Несие желісін беру туралы келісім
- Сәуірде Елбасы Н. Назарбаевтың ҚХР-на сапары кезінде энергетика саласы бойынша серіктестік туралы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкі арасында 5 млрд, АҚШ долларына Шекті келісім жасалды.
- Сәуірде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкі арасында құны 100 млн. АҚШ доллары болатын жеңілдікті несие желісін беру туралы келісім жасалып, қол қойылды.
- Тамыз айында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкі энергетика саласы бойынша серіктестік ету шеңберінде 5 млрд. АҚШ доллары көлемінде несиелік қаражат беру туралы өзара шартқа қол қойды.
- Қазан айында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ мен Қытайдың экспорттық-импорттық банкі арасында 1,5 млрд. АҚШ долларына Дербес несиелік келісім жсалды.
- Қыркүйекте «Қазақстанның Даму Банкі» мен BNP Paribas арасында құрамында еуропа елдерінен жабдықтардың және/немесе тауарлардың экспорты кіретін Банк жобаларын қаржыландыру үшін 200 млн. евроға Шекті келісім жасалды.
- Қазан айында Ақшабұлақ кен орнында газқұбырлық электр бекетінің құрылысы жобасын жүзеге асыру үшін қосымша еуропалық жабдықтардың жеткізілуін қаржыландыруға «Қазақстанның Даму Банкі» мен BNP Paribas арасында 10,2 млн. евроға Дербес несиелік келісім жасалды.
ҚДБ ұйымдастырған шаралар
- Қыркүйек айында Банкте Қытайдың мемлекеттік даму банкі мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның әлемдік қаржылық дағдарысты жеңу және екі ел арасындағы қаржы саласындағы өзара әрекеттестік мәселелеріне арналған бірлескен тәжірибелік семинары болып өтті.
- Қаңтарда Қазақстанның Даму Банкі беделді халықаралық қаржы баспасы Euromoney-дан «Корпоративтік басқару саласындағы үздік банк» атағының иегері болды.
- Тамызда Шанхай ынтымақтастық ұйымының Банкаралық бірлестігінің III-отырысына қатысушылардың шешімімен Қазақстанның Даму Банкі ШЫҰ БАБ Төрағасы болып сайланды.
- Маусымда Банк бір топ отандық екінші деңгейдегі банктерімен Жобаларды бірлесіп қаржыландыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
- Қыркүйекте Банктің жалғыз акционері «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Президенті болып Жанат Шәмішұлы Жаканов тағайындалды.
- Қазақстанның Даму Банкінің көмегімен мынадай инвестициялық жобалар қолданысқа енгізілді:
- «Нимекс-Текстиль» ЖШС «Өскемен қаласындағы жібек маталар комбинатындағы тоқыма өндірісін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы;
- «Ютекс» АҚ «Мақта-мата және трикотаж ішкі киімдерін шығару бойынша өндірісті ұйымдастыру (Шымкент, ОҚО)» жобасы;
- «Vita» АҚ «Шығарылатын тағамдық өнімдердің көлемі мен түрлерін ұлғайту мақсатында майлы дақылдардың тұқымдарын қайта өңдеу бойынша VITASOY зауытын кеңейту (Алматы қ.)»;
- «Синергия» ЖШС «Ақмола облысындағы құрылыс материалдарын шығаратын зауыт»;
2006 жыл
- Қазақстанның Даму Банкі «Қазына» орнықты даму қорының тобына кіреді.
- 2006 жылы, сол сәттегі қазақстандық эмитенттер еурооблигацияларының ең «арзан» және «ең ұзақ» шығарылымы болған Қазақстанның Даму Банкінің жылдық 6% купондық сыйақы ставкасымен өтеу мерзімі 2026 жылға дейінгі еурооблигациялар шығарылды және оңтайлы орналастырылды. Шығарылымға Қазақстан Республикасының егеменді рейтингінен жоғары рейтинг берілді.
- Мамыр айында Асқар Болатұлы Сембин Банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Президенті болып тағайындалды.
- Қазақстанның Даму Банкінің көмегімен мынадай инвестициялық жобалар қолданысқа енгізілді:
- «Caspian Beverage Holding» АҚ «Сусындар мен минералды су өндірісін кеңейту және жаңарту (Алматы қ.)»;
- «Казэнергокабель» АҚ «XLPE-ні оқшауландырумен кабельдік-өткізгіштік өнімдердің өндірісін кеңейту»;
- «Агромашхолдинг» АҚ «Ауыл шаруашылық техникасына қызмет көрсету бойынша сервистік орталықтар желілерін қайта жаңғырту және құру Қостанай қ.» Зауытты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты;
- «Астана Полиграфия» АҚ «Кітап өнімдерінің өндірісі бойынша технологиялық желіні енгізу (Астана қ.)»;
- «Biohim компаниясы» АҚ «Биоэтанол, ұлпа және басқа да өнім түрлерін өндіру бойынша «Биохим» өндірістік кешенін құру» жобасы; Зауытты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты;
- «Казмортрансфлот» ҰТКҚК» АҚ «Теңіз операцияларын қолдау флотын салу және сатып алу (Маңғыстау обл.)».
2005 жыл
- Қазақстан Даму Банкі ТМД-да бірінші болып үш жетекші рейтингтік агенттіктердің: Standard & Poor”s -“BBB”/Тұрақты/ “A-3”, Fitch Rating -“BBB”/Оңтайлы/BBB/+, Moody,s – А2/Тұрақты - барлығынан суверенді деңгейдегі рейтинг алды.
