ТЭН құрастыру бойынша нұсқаулық
Қазақстанның Даму Банкінің клиенттеріне жәрдем беру мақсатында Банктің негізгі талаптарына сәйкес болатын жобаның бизнес-жоспарын (техникалық-экономикалық негіздемесін) әзірлеу кезінде «Жобаның бизнес-жоспарын (техникалық-экономикалық негіздемесін) әзірлеу бойынша нұсқаулар» құжатын дайындау іске асырылады. Бұл құжатта, бизнес-жоспардың ұсынылатын құрылымынан басқа, аталған құжатты мазмұнды толтыру бойынша ұсыныстар беріледі, оны әзірлеудің қай сәттеріне ерекше көңіл аудару қажеттігі көрсетіледі, мәліметтерді берудің ұсынылатын нысандары қоса беріледі және т.б.
Жақында «Жобаның бизнес-жоспарын (техникалық-экономикалық негіздемесін) әзірлеу бойынша нұсқаулар» құжаты сайт беттеріне орналастырылатын болады.
Қазіргі уақытта Банкке беруге арналған жобаның ұсынылатын бизнес-жоспарының (техникалық-экономикалық негіздемесінің) құрылымымен таныса аласыздар.