы 9 маусымдағы №135-ДБЗ-Z/27 банктік қарыз шарттарына, 2014 жылғы 27 қарашадағы №35-СМ-Z/27 кредит желісін ашу туралы келісімге қосымша келісімдер, бұзу туралы келісімдер: 2014 жылғы 30 қаңтардағы №ДБЗ 5-Z/05-04 банктік қарыз шартын, 2014 жылғы 27 қарашадағы №35-СМ-Z/27 кредит желісін ашу туралы келісімді және 2015 жылғы 23 сәуірдегі №20-СП-Z/27 агенттік келісімді.
    2. 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №ДБЗ 146-Z/27, 2015 жылғы 16 наурыздағы №ДБЗИ 38-Z/27 банктік қарыз шарттарына қосымша келісімдерді, 2015 жығы 23 сәуірдегі №20-СП-Z/27 агенттік келісімді бұзу туралы келісімді бекіту бөлігіндегі осы шешімнің қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №1276, 2015 жылғы 11 наурыздағы №124 қаулыларына өзгертулер енгізілген күннен бастап күшіне енеді.
  • 27.09.2018
    2018 жылғы 27 қыркүйектегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 млрд. теңге сомасына бірінші шығарылымның облигацияларының күшін жою туралы.
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге сомасына бірінші шығарылымның облигацияларының күші жойылсын.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 24.10.2018
    Ұлттық Банктің KZP01Y03F261 облигациялары шығарылымының күшін жоюы туралы
  • 27.09.2018
    2018 жылғы 27 қыркүйектегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 млрд. теңге сомасына бірінші шығарылымның облигацияларының күшін жою туралы.
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 000 000 000 (отыз миллиард) теңге сомасына бірінші шығарылымның облигацияларының күші жойылсын.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 07.09.2018
    2018 жылғы 7 қыркүйектегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамын жаңғырту» инвестициялық жобасының негізгі қаржыландыру шарттарын бекіту туралы және жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның мүдделігі бар мәмілелерді бекіту туралы
    1. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамының «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамын жаңғырту» инвестициялық жобасының (бұдан әрі – Жоба) негізгі қаржыландыру шарттары бекітілсін
    2. «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» акционерлік қоғамымен кредит желісін ашу туралы келісім, кредит желісін ашу туралы келісімнің аясында банктік қарыз шарттары, сондай-ақ жасалуында «Қазақсстанның Даму Банкі» АҚ-ның мүдделігі бар мәмілелер сияқты Жобаны іске асыру үшін қажетті басқа шарттар бекітілсін.
  • 24.08.2018
    Облигациялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер
  • 23.08.2018
    Акциялар шығарылымы проспектісіне өзгерістер
  • 02.07.2018
    2018 жылғы 2 шілдегі Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 (отыз) миллиард теңге сомасына бірінші шығарылым облигацияларын сатып алу және оларды сатып алу бағасы туралы 1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ екінші облигациялық бағдарламасының шегінде 30 (отыз) миллиард теңге сомасына бірінші шығарылым облигациялары (KZP01Y03F261) (бұдан әрі – облигациялар) сатып алынсын және сатып алу бағасы бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында облигациялардың номиналды құнынан 104,55 (жүз төрт бүтін жүзден елу бес) % аспайтын мөлшерде айқындалсын. 2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 29.06.2018
    2018 жылғы 29 маусымдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) мүдделілігі бар «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен мәмілені және Банкпен жылжымайтын мүлікті мүліктік жалға беру жөніндегі ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілені бекіту туралы.
    Жасалуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүдделілігі бар мәміле және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен жылжымайтын мүлікті мүліктік жалға (жалгерлікке) беру жөніндегі ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле келесі негізгі шарттарда бекітілсін:
    жалдау мерзімі – 2018 жылдың 15 маусымынан 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін;
    1 ш. метрді жалдау құны (теңге) – ҚҚС қосқанда 7 000 теңге;
    жалға берілетін кеңсе жайларының көлемі – 1 966 шаршы метр;
    жалға берілетін кеңсе жайларының орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, Z05ТЗE2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55 А ғимарат, 15 т.е.ж.
    Мүліктік жалға беру (жалгерлік) шартының бекітілуі сатып алу рәсімдерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылсын.
  • 25.06.2018
    Дивидендтерді төлеу туралы ақпарат
    "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Банк) 2018 жылдың 25 маусым күні Банктің Жалғыз акционерінің 2018 жылдың 04 сәуіріндегі шешіміне (12/18 хаттама) сәйкес Банктің Жалғыз акционері "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға 2017 жылға 1 428 367 440,83 (бір миллиард төрт жүз жиырма сегіз миллион үш жүз алпыс жеті мың төрт жүз қырық) теңге 83 тиын көлемінде дивидендтер төлемін жасағаны туралы хабарлайды.
