Қазақстанның Даму Банкі

елеулі фактілер туралы хабарламалар

Қазақстанның Даму Банкі өзінің қаржылық айқындығын Банктің қаржылық нәтижелеріне мүдделі барлық, тұлғалар үшін ұдайы қолдап отырады.

2004 жылдан бастап Банк есептілікті Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес жасайды. Банктің ҚЕХС бойынша жасалған толық тоқсан сайынғы және жылдық, қаржылық есептері Банктің веб-сайтынан тұрақты түрде көрініс табады. Бұдан басқа, банктің тоқсан сайынғы және жылдық қаржылық есептері Қазақстанның қор биржасының (KASE) веб-сайтында жарияланып отырады.

2005 жылдан бері Банктің қаржылық есебінің сыртқы тәуелсіз аудитін жыл сайын ашық тендер нәтижелері бойынша таңдап алынатын, беделді, Deloitte халықаралық компаниясы жүргізеді. Банктің қаржылық нәтижелеріне қатысты сыртқы аудиторлардың пікірлері мен бағалары тек олардың өз көзқарастары болып табылады және Банктің бағасымен сай келуі міндетті емес.

Елеулі фактілер туралы хабарламалар

14.04.2008

ҚР Премьер-Министрі К. Мәсімов бастаған Үкімет делегациясының Қытай Халық Республикасына сапары шеңберінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Қытайдың ЭксимБанкімен 300 млн. АҚШ доллары мөлшерінде кредиттік желі беру туралы Келісім жасасты. Екі елдің үкімет басшыларының қатысуымен келісімге ҚДБ Директорлар кеңесінің Төрағасы Мұқан Сағындықов және Қытай ЭксимБанкінің Төрағасы Ли Жоугу қол қойды.

28.03.2008

2008 жылғы 28 наурызда «Қазақстанның даму Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Оның шешімімен бірқатар жаңа инвестициялық жобалар қаржыландыруға мақұлданды. Олардың арасында «Kun Renewables» ЖШС «Астана қаласында поликристалдық кремний шығаратын зауыт салу» жобасы және «ORDABASY-PST» АҚ «Астана қаласында premium-санатты жеңіл машина шиналарын шығаратын зауыт салу» жобасы бар. Бұл аталған жобалар Қазақстан Республикасының Президенті Н.�?. Назарбаевтың Жолдауында айтылған корпоративтік көшбасшылардың «серпінді» жобаларының қатарына жатады.

Сонымен қатар «Семей тері илеу комбинаты» ЖШС «Шикізатты терең өңдеу және бәсекеге жарамды тері бұйымдарын, тон бұйымдары мен аяқ киім шығару бойынша өндіріс құру» жобасы мақұлданды.

Сондай-ақ 79 млн. АҚШ доллары шамасында «Қуаттылығы 300 МВт болатын Мойнақ ГЭС-н салу» инвестициялық жобасын қосымша қаржыландыру мақұлданды.

Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54