Жалғыз акционер туралы ақпарат
  • «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдингі» АҚ Банктің жалғыз акционері болып табылады. 

    Қордың негізгі мақсатының бірі стандартты жақсарту және холдинг тобы компанияларында корпоративтік басқарудың бірыңғай тетіктерін пайдалану болып табылады. 

    «Байтерек» холдингі «Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығы мен «Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы №516 Қаулысына сәйкес құрылды. 

    "Байтерек" холдингінің миссиясы – шикізат емес секторын қаржы-инвестициялық қолдау, ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен әртараптандырылуын қамтамасыз ету, инвестицияларды тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. 

    «Бәйтерек» холдингі қызметінің негізгі стратегиялық бағыттары:  
    • Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын экономиканың басым секторларына қаржылық қолдау көрсету арқылы қолдау;
    • шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау;
    • экономиканың жаңа, заманауи салаларын қолдау және инновацияларды дамыту; 
    • қазақстандық компаниялардың экспорттық әрекетін қолдау; 
    • мемлекеттің әлеуметке бағытталған міндеттерін шешуге жәрдемдесу.

    «Бәйтерек» холдингі қабылдайтын негізгі шешімдер арасында:
    • Банк Жарғысын және оған енгізілген өзгерістерді бекіту; 
    • Банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату; 
    • Банктің жылдық қаржы есептілігі мен жылдық есебін бекіту; 
    • дивидендтер мөлшерін бекіту;
    • Банктің жариялаған акцияларының көлемін ұлғайту.