Банк алдына жетекші дүниежүзілік даму қаржы институттарының қатарына кіру және Қазақстан экономикасының шикізатқа жатпайтын секторын дамытуда елеулі үлесін қосу стратегиялық міндетін қойып отыр.
Банктің стратегиялық мақсаттары мемлекеттік инвестициялық саясаттың тиімділігін жетілдіру және арттыру, өндірістік, көлік және энергетика инфрақұрылымын және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады.
Даму Банкінің 2007-2011 жылдарға арнап бекітілген стратегиялық даму бағыттарына сәйкес жақын жылдарға Даму Банкінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1. Мынадай салаларда жобаларды басым қаржыландыруды арттыру:
- электр энергиясын және отынның басқа да түрлерін жақын жатқан елдерге экспорттауға бағыттай отырып, энергетика (атом электр станциялары, жылу және су электр станциялары, биоэнергетика);
- инфрақұрылым (теміржол тармақтарын, теңіз және «құрғақ» порттарды, әуежайларды, логистикалық орталықтарды, Оңтүстік-Батыс транзиттік дәлізін салуды қоса алғанда көлік инфрақұрылымын салу);
- металлургия;
- химия және мұнай-химия, мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығару;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге байланысты тамақ өнеркәсібі.
Банктің экономиканың басым секторларына ауқымды кредит берумен 2011 жылға инвестициялық жобаларға кредит беру (мақұлдаудың) жылдық көлемін 1 млрд. АҚШ доллары деңгейіне жеткізу ұйғарылады.
Нәтижесінде Даму Банкінің 2010 жылдың аяғына және 2011 жылға экономиканы кредиттеу көлемі 4,2 және 5,3 млрд. АҚШ долларына баламалы соманы құрауы тиіс.
2. Банктің шет елдегі белсенділігін кеңейту.
- Банктің таяудағы шетелдер нарықтарына шығуы шеңберінде Қазақстаннан тысқары жерлерде инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде ШЫҰ кеңістігі шеңберінде инвестициялық жобаларды қаржыландыру;
- Активтер мен резервтерді басқару саласында тәжірибе мен консультациялар алу мақсатында инвестициялық портфель активтерінің бір бөлігін халықаралық қаржы институттарына кейіннен сыртқы сенімгерлік басқаруға беру.
3. Оң кредит тарихын қолдау және Даму Банкінің тиісінше қорландыруды қамтамасыз етуі.
4. Банктің клиенттеріне ұсынылатын аспаптардың желісін және қызметтер жиынтығын кеңейту:
- мемлекеттік-жеке кәсіпкерлік шеңберінде инфрақұрылым объектілерін қаржыландыруды қоса алғанда құрылымдық және жобалық қаржыландырудың әлеуетін пайдалану, жобалар бойынша ақша ағындарын секьюрителендіру арқылы жобалау облигацияларын шығару және т.б.;
- консалтингтік қызметтер және инвестициялық банкинг қызметтерін көрсету, кәсіпорындардың қаржы нарығына шығуына жәрдем көрсету (андеррайтинг).
Төменде аталған құжаттар Даму Банкінің стратегиялық бағыттары туралы неғұрлым егжей-тегжейлі түсінік береді.
2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстанның Даму Банкі» АК-ның стратегиялық даму бағыттары.