Негізгі кредит қызметін жүзеге асырумен қатар Даму Банкі мыналарға қызмет көрсету жөніндегі агент функцияларын орындайды:
- қайтарымды негізде қаржыландырылатын республикалық және жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар),
- мемлекет кепілдік берген қарыздардың есебінен қаржыландырылатын жобалар.
Сондай-ақ Банк агент ретінде мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді және тапсырма шарттардың негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңды тұлғалардың басқа да борыштық міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты қайтару бойынша қызмет атқарады.
Даму Банкінің жобалар мен қарыздарға қызмет көрсету жөніндегі агент функцияларын, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаражатты агент функцияларын орындауы қарыз алушылардың республикалық бюджет және кредиторлар алдындағы міндеттемелерін Даму Банкінің қаражаты есебінен орындауды көздемейді.
Жобалаға агенттік қызмет көрсету басқармасы