  • 31.05.2018
    22018 жылғы 31 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Жасалуында мүдделілігі бар мәмілелерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен («Цеснабанк» АҚ) мәмілелерді бекіту туралы
    1. «Цеснабанк» АҚ-мен 2015 жылғы 16 наурыздағы №ДБЗИ 38-Z/27 және 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №ДБЗ146-Z/27 банктік қарыз шарттарына, қарыздар сомасын жасалуында мүдделілігі бар мәмілелер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен («Цеснабанк» АҚ) мәмілелер ретінде ұлғайтатын өзгерістерді енгізу туралы қосымша келісімдер бекітілсін.
    2. Осы шешімнің 1-тармағы Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын өңдеу өнеркәсібіндегі ірі кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің арасында қайта бөлу мәселесі бойынша оңды шешімді қабылдаған шартта күшіне енеді.
  • 31.05.2018
    2018 жылғы 31 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұйымдық құрылымына өзгеріс енгізу туралы
    1. Осы хаттамаға №2 қосымшаға сәйкес, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен (№196-2017-07 хаттама) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ұйымдық құрылымына өзгеріс енгізілсін.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы Б.Б. Жәмішев осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 31.05.2018
    2018 жылғы 31 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімімен (№ 202-2018-03 хаттама) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы және корпоративтік хатшылығы туралы қағидаға толықтырудың енгізілуін бекіту туралы
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 наурыздағы шешімімен (№ 202-2018-03 хаттама) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ корпоративтік хатшысы және корпоративтік хатшылығы туралы қағидаға (бұдан әрі – Қағида) келесі өзгерістердің енгізілуі бекітілсін:
    1) Қағиданың 4-тарауының 15-тармағының 5-тармақшасындағы «дайындауға қатысады» сөздері «дайындауды жүзеге асырады» сөздеріне алмастырылсын;
    2) Қағиданың 4-тарауының 22-тармағы келесі мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
    «2-1) жылына кем дегенде 1 (бір) рет, үздік тәжірибелерді зерделеу негізінде Банктің корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және Банктің Директорлар кеңесінің тиісті комитетіне ұсыну.»
  • 31.05.2018
    2018 жылғы 31 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаларын сақтау туралы есепті бекіту туралы
    Осы хаттамаға №3 қосымшаға сәйкес, 2017 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексінің қағидаларын сақтау туралы есеп бекітілсін.
  • 17.05.2018
    2018 жылғы 17 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасасуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүддесі бар мәмілені, және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілені бекіту туралы және еншілес ұйымды қаржыландырудың негізгі шарттарын бекіту туралы
  • «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен жасасуында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мүддесі бар мәміле, және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәміле жасалсын және еншілес ұйымды қаржыландырудың мынадай негізгі шарттары бекітілсін: Займ алушы (заңды тұлғаның атауы) - «ҚДБ-Лизинг» АҚ; Займ сомасы – 12 500 000 000 теңге, оның ішінде 10 000 000 000 (он миллиард) – бюджеттік қаражат, 2 500 000 000 (екі миллиард бес жүз миллион) - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ өз қаражаты; Валютасы – теңге; Займ мерзімі – 2027 жылғы 6 сәуірді қоса алғанға дейін; Сыйақы мөлшерлемесі – бюджеттік қаражат бойынша – жылдық 0,2 % (нөл бүтін оннан екі пайыз), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қаражаты бойынша – жылдық 10,61 % (он бүтін жүзден алпыс бір пайыз)

  • 17.05.2018
    2018 жылғы 17 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру мониторингін және «Қазақстаннның Даму Банкі» АҚ 2023 жылға дейінгі 2017 жылдан бастап 2019 жылғы кезеңге арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын 2017 жыл үшін бекіту туралы
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2014 жылғы 14 шілдедегі шешімімен (хаттама №156) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ 2014-2023 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыру мониторингі 2017 жыл үшін осы хаттамаға №5 қосымшаға сай бекітілсін.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен (хаттама №196-2017-07) бекітілген «Қазақстаннның Даму Банкі» АҚ 2023 жылға дейінгі 2017 жылдан бастап 2019 жылғы кезеңге арналған даму стратегиясын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары 2017 жыл үшін осы хаттамаға №6 қосымшаға сай бекітілсін.