- Мамыр айында Банк “Euromoney” талдамалық қаржылық басылымы берген «Әлемдегі ең динамикалық даму банкі» атағының иегері болды.
- Қыркүйекте Қазақстанның Даму Банкі ұсынған қаржылық құралдарды кеңейту мақсатында Қазақстанның Даму Банкінің еншілес ұйымы «ҚРБ-Лизинг» АҚ құрылды.
- Өтеу мерзімі 2020 жылғы еурооблигациялар шығарылды.
- Желтоқсанда Мәскеу қаласында Банк Өкілдігін ашуға Ресей Федерациясының Орталық Банкінің рұқсаты алынды.
- Қазақстанның Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен мынадай инвестициялық жобалар пайдалануға енгізілді:
- «Меланж» АҚ «Мақта-мата маталарын және өнімдерін шығару бойынша тоқымашылық және бояу-өңдеу өндірісін қайта құру (Шымкент қаласы)»;
- «Кенащы агрофирмасы» ЖШС «Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дәнді қайта өңдеу және ауыл шаруашылық алқаптарын кеңейту бойынша жаңа өндірістер құру»;
- «Южполиметалл» ӨК» АҚ «Южполиметалл» ӨК» АҚ-ғы жол бұрушы аударушыларды реновациялау және әзірлеу»;
- «Транстелеком» АҚ «Астана-Алматы учаскесінде талшықты оптикалық байланыс желісін құру»;
- «Ютекс» АҚ «Мақта талшығының иіржібін өндіру». Зауытты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты;
- «Vita» АҚ «Майлы дақылдардың тұқымдарын қайта өңдеу бойынша VITASOY: 2-кезең – экстракция және қайта этерификация цехтарын құру жолымен зауытты кеңейту»;
- «Амитех Астана» ЖШС «Астана қаласында шыны-пластикалық құбырлар өндірісін ұйымдастыру»;
- «Хобас Пайпс Қазақстан» ЖШС «Ақтөбе қаласында шыны талшығымен нығайтылған полиэфирден жасалған құбырлар мен фитингілер өндірісі бойынша зауыт салу». Зауытты ашу рәсіміне Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысты;
- «ҚазРуно» АҚ «Жүнді дайындау және қайта өңдеу»;
- «Іле картон-қағаз комбинаты» АҚ «Қағаз өнімдерін қайта өңдеу бойынша фабрика түріндегі өндірістік базасын кеңейту».
2004 жыл
Қазақстанның Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен мынадай инвестициялық жобалар қолданысқа енгізілді:
- «Атыраунефтемаш» ЖШС «Мұнай-газ өндіруші кешендер үшін өнімдер шығару (Атырау қ.)»;
- «Алтын - нан» ЖШС «Алматы облысының Шамалған станциясында тәулігіне 100 тонна жүгері дәнін қайта өңдейтін өндірістік қуаты бар крахмалдық сірнеге жүгеріні тереңдетіп қайта өңдеу бойынша зауыт салу»;
- «Экотон +» АҚ «Астана қаласында ұяшықты бетоннан өнім шығаратын зауыт салу»;
- «Литмашкомплект» ЖШС «Дөңгелек прокаты және ұнтақталатын өнімдер өндірісін ұйымдастыру»;
- «Қазақстан Қағазы» АҚ «Қағаз-картондық бұйымдар өндірісін құру (Алматы облысының Абай кенті)».
2003 жыл
- Қыркүйекте ADFIAP-тың 26-Жыл сайынғы кездесуінде Қазақстан Даму Банкінің Президенті төрт жылға ADFIAP Директорлар Кеңесінің мүшесі болып сайланды.
- 100 млн. АҚШ доллары сомасына Қазақстанның Даму Банкінің 10-жылдық еурооблигациялары шығарылды.
- Қазақстанның Даму Банкінің қаржыландыру көмегімен мынадай инвестициялық жобалар пайдалануға енгізілді:
- «VITA» АҚ «Майлы дақылдардың тұқымдарын қайта өңдеу бойынша VITASOY зауытын салу»;
- «Дәндік лизингтік компания» ЖШС «ҚР солтүстік өңірлерінің дән өндірушілеріне ауылшаруашылық техникасын лизингке беруді ұйымдастыру»;
- «Теңіз көлік компаниясы» ЖШС «Сұйытылған газ тасымалдау үшін 300 темір жол цистерналарын сатып алу (Атырау облысының Құлсары ст.)»;
- «ТеңізСервис» ЖШС «Түпқараған шығанағындағы теңіз операцияларын қолдау базасын дамыту аясында айлақ, алаң және жол салу (Маңғыстау обл.)».
2002 жыл
- 100 млн. АҚШ доллары сомасында Қазақстанның Даму Банкінің 5-жылдық еурооблигацияларының алғашқы шығарылымы болды.
- Mаусым айында Банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Президенті болып Қамбар Басарғабызұлы Шалғымбаев тағайындалды.
2001 жыл
- Мамыр айында Банк акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен «Қазақстанның Даму Банкі» ЖАҚ Президенті болып Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев тағайындалды.
- «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы №659 қаулысы негізінде ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкі құрылды.
- Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-II Заңына қол қойды.
2000 жыл
- Желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Даму Банкі туралы» № 531 Жарлығы шықты.