Қазақстанның Даму Банкі

Ұстанымы және стратегиясы

Ұстанымы

Қазақстанның отын және минералдық шикізатты сатудан тәуелділігі, өнеркәсіптің, металлургияның инфрақұрылымдық және өңдеуші салаларында төменгі инвестициялық белсенділік ел экономикасын шикізат ресурстары нарығындағы өзгерістерге осал және сезімтал етеді.

Сондықтан Ел басшылығы экономиканы радикалды реформалауға қадам басып, Қазақстанның шикізат тәуелділігінен шығуына мақсат қойылды. Елді жеделдетіп жаңғырту және елдің әлемдік нарыққа кірігуі инновацияларға, экономиканың өсуінің жаңа бағыттарын құруға және елдің дәстүрлі бәсекелесті басымдықтарын үздік пайдалануға негізделген дамудың барлық бағыттары бойынша сапалы серпінді талап етеді.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2000 жылғы 28 желтоқсандағы № 531 Жарлығын орындау мақсатында «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 178-ІІ Заңына, сондай-ақ «Қазақстанның Даму Банкі» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 мамырдағы № 659 қаулысына сәйкес 2001 жылдың мамырында ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкі құрылды.

Қазақстанның Даму Банкі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде 2001 жылғы 31 мамырда жабық акционерлік қоғам нысанында тіркелді және 2003 жылғы 18 тамызда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес акционерлік қоғам нысанында қайта тіркелді.

Банктің миссиясы екінші деңгейдегі банктер қамтамасыз етпеген кредит ресурстарында ел экономикасының бәсекеге қабілетті шикізатқа жатпайтын секторын жеделдетіп дамытудың инвестициялық қажеттіліктерін қанағаттандыру жолымен Қазақстан Республикасының тұрақты ұзақ мерзімді экономикалық өсуіне қол жеткізуде жәрдемдесуге негізделген.

Банктің орны:

- өңдеуші өнеркәсіп, өндірістік және көлік инфрақұрылымы;
- ұзақ мерзіммен қамтылған ірі (5 млн. АҚШ долларынан асатын) көлемді капиталы бар инвестициялық жобалар;
- қазақстандық тауар өндірушілер өнімінің экспортына жәрдем көрсету.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңмен анықталған Банктің ерекше құқықтық мәртебесі бар.

Заңға сәйкес Банк қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметтің тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.

Банктің міндеттері:

1) инвестициялық жобаларға орта мерзімді (бестен он жылға дейін) және ұзақ мерзімді (он жылдан – жиырма жылға дейін) кредит беру;
2) қазақстандық өнімді жеткізуші резидентке де, қазақстандық өнімді сатып алушы бейрезидентке де қарыздарды беру жолымен бірлесіп қаржыландыруды қоса алғанда, экспорттық операцияларға кредит беру;
3) басқа кредит институттары беретін қарыздар мен кредиттер бойынша кепілдік берілген міндеттемелерді беру, сондай-ақ бірлесіп қаржыландыру жолымен Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік секторына кредит беруді ынталандыру;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі іске асыратын инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тетіктерін жетілдіру;

Банктің кредит саясатының негізгі қағидаттары мен басымдықтары, инвестициялық басымдықтар, қарыз қаражатын тартуға сандық шектеулер, кредит берудің лимиттері, бағыттары, мүмкін шарттары, тәртібі мен мерзімі, жеке капиталды орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау жалғыз акционердің шешімімен бекітілген Банктің Кредит саясаты туралы меморандумда белгіленген.

Қазақстанның Даму Банкі бір жағынан даму институты бола отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі және «Қазына» мемлекеттік холдингінің атынан акционер анықтайтын мемлекеттік инвестициялық саясаттың міндеттерін шешеді. Сонымен бірге, қаржы ұйымы бола отырып, Банк банктер үшін барлық қажетті талаптарды орындайды және коммерциялық қағидаттарда әрекет етеді.