Корпоративтік басқарудың қағидаттары мен міндеттері

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банкте корпоративтік басқару мына төмендегі қағидаттардан құрылады: 

  • акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;  
  • Директорлар кеңесі мен атқарушы органының Банкті тиімді басқару; 
  • Банк қызметі туралы ақпаратты ашып көрсету айқындығы мен әділдігі;
  • заңдылық пен этика;
  • тиімді кадрлық саясат;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • корпоративтік жанжалдарды ретке келтіру;

Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтаудың шартсыз басымдылығымен қатар, Банктегі корпоративтік басқару жүйесі клиенттердің, инвесторлардың, қоғам пен Банк қызметіне барлық мүдделі тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.  

Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің мүдделерін жүзеге асыру мен құқытарын қорғауды, Банк алдындағы стратегиялық міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың жалпы қоғам қабылдаған қағидаттарды қолдана отырып, Банктің Директорлар кеңесінің екі мүшесі «Байтерек» ҰБХ» АҚ жалғыз акционерімен ұсынылған тәуелсіз директорлар болып табылады.  2017 жылы 10 күндізгі және 6 сырттай отырыс өткізілді, нәтижесінде қаралған 135 мәселе бойынша шешім қабылданды. 

2007 жылдан бастап Қазақстанның Даму Банкі капиталдың жеткіліктілігі бойынша халықаралық талаптар мен Базель келісімдерін, сондай-ақ ҚР Қаржы нарығын қадағалауды реттеу агенттігінің талаптарын есепке ала отырып қаржы тәуекелдерін басқару және ішкі бақылауды ұйымдастыру әдістеріне көшуді жүзеге асыра бастады.  

2009 жылдың маусым айынан бастап Банктің атқарушы органының функцияларын алқалы орган, Банк Басқармасы жүзеге асырады.   

Банкте корпоративтік басқару тәжірибесінің тиімділігін бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Банктің Директорлар кеңесі мерзімді негізде Банктің Корпоративтік басқару кодексінің бекітілген қағидаттарын қолдану туралы есепті қарайды. 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банктің корпоративтік басқару кодексінің бекітілген қағидаттарын қолдану туралы есеп мақсаты Банк қызметінің күнделікті тәжірибесіне халықаралық стандарттарға жауап беретін, заңнаманың талаптарын шартсыз сақтау ғана емес, сондай-ақ іскерлік қауымдастықтың барлық қатысушылары үшін ортақ іскерлік мінез-құлықтың этикалық нормаларын қолдануға негізделген корпоративтік қылықтың тиісті нормалары мен дәстірлерін қалыптастыру мен енгізу болып табылатын Кодекстің талаптарына сәйкес дайындалды.  

Бүгінгі таңда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесі жанында келесі тұрақты комитеттер құрылды: Тәуекелдер жөніндегі комитет, Кадрлар, сыйақылар және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет және Стратегиялық жоспарлау жөніндегі комитет. Олардың қызмет мақсаты Банк қызметінің жекелеген салаларын мұқият зерттеу және барлық Директорлар кеңесіне осы мәселелер бойынша кеңес беру болып табылады.  

Директорлар кеңесінің өз функцияларын толық орындау, Банктің құрылымдық бөлімшелерімен акционерлердің құқытары мен мүдделерін жүзеге асыруға кепілдік беретін рәсімдік талаптардың сақталуын қамтамасыз ету үшін Корпоративтік хатшылық жұмыс істейді. Корпоративтік хатшылықтың байланыс телефоны  — Касенова Айман +7(7172) 79 26 44.   

Банкте Банктің Ішкі аудит қызметімен жүзеге асырылатын, тәуелсіз компаниялардың Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары (ҚЕХС) сәйкестігіне Банктің қаржы есептілігін тұрақты тексерулерімен ішкі және сыртқы бақылаудың тиімді жүйесі құрылған.  

Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігiн қамтамасыз ету мақсатында Банктің веб-сайтында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында бейнеленген Банк қызметі туралы ақпаратқа қолжетімділік пен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.  

2007 жылы Банкке Euromoney беделді халықаралық қаржы баспасымен «Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде корпоративтік басқару саласындағы үздік банк» ретінде марапат беру жоғарыда айтылғанға растаушы болады. Журнал сарапшыларымен марапат беру кезінде Банк акционер, Директорлар кеңесі мен Банк менеджментінің арасында қарым-қатынастың әрекетті тетігін құра алғандығы атап бағалады, корпоративтік мақсаттар қою, Банктің корпоративтік қызметі мен корпоративтік қылықы сенімді банк тәжірибесінің талаптарына, қолданыстағы заңнама мен нормативтік базаға сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде Банктің корпоративтік басқару аспектілері жетілдірілді.