«Қазақстан даму Банкі» АҚ (бұдан әрі - Банк) Банктің қаржылық нәтижелеріне мүдделі барлық тұлғалар үшін өзінің қаржылық ашықтығының жоғарғы деңгейін тұрақты түрде ұстайды.
2001 жылдан бастап, Банк өзінің қаржылық есебін Халықаралық қаржылық есеп стандарты (ХҚЕС) бойынша даярлайды. Банктің ХҚЕС-пен есептелген толық әр тоқсандық және жылдық қаржылық есебі, тұрақты түрде Банктің веб-сайтында көрсетіліп тұрады, сонымен қатар Банктің тоқсандық және жылдық қаржылық есебі Қазақстан қор Биржасының (KASE) веб-сайтында жарияланады.
Сыртқы аудитор туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының заңнамасына және Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес «Қазақстан даму Банкі» АҚ жылдық қаржылық есептің дұрыстығын растау және тәуекелді басқару жүйесін бағалау мен ішкі қадағалауды тексеру үшін, кәсіби аудиторлық ұйымды (сыртқы аудитор) конкурстық іріктеу арқылы таңдайды.
Жыл сайынғы Банк қызметінің сыртқы аудитін 2009 жылдың 18 қарашасында «Самұрық - Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің шешімімен бекітілген акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызды немесе сенімгерлік басқару құқығында «Самұрық – Қазына» АҚ-ға тікелей және жанама тиесілі ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу Ережесіне сәйкес таңдап алынған аудиторлық ұйым жүргізеді.
2008 жылдан бастап Банктің қаржылық есебінің тәуелсіз сыртқы аудитін, «Үлкен төрттікке» кіретін «КПМГ Аудит» ЖШС халықаралық аудиторлық ұйымы жүргізеді.
Банктің 2010 жылдық қаржылық есебін аудиттік тексеру қызметін сатып алу туралы шарт бойынша аудиторлық ұйымға төленетін төлемақы 21 280 мың теңгені құрады. Бұл сома Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған барлық салық (оның ішінде ҚҚС), алым және аудиторлық қызметті көрсету барысындағы барлық шығындардан тұрады.
Сыртқы аудитордың көрсететін қызметтерінің түрлері
- Банктің 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін шолу жөніндегі аралық рәсімдер;
- Банктің 2010 жылдың бірінші жартыжылдығы ішіндегі шоғырландырылған және шоғырландырылмаған аралық қысқартылған қаржылық есептілігінің шолу қортындысы;
- Банктің 2010 жылдың шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептіліктің аудиті жөніндегі аралық рәсімдер;
- Банктің 2010 жылдың шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігінің аудит бойынша жобасы;
- Банктің 2010 жылдың шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілік аудитінің қортындысы;
- Банк басшылығына арналған қортынды хат.
Сыртқы аудитор – аудиторлық қызметтен тыс келесі қосалқы қызметтер атқарады:
- бухгалтерлік және салық есебін жүргізу саласында кеңес береді;
- Директорлар Кеңесінің мүшелерін, Банк жетекшілерін және аудит Комитетін аудиттің нәтижелерімен таныстырады;
- Банктің Негізгі ұйымының сыртқы аудиторына шоғырландырылған қаржылық есебінің аудитін жүргізу барысында қолдау көрсетеді.
2001 жылдан 2007 жылға дейін Банктің қаржылық есебінің аудиторлық қызметін келесі тәуелсіз аудиторлық ұйымдар атқарды: «KPMG Janat» ЖШС, «Эрнст энд Янг Казахстан» ЖШС, «Делойт и Туш» ЖШС, «Делойт» ЖШС.
Қаржылық күнтізбе
|
Күні |
Іс-шаралар |
|
Ақпан, 2011 |
2010 жылдық қаржылық есептің аудитін аяқтау |
|
Наурыз, 2011 |
Тәуелсіз аудитормен расталған 2010 жылдық қаржылық есепті Директорлар кеңесімен бекіту |
|
Сәуір, 2011 |
Тәуелсіз аудитормен расталған 2010 жылдық қаржылық есепті жалғыз акционер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» - ның бекітуі |
|
Мамыр, 2011 |
Тәуелсіз аудитормен расталған 2010 жылдық қаржылық есепті жариялау |
|
Сәуір - маусым 2011 |
2011 жылдың бірінші тоқсандық қаржылық есебін жариялау |
|
Шілде - тамыз 2011 |
2011 жылдың бірінші жартыжылдық қаржылық есептілігін шолу жөніндегі аралық рәсімдер; |
|
Шілде- қыркүйек 2011 |
2011 жылдың бірінші жартыжылдық қаржылық есебін жариялау |
|
Қазан – желтоқсан 2011 |
2011 жылдың үшінші тоқсандық қаржылық есебін жариялау |