Қазақстанның Даму Банкі

Әлеуметтік жауапкершілік

Қазақстанның Даму Банкі өзінің кредиттеу қызметінде әлеуметтік-жауапты инвестициялау саясатын ұстанады. Осылай, кредиттеу саясаты туралы Меморандумға сәйкес, Банк қару-жарақтың, алкогольдік өнімдердің, есірткінің, есірткілік заттардың, психотроптық, жарылғыш заттардың және темекі өнімдерінің өндірістерін қаржыландырмайды.

Сондай-ақ экологиялық таза өнімдердің өндірістерін құру жөніндегі жобаларға, балама қуат көздерін («Vtorma Ecology Co» ЖШС-нің қоқысты қайта өңдеу кешенін салу бойынша жобасы, биоэтанол өндірісі бойынша «Биохим» кешені) пайдалану жөніндегі жобаларды қаржыландыруға ерекше көңіл бөледі.

Банктің қатысуымен қаржыландырылған өндірістердің қатарға енгізілуі нәтижесінде жаңа жұмыс орындары пайда болып, республикалық және жергілікті бюджеттерге қосымша төлемдер қамтамасыз етіледі.

Басымдықтардың бірі Банк қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, еңбек, демалыс үшін оңтайлы жағдайлар жасау, кәсіби деңгейлерін тұрақты түрде арттырып отыру болып табылады.

Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54