�����������
Клиенттерге
Бүгінгі таңда Қазақстанның Даму Банкі Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға жәрдемдесетін аса күрделі, капитал сыйымды және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды табысты жүзеге асыра алады.
«VITA» АҚ, «Қазақстан Қағазы» АҚ, "Іле Қағаз-Картон Комбинаты" АҚ, "RG Brand Kazakhstan" ЖШС, "Ютекс" АҚ және «Меланж» АҚ, "Оңтүстікполиметалл" өндірістік корпорациясы» АҚ, "Агромашхолдинг" АҚ, "АқтөбеРентген" АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Транстелеком» АҚ, РГП "Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты" РМК, "НМСК "Қазмортрансфлот" АҚ және тағы басқа осы сияқты өнеркәсіп пен инфрақұрылымның шикізаттық емес салаларында белсенділік танытқан Қазақстанның жетекші кәсіпорындары Банк клиенттері оған дәлел болып отыр.
Әрбір клиентпен жеке жұмыс істеуді кепіл ете отырып, Қазақстанның Даму Банкі өнеркәсіп пен инфрақұрылымның шикізаттық емес салаларында қызмет ететін компанияларға төмендегідей бірқатар қаржылық және консультациялық қызмет көрсетуді ұсынады:
1. инвестициялық жобалар мен экспорттық операцияларды ұзақ мерзімді кредиттеу
2. жобаларға агенттік қызмет көрсету
3. банк кепілдіктерін беру
4. жобалық қаржыландыру
5. инвестициялық банкинг қызметтері
6. синдикаттауды ұйымдастыру
және басқалар.
Инвестициялық жобаларды іріктеу кезінде қосымша құн экономикалық тізбегін қалыпты дамыта отырып, бәсекеге жарамды өнім шығаратын жобаларға және сыртқы нарықтарға шығу жағынан келешегі бар жобаларға басымдық беріледі.
2005 жылы құрылған «ҚДБ-Лизинг» АҚ еншілес ұйымы Қазақстанның Даму Банкімен бірге клиенттерге өнеркәсіптің басымдықты салаларындағы жобаларды жүзеге асыру үшін лизингтік қаржыландыру қызметтерін ұсынады.