Қазақстанның Даму Банкі

Банк басшылығы

Басқарма
Құсайынов Нұрлан Жетпісұлы
2011 жылдың 9 сәуір күні «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасы шешімімен «Қазақстанның даму банкінің» Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

2011 жылдың наурыз айынан бастап «Қазақстанның даму банкінің» Басқарма Төрағасы міндетін атқарушы  болып қызмет етті.

2010 жылдың қыркүйек айынан: «Қазақстанның даму банкінің» Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары – Басқарма мүшесі (Астана, Қазақстан).
Маусым 2009 – қыркүйек 2010: Al Falah Partners-тің Басқарушы әріптесі, 500 млн. АҚШ доллары көлеміндегі тікелей инвестициялар қорын басқару (Алматы, Қазақстан).
Қаңтар 2007 – маусым 2009: «CNRG Capital» инвестициялық компаниясының Директоры (Алматы, Қазақстан). M&A кеңестері, тікелей инвестициялар, минералдық шикізатқа салынатын инвестицияларға бағытталған қаржылық және стратегиялық менеджмент.
Мамыр 2004 – желтоқсан 2006: Мемлекеттік «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы (Алматы, Қазақстан). Мемлекеттік басқару саласындағы талдамалық зерттеулер, халықаралық жетекші кеңесшілермен біріккен жұмыс, ҚР Үкіметі үшін бағдарламалық құжаттарды дайындау.
Маусым 2003 – мамыр 2004: ҚР  Индустрия және сауда министрлігінің Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі мәселелері жөніндегі арнаулы тобының жетекшісі. Қазақстанның ДСҰ-ға ену мәселесі бойынша келіссөздерді әзірлеу. (Женева, Швейцария).
Қыркүйек 2002 – маусым 2003: ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің Кеңесшісі. Қазақстанның индустриалдық-инновациялық Стратегиясын әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік қаржы институттарын құру (Астана, Қазақстан).
Маусым 2001 – қыркүйек 2002: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Стратегиялық жоспарлау басқармасының бастығы (Астана, Қазақстан). Инвестициялық стратегияны әзірлеу, маркетингтік-талдамалық зерттеулер.
1997 жылы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдаған. (Алматы, Қазақстан).
2009 жылы Альфред Слоуэнның бағдарламасы бойынша Басқару саласындағы Магистр ғылыми дәрежесін алды. (Силикон даласы, АҚШ).
Қазақ, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген.
1976 жылдың 10 желтоқсанында туған.

Үйленген, екі баласы бар.


 


Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Жаслан Мадиев
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін (мамандығы – халықаралық қаржы) бітірді. Колумбия Университетінің (Нью-Йорк қ. АҚШ) экономика және қаржы саласындағы магистр дәрежесін алды. «Болашақ» Президенттік бағдарламасының степендианты. Кәсіби қызметін «Альянс Банк» АҚ-да бастады. Онда капиталдың борыштық нарықтары бөлімін басқарды. Morgan Stanley (Лондон қ.) инвестициялық банкінде сынақ мерзімінен өтті. «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ-да, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеді және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-да қазынашылық департаментін басқарды. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да тағайындалғанға дейін «Kazyna Capital Management» АҚ Басқарма Төрағасы болып жұмыс істеді. Онда қазынашылық және қаржылық-әкімшілік қызметі мәселелеріне жетекшілік етті. «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да қазынашылық, қарыз алу, құрылымдық қаржыландыру, корпоративтік даму және корпоративтік басқару мәселелеріне жетекшілік етеді. Жетекшілік ететін бағыты: қазынашылық, қарыз алу, құрылымдық қаржыландыру, корпоративтік даму және корпоративтік басқару мәселелерін үйлестіру және ұйымдастыру.

 


Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Нұрәлі Рахатұлы Әлиев
Өз қызметін Банкте 2008 жылы бастады. «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы лауазымын атқарады. Бұрын «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы, «Қант орталығы» АҚ Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары, Президенті лауазымдарын атқарған болатын.  Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. Pepperdine University (АҚШ), International University (Австрия), Imadec University Халықаралық бизнес мектебінде оқыды. Іскерлік басқару шебері дәрежесі бар.  Жетекшілік ететін бағыты: Алматы қаласында және Алматы облысында Банк қызметінің негізгі бағыттары бойынша Банктің мүддесін білдіру, ҚР Ұлттық банкімен, АФН, РФЦА және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және үйлестіру.

 


Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Миржан Елдесұлы Қарақұлов
Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) түлегі. «Болашақ» халықаралық Президенттік бағдарламасының стипендиаты, экономика саласындағы магистр дәрежесімен Вандербилт (АҚШ) университетін үздік аяқтады. Қазақстанның Даму Банкі АҚ-ға келердің алдында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-да, «Самұрық» холдинг» АҚ-да, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-да, «Қазақстан Халың Банкі» АҚ-да аудит және тәуекел-менеджмент саласында жұмыс істеді. 2009 жылғы шілдеден бастап Даму банкінің Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры. Қазіргі уақытта операциялық қызметті ұйымдастыру мен үйлестіру, бюджеттік жоспарлау мен бақылау, қаржылық ұйымдармен корреспонденттік қарым-қатынастарды белгілеу мәселелеріне жетекшілік етеді.

 


Басқарушы директор – Басқарма мүшесі
Ардақ Сиязбекұлы Орымбаев
Банкте 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Банкке келердің алдында Қазақстанның банк секторларында - «БТА Банк» АҚ-да, «Темірбанк» АҚ-да басшы лауазымдарда жұмыс істеді. Қаржы институттарында – «Қазақстанның Инвестиция Қоры» АҚ-да, «Ұлттық Инвестиция Қоры» АҚ-да, мемлекеттік қызметте – Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігінде, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде жұмыс тәжірибесі бар. «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚР ІІМ Жоғары мектебінің, «Экономика» мамандығы бойынша Қазақстанның тұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университетінің түлегі. «Advanced Leadership Program for Management» мамандығы бойынша АҚШ-тың Йель университетінде оқыды. Жетекшілік ететін бағыты: Банк қызметін құқықтық қамтамасыз ету, жобаларды құқықтық сараптау және құқықтық ілестіру мәселелері; Банкте ақпараттарды қорғау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру.

 


Басқарушы директорлар
Ғалым Набибұллаұлы Махмеджанов

Ғалым Махмеджанов Қазақстанның Даму Банкінде 2011 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс істейді. Ол консалтинг, мемлекеттік қызмет салаларында, онымен қатар, қаржы саласында жұмыс тәжірибесі бар. Мансап құру барысында ол ТМД елдеріне техникалық көмек көрсету программасында, Қазақстан республикасының Энергетика Министрлігінде, Индустрия және сауда Министрлігінде және әр түрлі қаржы институттарында негізінен сарапшылық-талдау сұрақтарымен айналысты.

Аль-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің механико-математикалық факультетінің түлегі, онымен қатар,ҚМЭБИ экономика саласында магистрлік деңгейі бар. Ғалым 2010 жылы желтоқсан айында Капитоль Университетінде Тулуз экономика мектебінің (Франция) доктор деңгеіне ие болды. Ғалымның жұмыстары аймақтық даму, онымен қатар дамушы елдерінде мемлекеттік инвестициялық қызметінің тиімділігін зерттеуіне бағытталған.    



 


Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54