Халықаралық ынтымақтастық
  • Халықаралық қаржы ұйымдары

    Банктің инвестициялық мүмкіндіктерінің өсуін қамтамасыздандыру үшін және Қазақстанның жағымды беделін құру үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға аса көңіл бөлінеді.

    Банк түрлі қауымдастықтарға қатысу, халықаралық институттармен өзара әрекеттесу, біліктілікті үнемі арттыру, түрлі конференцияларға, саммиттерге және семинарларға қатысу арқылы басқа сәтті қызмет атқаратын институттардың тәжірибесін үйреніп, өз жұмысында қолдануға тырысады. Банктің іскери қатынастарын кеңейту ірі қаржы ұйымдарымен белсенді ынтымақтасумен қатар мемлекетке экономиканы әртараптандыру мәселелерін тезірек шешу мақсатында шетелдік инвесторларды тарту мүмкіндігін береді.

    Құрылған сәттен бастап Банкпен Ресей Сыртқы-эконом банкі, Кореяның Даму Банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам Даму Банкі, Жапон Халықаралық Ынтымақтастық Банкі (JBIC), Қытай Даму Банкі, Түрік Даму Банкі, Merrill Lynch, ABN AMRO, UBS, Америка Банкі, АҚШ Экспорттық-импорттық банкі, Дүниежүзілік Банк, HSBC Amanah Malaysia Berhad, Түркиянің экспорттық-импорттық банкі, Еуропалық инвестициялық банк, Deutsche Bank, Bank of Tokyo Mitsubishi UFJ, Малайзияның экспорттық-импорттық банкі, BNP Paribas, Кореяның экспорттық-импорттық банкі, COFACE экспорттық-несиелік агенттігі және т.б. сияқты ұйымдармен бірқатар меморандумдар мен келісімдер бекітілді.

    2017 жыл. 2016 жылдың 26 қазанынан 2017 жылдың 25 қазанына дейін «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Банкаралық бірлестігінің (бұдан әрі – ШЫҰ БАБ) төраға-банкі болды.

    Төрағалық ету кезеңінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ келесі іс-шараларды өткізді:

    2017 жылдың 14 сәуірі, Боровое қ. ШЫҰ БАБ мүше-банктерінің сарапшылары мен үйлестірушілерінің кеңесі өтті;

    2017 жылдың 8 маусымы, Астана қ. ШЫҰ БАБ Кеңесінің Отырысы өтті; Осы Отырыстың барысында ШЫҰ БАБ мүше-банктермен 2017-2021 жылдарға арналған Даму стратегиясына қол қойылды және қабылданды. Одан бөлек Жібек жолы қорымен Серіктестік қатынастарының негіздері туралы меморандумға қол қойылды.

    Армения Республикасының «МСП Инвестиции» қаржы институтының серіктес-банк ретінде қосылу жұмысы басталды ШЫҰ БАБ Кеңесінде қабылданған алмастыру қағидасына сәйкес Бірлестіктегі төрағалық Қытай Мемлекеттік Даму банкіне ауысты.

    2017 жылдың 8 маусымы ШЫҰ іс-шараларының аясында ШЫҰ банктік-қаржылық және іскерлік ортасының өкілдерінің қатысуымен ШЫҰ Банкаралық Бірлестігінің және ШЫҰ Іскерлік Кеңесінің бірлескен Форумы өтті, ШЫҰ кеңістігінде сауда-саттықты жылжыту, банктерді экспорттық қаржыландыру жөніндегі бірлескен ынтымақтастықты кеңейту және жандандыру келешегінің мәселелері талқыланды.

    Аталған форумның аясында екі жақты негізде бірқатар Меморандумдарға қол қойылды:

    1)         экспорттық қаржыландыруды қолдау жөніндегі Қазақстанның Даму Банкі мен РФ Внешэкономбанк арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    2)         экспорттық қаржыландыруды қолдау жөніндегі Қазақстанның Даму Банкі мен РСК Банк ААҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

    3)         Қазақстанның Даму Банкі мен АСБ Беларусбанк ААҚ арасындағы экспорттық қаржыландыру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум.


  • 2016 жыл. 2016 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Польшаға ресми сапары барысында «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «Bank Gospodarstwa Krajowego» Польша Мемлекеттік Банкімен Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды күшейтуге және кеңейтуге, ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға, қазақстандық және поляк тауарлары мен қызметтерінің экспортының өсуіне ықпал ететін инвестицияларды тартуға бағытталған ынтымақтастық туралы Шектелмелі Келісімге қол қойды. Шектелмелі Келісіммен 300 млн. EUR дейінгі сомада бірлескен жобаларды іске асыру қарастырылады.

