Қазақстанның Даму Банкі

Туынды қаржы аспаптары

Валюталық және проценттік тәуекелдерді хеджирлеу бойынша қызметтер;
Банк клиенттері Банк қаржыландыратын инвестициялық жобалар мен экспорттық операциялар шеңберінде валюталық және проценттік тәуекелдерді хеджирлеу бойынша қызметтер ала алады. Хеджирлеу бойынша операциялар ағымдағы және келешектегі валюталық тәуекелдерді тиімді жоспарлауға, проценттік шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.

Банк хеджирлеу бойынша мәмілелерді құрылымдау бойынша, оның ішінде СВОП мәмілелері және валюталық ОПЦИОН-дар бойынша салмақты тәжірибеге ие.

1. Валюталық СВОП – сандары бірдей болған базалық валютаға бір мезгілде, әртүрлі валюталау күнімен жасасатын, қарама-қарсы, екі айырбастау мәмілелерінің комбинациясы. СВОП мәмілесінің бағамдары әр тарап үшін мәмілелердің жасасу сәтінде тіркеліп отырады.
2. Проценттік своп - Көлемі үнемі өкілдік проценттік ставка негізінде (мысалы LIBOR) белгіленетін, бір тарап екінші тараптың пайдасына жүзеге асыруға міндеттенетін төлемдер ағымы, ал екінші тарап өз кезегінде бірінші тараптың пайдасына келісім шартқа қол қойылған сәтте болған проценттік ставка деңгейіне негізделген, тіркелген төлемдер ағымын жүзеге асыруға міндеттенетін келісім.
3. Валюталық опцион - сыйлықақы орнына (опцион бағасы) сатып алушыға (міндеттемесіз) құқық, ал сатушыға (міндет) белгілі бір уақыт кезеңі ішінде немесе белгілі бір күнге (опцион мерзімі бітетін күн) белгіленген бағам бойынша шетел валютасын сатып алу немесе сату келісім шарты.

Компаниялардың проценттік СВОП мәмілелерін пайдалану мысалдары:
1.Компанияның долларлары бар, бірақ өндірістік немесе операциялық шығыстарын өтеу үшін теңгеге мұқтаж.
2.Сондай-ақ, компания АҚШ долларында немесе еурода жабдық сатып алғысы келеді, не өтеу мерзімі жақын қалған, басқа валютада өтелмеген қарызы бар.
3.Солай болса да компания теңгенің долларға немесе еуроға қарағанда бағамының түсіп кетуінен қауіптенеді.
4.Компания СВОП мәмілелерін жасасу жолымен теңге ала алады, бұл ретте бүгінгі сатып алған долларының бағамын тіркеп, өзін валюталық тәуекелден қауіпсіздендіреді. Бұл ретте теңгемен неғұрлым қымбат қарыз алу қажеттігі жоқ.

Компаниялардың проценттік СВОП мәмілелерін пайдалану мысалдары:
1. Компанияның жылжымалы проценттік ставкалы қарызы бар.
2. Компания ставка көтерілуін күте отырып, оны тіркелген проценттік ставкалы қарызға алмастырғысы келеді.
3. Компания проценттік СВОП мәмілелерін жасасу жолымен қарызын немесе оның бір бөлігін тіркелген төлемді қарызбен алмастыру мүмкіндігін алады.

Валюталық опционды пайдалану мысалдары:
1. Компания сыртқы экономикалық қызметті, экспорт/импортты жүзеге асырады, теңгенің долларға қарағанда бағамының түсіп немесе көтеріліп кетуінен қауіптенеді, төлемдер шетел валютасында жүзеге асырылады, шығындар туындау тәуекелін азайту мақсатында бағам өзгеруінен сақтану және соманы базалық валютада сақтап қалу қажеттілігі туындайды.
2. Компания опцион үшін сыйлықақы төлейді, сыйлықақы сомасы теңгенің долларға қарағанда бағамының волатильдігінен (жиі өзгеруінен) тәуелді болады. Опцион сатушысы шетел валютасын белгілі бір бағам бойынша сатып алуға немесе сатуға міндеттенеді.

Қазынашылық департаменті
Karibzhanov Marat +7(7172)792649 maratk@kdb.kz



Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54