Қазақстанның Даму Банкі

Жобалық қаржыландыру

Банк жобалық қаржыландыру мәмілелерін ұйымдастыру бойынша, атап айтқанда Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша қызмет көрсетуді ұсынады.

Жобалық қаржыландыру – бұл кредит беруші негізгі кредит төлеу көзі ретінде осы объектінің (қарыз алушының ақшалай түсімдері мен активтері/кірістерін емес) ақшалай түсімдері мен кірістерін, сондай-ақ кредитті қамтамасыз ету ретінде шаруашылық объектісінің активтерін қарайтын және бағалап отыратын белгілі бір шаруашылық объектісін (инвестициялық жоба) қаржыландыру. Яғни, кредит берушілер кредиттің қайтарылу мүмкіндігін бағалай отырып, жобаның акционерлерін емес, жобаның өзінің тиімділік және өмір сүру қабілетінің деңгейін қарайтын болады.

Жобалық қаржыландырудың үлгілік сызбасы:
1.ҚР Үкіметі мен компаниялар басқа қаржы институттарымен бірлесіп акционерлік қоғам түріндегі жобалық компания құрады. ҚР заңнамасында жобалық компанияның тиімді қызметі үшін белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған болуға тиіс (салықтық жеңілдіктер және т.б.).
2.Жобалық компания қажетті жабдықты және т.б. жеткізу үшін құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша тендер өткізеді. Жобалық компания тиісті келісім-шарттар мен шарттар жасасады.
3.Жобалық компания шетелдік банктер арасында қаржылық консультант және бүкіл жобаны қаржыландыруды ұйымдастырушыға тендер жариялайды, бұл ретте ҚР тарапынан Даму Банкі шығады. Жобалық компания жобаны қаржыландыру үшін қарыз алуды ұйымдастыруға мандат береді.
4.Жобалық компания жоба бойынша құрылыс біткеннен кейін қызмет көрсетуге түрлі әлеуетті тұтынушылармен шарттар жасасады. Жобалық компания көрсетілген қызметтен түскен түсімдер шоғырландырылатын және міндеттемелерге қызмет көрсетілетін арнайы шот ашады.
5.Шетелдік банк (банктер) ҚДБ-мен бірлесіп қарыз алуды: Қамтамасыз етілген еурооблигацияларды, кредиттік желілерді, бірлесіп қаржыландыруды жүзеге асырады. Жобалық компанияның шотына құрылыс пен жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарға төлеуге және жабдық және т.б. тартылған қаражат түседі.
6.На счет проектной компании поступают привлеченные средства, которые идут на оплату работ по СМР и поставке оборудования, и др.
7.Объект пайдалануға енгізілгеннен кейін арнайы шотқа, тартылған қаражатқа қызмет көрсетуге жіберілетін қаражат қызметтерді тұтынушылардан түседі.





Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54