2002 жылғы 10 қазанда Банк 400 000 000 АҚШ доллары сомасында 2002-2005 жылдарға арналған орта мерзімді еурооблигациялар шығару жөніндегі Бағдарлама (бұдан әрі - EMTN Бағдарлама) (ISIN: XS0155792186) шеңберінде 100 млн АҚШ доллары мөлшерінде 7,125% купондық сыйақы ставкасымен бес жылдық купондық еурооблигациялардың бірінші шығарылымын жүргізді және орналастырды. 2007 жылғы 10 қазанда еурооблигациялардың 1-траншы толығымен өтелді.
Сондай-ақ EMTN Бағдарламасы шеңберінде 2003 жылғы 12 қарашада Банк 100 млн АҚШ доллары (ISIN: XS0179958805) мөлшерінде 7,375% купондық сыйақы ставкасымен он жылдық купондық еурооблигациялардың екінші шығарылымын жүргізді және орналастырды.
- 2005 жылғы 03 маусымда Банк EMTN Бағдарламасы шеңберінде мерзімі 15 жыл айналымдық 100 млн АҚШ доллары сомасында (ISIN: XS0220743776) 6,5% купондық сыйақы ставкасымен еурооблигациялардың үшінші шығарылымын жүргізді және орналастырды.
- 2005 жылғы 28 қарашада Банк акционерлерінің жалпы жиналысында міндеттемелердің жалпы сомасын 1 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту және қолданыс мерзімін 2011 жылға дейін созу жолымен EMTN Бағдарламасын жаңарту туралы шешім қабылдады. 2006 жылғы 23 наурызда жаңартылған EMTN Бағдарламасы шеңберінде 150 млн АҚШ доллары көлемінде өтеу мерзімі 2026 жылға дейін болған 6% (ISIN: XS0248160102) купондық сыйақысымен еурооблигациялардың төртінші шығарылымын орналастырды.
Банктің индекстелген бес жылдық купондық облигацияларының бірінші шығарылымы 4,5 млрд мөлшерінде толығымен 2007 жылдың 15 ақпанында (НИН: KZ2CKY05A473) өтелді. Бірінші шығарылым облигацияларының өтелу қорытындылары туралы есепті ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі 2007 жылғы 21 наурызда бекітті.
Қарыз алу және құрылымдық қаржыландыру департаменті