Бос орындар
  • Департаменттің директоры

    Бөлімше:
    Ақпараттық технологиялар департаменті

    Жауапкершіліктің негізгі салалары:
    Департамент қызметінің басшылығы келесі мақсаттарды дер кезінде және сапалы түрде қамтамасыз ету мақсатында:
    • Банктегі АТ саласында өтінімдердің орындалуы мен қақтығыстың шешілуінің үдерісін басқару;
    • Департаменттің қызметкерлерінің арасындағы міндеттерді, мақсаттарды және тапсырмаларды бөлу;
    • Департаменттің дамуының стратегиялық және тактикалық жоспарын анықтау;
    • Департаментте банктік және коммерциялық құпияның, сонымен қатар, Банктің құпия мәліметтерінің сақталу режимінің сақталуын қамтамасыз ету.

    Білімі
    • Ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білім

    Талаптары:
    • Ақпараттық технологиялар саласында 7 жылдан кем емес уақыттағы жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық позициясында 3 жылдан кем емес уақыт;
    • Банк саласындағы жұмыс тәжірибесі;
    • Келесі бөлімдерде ақпараттық технология саласындағы білімі мен дағдылары: АТ сервистерін басқару негіздері, АТ саласындағы методология (ITIL, CobiT), Банктің бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етілуімен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері; Банкте қолданылатын бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз етудің жұмыс қағидаттарын мен пайдалану ережелерін тағайындау.

    Ескертпе:
    • Банк кандидаттардың конкурсқа қатысуына байланысты шығындарының орнын өтемейді. Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (сынақтан өткізу немесе сұхбат жүргізу орнына бару және кері қарай қайту, тұрғын жайды жалға алу, тұру, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) кандидаттар/резервисттер өзінің есебінен жүзеге асырады.


  • Тәуекел-менеджер

    Бөлімше:
    Операциялық және қаржы тәуекелдерінің департаменті, қаржы тәуекелдерін басқару

    Жауапкершіліктің негізгі салалары:
    • Үнемі және дер кезінде сәйкестендіру, қаржы тәуекелдерін бағалау, бақылау және мониторинг;
    • VAR үлгілерін құру және бэк-сынау, Банк көрсеткіштерінің күйзеліс-сыналуын жүргізу;
    • Контрагенттердің қаржы талдауын жүргізу;
    • Тәуекелді басқаруға әсерін тигізетін әрекеттерді өндіру үшін қажетті ақпаратты іздеу;
    • Есептерді автоматтандыру;
    • Басқару есебін құру;
    • Іс қағаздарын жүргізу;

    Білімі
    • Жоғары экономикалық (қаржы, бухгалтерлік есеп)

    Талаптары:
    • Жұмысының жалпы өтілі – 3 жылдан кем емес;
    • Банк саласында, консалтингілік компанияларда қаржы тәуекелдерін басқару мәселелері бойынша, аудиторлық компанияларда қаржы компанияларының аудиті бойынша, - 2 жылдан кем емес уақыт басымдылық болып табылады;
    • Қаржы тәуекелдерін басқарудың тұжырымдары мен әдістерін білу, оларды тәжірибеде қолдану;
    • Қаржы тәуекелдерін басқару, капиталдың жеткіліктілігінің мәселелері бойынша Базель келісімінің ұсыныстарын білу мен қолдану;
    • Бухгалтерлік есептің стандарттарын, сонымен қатар, халықаралық стандарттар бойынша есептің ерекшеліктерін білу;
    • Банктің бизнес үдерістерінің ерекшеліктерін білу;
    • Макростар және/немесе бағдарламаларды жазу бойынша дағдылары;
    • Excel-де жұмыс жасаудың тамаша дағдылары;
    • Reuters, Bloomberg ақпараттық жүйелерінде жұмыс жасай білу.

    Ескертпе:
    • Банк кандидаттардың конкурсқа қатысуына байланысты шығындарының орнын өтемейді. Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (сынақтан өткізу немесе сұхбат жүргізу орнына бару және кері қарай қайту, тұрғын жайды жалға алу, тұру, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) кандидаттар/резервисттер өзінің есебінен жүзеге асырады.

  • Комплаенс қызметінің бастығы - Комплаенс-бақылаушы

    Жауапкершіліктің негізгі салалары:
    • Банкпен және оның қызметкерлерімен, оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, Банктің табысты заңдастыруға (ағылуға) және лаңкестікті, сыбайлас жемқорлықты қаржыландыруға қарсы іс-қимыл және алаяқтыққа қарсы күрес саласындағы саясаттары мен рәсімдерін сақтауға, сондай-ақ Банк қызметкерлерімен Банкпен орнатылған этикалық әрекеттер нормалары мен ережелерін сақтауға тиімді қадағалау жүзеге асыру;
    • комплаенс-тәуекелді басқару жүйесін құруда және аталған жүйені басқару жөніндегі рәсімдерді ағымдағы бақылауды ұйымдастыруда белгілі позицияны алу;
    • комплаенс-бақылауды ұйымдастыру және комплаенс-тәуекелді басқару үдерісін үйлестіру;
    • комплаенс-аудитті ұйымдастыру;
    • комплаенс-мәдениетті қалыптастыру;
    • бедел тәуекелін басқаруды үйлестіру және бақылау.

    Білімі
    • Жоғары экономикалық (заң)

    Талаптар:
    • Банк саласында және (немесе) өзге қаржылық ұйымдарда басқарушы лауазымындағы жұмыс тәжірибесі, 5 жылдан кем емес;
    • Комплаенс-бақылаушы лауазымында міндеттерді орындау үшін жеткілікті кәсіби және жеке қасиеттерінің болуы;
    • мінсіз іскерлік бедел;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі, Банктің ішкі актілерін және рәсімдерін білуі және оларды тәжірибеде қолдана білуі.

    Ескерту
    • Банк кандидаттардың конкурсқа қатысуына байланысты шығындарының орнын өтемейді. Конкурсқа қатысу жөніндегі шығындарды (сынақтан өткізу немесе сұхбат жүргізу орнына бару және кері қарай қайту, тұрғын жайды жалға алу, тұру, байланыстың барлық түрлерінің қызметін пайдалану) кандидаттар/резервисттер өзінің есебінен жүзеге асырады.


1 2 3