Жалғыз акционер шешімі
  • 12.12.2018
    2018 жылғы желтоқсандағы Жалғыз акционер шешімі
    1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі туралы ережесі осы хаттамаға №5 қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
    2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1. "Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Басқармасының 2018 жылғы 12 қаңтардағы шешімімен (№01/18 хаттама) бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесі туралы ереже;
      2. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен (№41/14 хаттама) бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің қызметін бағалау туралы ереже;
    3. "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы Басқармасының 2017 жылғы 25 қазандағы шешімімен (№41/17 хаттама) бекітілген Жалғыз акционердің шешімімен бекітілуге жататын "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының ішкі қызметін реттейтін құжаттардың тізбесінен реттік нөмірі 7 жол алынып тасталсын.
    4. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Басқармасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 
  • 24.10.2018
    2018 жылғы 24 қазандағы Жалғыз акционер шешімі
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің құрамы 7 (жеті) адам мөлшерінде айқындалсын.
    2. Анвар Галимуллаевич Сайденов 3 (үш) жылды құрайтын өкілеттіктер мерзімімен «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры болып сайлансын.
  • 25.09.2018
    2018 жылғы 25 қыркүйектегі Жалғыз акционер шешімі
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің мүшесі Жанат Жалғасбайұлы Алимановтың өкілеттіктері 2018 жылғы 28 қыркүйектен бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің сандық құрамы айқындалсын - 6 (алты) адам.
    3. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
    4. Осы шешім «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.
  • 11.07.2018
    2018 жылғы 11 шілдегі Жалғыз акционер шешімі
    1. Осы хаттамаға № 1 қосымшаға сәйкес «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы шешімімен (№ 41/14 хаттама) бекітілген «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін. 2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы Басқарманың төрағасы Б.Б. Жәмішевке «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жарғысына өзгерістер мен толықтыруға қол қою құқығы берілсін. 3. Осы шешім «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жалғы акционерінің шешімі болып табылады.
  • 31.05.2018
    2018 жылғы 31 мамырдағы Жалғыз акционер шешімі
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» А) 2017 жыл үшін Жылдық есебі осы хаттаманың №3 қосымшасына сай бекітілсін.
    2. Осы шешім «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.
  • 04.04.2018
    2018 жылғы 4 сәуірдегі Жалғыз акционер шешімі
    1. Қоғамның 2017 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған жылдық қаржылық есебі осы хаттамының № 14, 15 қосымшаларына сай бекітілсін.
    2. 4 761 224 802,76 теңге (төрт миллиард жеті жүз алпыс бір миллион екі жүз жиырма төрт мың сегіз жүз екі теңге жетпіс алты тиын) көлеміндегі 2017 жылдың қызмет нәтижелері бойынша табылған Қоғамның таза табысын үлестіруідің келесі тәртібі бекітілсін:
    1) таза табыстың 30 (отыз) % құрайтын 1 428 367 440,83 теңге (бір миллиард төрт жүз жиырма сегіз миллион үш жүз алпыс жеті мың төрт жүз қырық теңге сексен үш тиын) көлеміндегі сома «Бәйтерек» ҰӘҚ» АҚ-на дивиденд төлеуге жұмсалсын;
    2) таза табыстың 70 (жетпіс) % құрайтын 3 332 857 361,93 теңге (үш миллиард үш жүз отыз екі миллион сегіз жүз елу жеті мың үш жүз алпыс бір теңге тоқсан үш тиын) көлеміндегі таза табыстың қалған бөлігі өткен жылдарда жинақталған залалдарды азайту есебіне Қоғамның иелігінде қалсын;
    3) 2017 жыл бойынша бір жай акцияға есептелген дивидендтер мөлшері 678,03 теңге (алты жүз жетпіс сегіз теңге үш тиын) болып бекітілсін;
    4) дивидендтер 2018 жылғы 25 маусымнан бастап төлене басталсын;
    5) дивидендтер Қоғам акцияларының ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде көрсетілген Жалғыз акционердің банктік шотына аудару жолымен төленсін. Қоғам деректемелері:
    БСН - 010540001007,
    тұрған жері: Қазақстан Республикасы, Z05M9Y2, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10-үй,
    IBAN KZ17907A285300000001 «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, Астана қ.,
    БСК DVKAKZKA.
    3. 2017 жыл үшін Қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттеріне Қоғамның Жалғыз акционерінің өтініштері болмағандығы туралы ақпарат назарға алынсын.
    4. 2017 жылдағы Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқарма мүшелерінің сыйақыларының мөлшері мен құрамы туралы ақпарат назарға алынсын.
    5. Қоғамның Басқарма Төрағасы осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын.
    6. Осы шешім Қоғамның Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.
  • 07.03.2018
    2018 жылғы 7 наурыздағы Жалғыз акционер шешімі
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ директорлар кеңесінің сандық құрамы 2018 жылғы 13 наурыздан бастап 3 (үш) жыл өкілеттік мерзімімен 7 (жеті) адам болып белгіленсін.
    2. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейінгі мерзіммен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ директорлар кеңесінің мүшелері болып сайлансын:
    - Арифханов Айдар Абдразахович, Жалғыз акционердің өкілі;
    - Таджияков Галымжан Бисенгалиевич, Жалғыз акционердің өкілі;
    - Биртанов Есжан Амантаевич, Жалғыз акционердің өкілі;
    - Жамишев Болат Бидахметович, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы;
    - Марсия Элизабет Кристиан Фавале, тәуелсіз директор;
    - Алиманов Жанат Жалгасбайулы, тәуелсіз директор;
    - Антонио Сомма, тәуелсіз директор.
  • 31.01.2018
    2018 жылғы 31 қаңтардағы Жалғыз акционер шешімі
    Биртанов Есжан Амантаевич "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің жалпы өкілеттік мерзімі аяқталған мерзімге дейінгі өкілеттік мерзімімен Жалғыз акционердің өкілі ретінде "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлансын.
  • 12.01.2018
    2018 жылғы 12 қаңтардағы Жалғыз акционер шешімі
    1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі жөніндегі ереже осы хаттаманың №__ қосымшасына сай бекітілсін.
    2. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқармасының шешімімен 2014 жылғы 24 желтоқсанда бекітілген (хаттама №41/14) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі жөніндегі ереженің күші жойылды деп танылсын.
    3. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Басқармасы осы шешімнен туындайтын іс-шараларды жүзеге асырсын. Осы шешім «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Жалғыз акционерінің шешімі болып табылады.