    2016 жыл. ҚДБ еншілес ұйымы - «ҚДБ-Лизинг» АҚ «Исткомтранс» ЖШС теміржол арқылы жүк тасымалдарын ұйымдастыру үшін вагон-цистерналарды жеткізу бойынша жобаны (10 жылға дейін) ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ашты. Көлемі 1,1 млрд теңгеден асатын келісім «ҚДБ-Лизинг» ислам лизингі - «Иджара» шарттарымен қаржыландырған алғашқы жоба болды. Аталған келісімді ұйымдастыру үшін қорландыру көзі ТМД елдері эмитенттері үшін дебюттік «Сукук» исламдық облигацияларын шығару барысында тартылған қаражат болды.

    2015 жыл. ҚДБ China Expor&Credit Insurance-пен $400 млн дейінгі соманы сақтандыру өтелімі туралы шекті Келісімге қол қойды.

    2015 жыл. ҚДБ Sumitomo Mitsui Banking Corporation-мен (SMBC) $37 290 000 дейінгі сомаға қарыз тарту туралы келісімге қол жеткізді. 7 жылға дейінгі мерзімге берілетін SMBC қарызы Банктің инвестициялық жобаларын қаржыландыруды немесе қаржыландыру көздерінің орнын алмастыруды қоса алғанда ҚДБ-нің жалпы корпоративтік мақсаттарына жұмсалады.

    2015 жыл. ҚДБ Халықаралық Несие нарықтары қауымдастығына (Loan Market Association) кірді. Аталған қадам Банктің инвестициялық жобаларды бірлестірілген қаржыландыруды енгізуі аясында жасалды.

    2014 жыл. ҚДБ HSBC Bank plc-мен ұзақ мерзімді қаржыландыруға шекті келісім жасасты. Шартқа сәйкес түрлі елдердің экспорттық несие агенттіктерінің орнын толтыру үшін HSBC Bank plc Банкке жалпы 500 млн еуро сомаға несие желісін ашады.

    2014 жыл. ҚДБ «Мемлекеттік мамандандырылған Ресей экспорттық-импорттық банкі» ЖАҚ-мен ниеттер туралы Келісімге қол қойды. Тараптар түрлі салаларда, оның ішінде Қазақстан мен РФ компаниялары арасындағы экспорттық-импорттық операцияларды қаржылай қолдау арқылы стратегиялық серіктестікті дамытуға келісті.

    2013 жыл. The Banker «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-н (ҚДБ, Қазақстанның Даму банкі) «Жыл келісімдері – 2013» санатында марапаттады.

    2013 жыл. ҚДБ «Сукук «аль-Мурабаха» ислам облигацияларын шығару арқылы малайзиялық нарыққа шығуы аясында Азиядағы ірі рейтингтік агенттіктердің бірі RAM Ratings марапатына ие болды.


  • 2005 жылдан бастап Банк Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Банкаралық Ұйымның (БАҰ) толық құқықты қатысушысы болып табылады.

    2007 жылдың қазан айы мен 2008 жылдың қазан айына дейін Банк – ШЫҰ БАҰ Төрағасы болды. 2010 жылы Банк 2010 жылдың қазан айынан 2011 жылдың қазан айына дейінгі мерзімге БАҰ Төрағасы болып екінші рет сайланды.

    2003 - 2011 жж. Банк – Азиядағы және Мұхиттағы Қаржылық Даму Институттары Қауымдастығының (ADFIAP) мүшесі, ҚДБ Директорлар Кеңесінің құрамына кіреді.

    Банкке халықаралық қаржы ұйымдарымен берілген түрлі марапаттар Банктің сәтті халықаралық қызметінің дәлелі болып табылады. 2005 жылы Euromoney халықаралық қаржылық басылымы Банкке «Әлемдегі ең қарқынды даму банкі» атағын берді. 2006 жылы Банк Euromoney қаржылық басылымымен «Орта және Шығыс Еуропада корпоративтік басқару саласындағы көшбасшы банк» номинациясында жеңімпаз болып танылды. Сонымен қатар, Банктің жобалары 2005, 2007 және 2009 жылдары ADFIAP ұйымымен көлік және энергетика инфрақұрылымы, байланыс және технология салаларында ең таңдаулы болып танылды.

1 2 3