  • 17.05.2018
    2018 жылғы 17 мамырдағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 28 мамырдағы шешімімен (хаттама №113) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Ақпараттық саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
    «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 28 мамырдағы шешімімен (хаттама №113) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Ақпараттық саясатына өзгерістер мен толықтырулар осы хаттамаға №11 қосымшаға сай енгізілсін.
  • 25.04.2018
    Акционерлік қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы
  • 30.03.2018
    2018 жылғы 30 науырыздағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы
    Арифханов Айдар Абдразахович "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлансын
  • 30.03.2018
    2018 жылғы 30 науырыздағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Т«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Орташа мерзімді бағалы қағаздарды шығару жөніндегі бағдарламасының көлемін 3 000 000 000 (үш миллиард) АҚШ долларына дейін қоса алғандағы сомаға өзгерту арқылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ міндеттемелерін меншікті капиталының көлемінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту, ірі мәмілені бекіту
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Орташа мерзімді бағалы қағаздарды шығару жөніндегі бағдарламасының көлемін 3 000 000 000 (үш миллиард) АҚШ долларына дейін қоса алғандағы сомаға өзгерту арқылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ міндеттемелері меншікті капиталының көлемінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайтылсын және келесі шарттарда ірі мәміле бекітілсін:
    а) мәміленің атауы - «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Орташа мерзімді бағалы қағаздарды 3 000 000 000 (үш миллиард) АҚШ долларына дейін қоса алғандағы сомаға шығару жөніндегі бағдарламасы;
    б) мәміленің тараптары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, әлеуетті инвесторлар және Бағдарламаның шегінде бағалы қағаздардың шығарылымдарының аңдатпаларының шарттарына сәйкес басқа тұлғалар;
    в) мәміленің мерзімдері және орындалу шарттары – Бағдарламаның шегінде бағалы қағаздардың шығарылымының аңдатпаларының шарттарына сәйкес;
    г) еліктірілген тұлғалардың қатысу үлестерінің сипаты және көлемі – Бағдарламаның шегінде бағалы қағаздардың шығарылымының аңдатпаларының шарттарына сәйкес.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 30.03.2018
    2018 жылғы 30 науырыздағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Төртінші облигациялық бағдарламаның шегінде 43 492 000 000 (қырық үш миллиард төрт жүз тоқсан екі миллион) теңге сомаға облигациялардың жетінші шығарылымы және оның шығарылу шарттарын айқындау туралы және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталының көлемінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту туралы
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ міндеттемелері оның меншікті капиталының мөлшерінің он және одан көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайтылсын және төртінші облигациялық бағдарламаның шегінде облигациялардың жетінші шығарылымы 43 492 000 000 (қырық үш миллиард төрт жүз тоқсан екі миллион) теңге сомасына бекітілсін және осы хаттамаға №5 қосымшаға сәйкес шығару шарттары айқындалсын.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
  • 12.03.2018
    2018 жылғы 12 науырыздағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Жасасуында мүддесі бар мәмілелерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілелерді жасасу туралы («Банк ЦентрКредит» АҚ) 
    «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен 2015 жылғы 28 сәуірдегі №70-ДБЗ-А/27 және 2018 жылғы 12 қаңтардағы №9-ДБЗ-А/27 банкілік қарыз шарттарына, отандық өндірістегі жеңіл автокөлік үлгілерінің тізіміне өзгерістер енгізу туралы, жасасуында мүддесі бар мәмілелер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғамен мәмілелер ретіндегі қосымша келісімдер жасалсын.
  • 15.02.2018
    2018 жылғы 15 ақпандағы Банк Директорлар кеңесінің шешімі
    Жасасуында мүддесі бар мәмілелерді, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелерді жасасу туралы («Цеснабанк АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ) 
    «Цеснабанк» АҚ-мен 2014 жылғы 27 қарашадағы №35-СМ-Z/27 несие желісін ашу туралы келісімге, 2014 жылғы 30 қаңтардағы №ДБЗ 5-Z/05-04, 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №ДБЗ 146-Z/27, 2015 жылғы 16 наурыздағы №ДБЗИ 38-Z/27 банкілік қарыз шарттарына, «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен 2014 жылғы 10 желтоқсандағы №157-ДБЗ-А/27, 2014 жылғы 30 қаңтардағы №ДБЗ 6-Z/05-04, 2015 жылғы 16 наурыздағы №ДБЗИ 35-А/27 банкілік қарыз шарттарына, «Цеснабанк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ міндеттемелері толықтырылатын және өзгертілетін, жасасуында мүддесі бар мәмілелер және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-мен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелер ретіндегі қосымша келісімдер жасалсын.