Қазақстанның Даму Банкі

Сұрақтар-жауаптар

1. Банктің қызметі қандай құжаттармен реттеледі?

Банк «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2001 жылғы 25 сәуірде құрылды. Банктің қызметі осы арнайы Заңмен, Банктің Жарғысымен және Кредит саясаты туралы меморандуммен, сондай-ақ ішкі құжаттармен реттеледі.

2. Банк қызметінің мақсаты?

Мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу Банк қызметінің мақсаттары болып табылады.

3. Банктің акционерлері кімдер?

Банктің жалғыз акционері «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ болып табылады.

4. Банктің кредиттерін кім алады? Жеке тұлға Банктен кредит ала алады ма?

Өзінің кредит қабілеттілігін, төлеу қабілеттілігін және қаржы тұрақтылығын растаған заңды тұлғалар ғана Банктің кредитін алушылар болады.

5. Банк қызметінде қандай кредит беру түрлері қолданылады?

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді кредит беру, оның ішінде инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру;

Бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда қазақстандық тауарлардың сыртқы нарықтарға шығуына ықпал ететін экспорттық операцияларға кредит беру.

6. Банк қандай салалардағы жобаларға кредит береді?

Банк Банктің кредит қызметі туралы меморандумда белгіленген салалық инвестициялық басымдықтарға сәйкес өзінің кредиттік қызметін жүзеге асырады. Осы басымдықтар мұнай мен газды барлау және өндіру саласын қоспағанда, экономиканың барлық салаларын қамтиды.

7. Банк кредиттер беруінің шарттары қандай?

Инвестициялық жобалар

Мерзімдері

Инвестициялық жобаларға кредит беру кезінде кредиттер берудің мынадай мерзімдері белгіленеді:

- орта мерзімді инвестициялық кредиттер (5 жылдан 10 жылға дейін);

- ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттер (10 жылдан 20 жылға дейін).

Валюта

Инвестициялық жобаларға кредит беру инвестициялық жобалардың шарттарына сәйкес ұлттық валютада және шетелдік валютада жүзеге асырылады.

Кредиттің сомасы

Даму Банкі инвестициялық жоба бойынша беретін кредиттің ең аз сомасы 5 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгіленеді.

Шешім қабылдау тәртібі

Банктік сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытынды алған инвестициялық жобаға кредит беру мәселесі Даму Банкінің Кредит комитетінің қарауына шығарылады. Даму Банкінің Кредит комитеті оң шешім қабылдаған кезде инвестициялық жобаға кредит беру Даму Банкінің Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады, ол жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

Экспорттық операциялар

Мерзімдері

Экспорттық операцияларға кредит беру кезінде мерзімі экспорттық операциялардың шарттарына қарай анықталады.

Валюта

Экспорттық операцияларға кредит беру экспорттық операцияның шарттарына сәйкес ұлттық валютада және шетелдік валютада жүзеге асырылады.

Кредит сомасы

Даму Банкі экспорттық операция бойынша беретін кредиттің ең аз сомасы 1 млн. АҚШ долларына баламалы мөлшерде анықталады.

Шешім қабылдау тәртібі

Банктік сараптаманың нәтижелері бойынша оң қорытынды алған экспорттық операцияға кредит беру туралы мәселе Даму Банкі Кредит комитетінің қарауына шығарылады.

5 млн. АҚШ долларына баламалы сомадан аспайтын мөлшердегі экспорттық операцияға кредит беру жөніндегі шешімді Даму Банкінің Кредит комитеті қабылдайды.

5 млн. АҚШ долларына баламалы сомадан асатын мөлшердегі экспорттық операцияға кредит беру кезінде Даму Банкінің Кредит комитеті оң шешім қабылдаған кезде экспорттық операция Директорлар кеңесінің қарауына шығарылады, ол экспорттық операцияны қаржыландыру туралы шешім қабылдайды.

8. Банктің офистері қандай қалаларда орналасқан?

Банктің Алматы қаласында, Мәскеу қаласында (Ресей Федерациясы), Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы), Пекин қаласында (Қытай) өкілдікті офистері ашылған және жұмыс істейді.

9. Банк гранттар немесе қаржылық көмек бере ме?

Қазақстан Республикасының заңнамасымен Банктің грант көмегін көрсетуі көзделмеген, ал жеңілдікті шарттар бойынша кредиттер беруге тікелей тыйым салынған.

10. Жобаларды қаржыландыру кезінде сіздер экологиялық аспектілерге көңіл бөлесіздер ме?

Банк инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іріктеген кезде экологиялық талаптардың сақталуы негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады

11. Банк қысқа мерзімді кредиттер бере ме?

Жоқ. Банк инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды орта және қысқа мерзімді қаржыландыруды ғана жүзеге асырады.

12. Инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды іріктеу кезінде Банк қандай өлшемдерді ұстанады?

- Инвестициялық жобалардың осы Меморандумда анықталған басымдықтарға сәйкес келуі;

- Жобаның рентабельділігі мен орынының толтырылуы;

- Жобаны іске асыру нәтижесінде құрылатын өнімнің сатылуының қамтамасыз етілуі және шикізат базасының жетімділігі;

- Жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізділігі;

- Экологиялық талаптардың сақталуы;

- Жобалау құжаттамасының сапасы мен толықтығы;

- Институционалдық пысықталуы, білікті менеджменттің болуы;

- Кредитті қамтамасыз етудің болуы;

- Қарыз алушыға қойылатын талаптардың орындалуы (кредит қабілеттілігі, төлемге қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылығы және т.б.)

Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54