FAQ
  • В: Банктің қызметін қандай құжаттар реттейді? 
    О: Банк 2001 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Қазақстанның Даму Банкі туралы» Заңына сәйкес құрылды. Банк қызметі осы арнайы Заңмен, Жарғымен және Банктің Несие саясаты туралы меморандумымен, сондай-ақ ішкі актілермен реттеледі. 

    В: Банктің әрекет ету мақсаты? 
    О: Банк қызметінің мақсаттары мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және тиімділігін арттыру, өндіріс инфрақұрылымы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел эокномикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуға жәрдемдесу болып табылады. 

    В: Банктік акционерлері кімдер? 
    О: Банктің жалғы акционері «Бәйтерек» ҰБХ АҚ болып табылады. 

    В: Банк несиесін алушылар кімдер? Жеке тұлға Банктен несие ала ала ма? 
    О: Банк несиесін алушылар тек өзінің несиеге қабілеттілігін, төлем қабілеттілігін және қаржылық тұрақтылығын растаған заңды тұлғалар ғана бола алады. 

    В: Банк қызметінде несие берудің қандай түрлері қолданылады? 
    О: Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несие беру, оның ішінде инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру; Несие беру, оған қоса қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға өткізуге көмектесетін экспорт операцияларын бірлесіп қаржыландыру.
  • В: Банк қандай салаларда жобаларға несие береді? 
    О: Банк өзінің несие қызметін Банктің Несие қызметі туралы меморандумымен орнатылған инвестициялық басымдылықтарға сәйкес жүргізеді. Осы басымдылықтар мұнай мен газды барлау және өндіру салаларынан басқа, барлық экономика салаларын қамтиды. 
    Мерзімдер 
    Инвестициялық жобаны қаржыландыру бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады.
    Валюта
    Инвестициялық жобаларға несие инвестициялық жобалардың талаптарына сәйкес ұлттық валютада және шетел валютасында беріледі. 
    Несие сомасы
    Даму Банкімен Инвестициялық жобаны қаржыландыруының минималды сомасы 7 (жеті) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады, бұл ретте азық-түлік және сусындар саласында іске асырылатын Инвестициялық жобаны қаржыландырудың минималды сомасы 3 (үш) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде орнатылады.
    Шешімдерді қабылдау тәртібі
    Банк сараптамасы бойынша оң қорытынды алған инвестицлық жобаға несие беру туралы мәселе Даму Банкі Несие комитетінің қарауына ұсынылады. Даму Банкінің Несие комитеті оң шешім шығарған жағдайда, несие құралдарын беруге қатысты мәселе Даму Банкі Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.
  • Экспорт операциялары 

    Мерзімдер
    Экспорт операциялара несие беру кезінде мерзімдер экспор операциясының талаптарына сәйкес анықталады. 

    Валюта
    Экспорт операцияларына несие экспорт операцияларының талаптарына сәйкес ұлттық валютада және шетел валютасында беріледі. 

    Несие сомасы
    Экспорт операциялары бойынша Даму Банкімен берілетін несиенің ең төменгі сомасы 1 (бір) миллиард теңгеге тең мөлшерде белгіленеді. 

    Шешімдерді қабылдау тәртібі
    Банк сараптамасы бойынша оң қорытынды алған экспорт операциясына несие беру туралы мәселе Даму Банкі Несие комитетінің қарауына ұсынылады. 1 (бір) миллиард теңгеден аспайтын мөлшердегі экспорт операциясына несие беру бойынша шешімді Банкінің Несие комитеті қабылдайды. 

    1 (бір) миллиард теңгеден асатын мөлшердегі экспорт операциясына несие беру бойынша Несие комитеті оң шешім шығарған жағдайда, несие құралдарын беруге қатысты мәселе Даму Банкі Директорлар кеңесінің қарауына ұсынылады.
  • В: Банк кепілдіктер мен қаржылай көмек көрсете ме? 
    О: Қазақстан Республикасының заңнамасымен Бакнпен кепілдік көмек көрсету көзделмеген, ал жеңілдетілген талаптармен несие беруге мүлдем тыйым салынған. 

    В: Жобаны қаржыландыру кезінде тұрақты дамудың экологиялық тұстарына назар аударасыздар ма? 
    О: Банкпен инвестициялық жобаларды және экспорт операцияларын таңдау кезіндегі басты критерйилердің бірі – экологиялық талаптардың сақталуы. 

    В: Банк қысқа мерзімді несиелерді бере ме? 
    О: Жоқ. Банк инвестициялық жобалар мен экспорт операцияларының орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруын ғана жүргізеді.
  • В: Инвестициялық жобалар мен экспорт операцияларын таңдау кезінде Банк қандай критерийлерді ұстанады? 

    О:
    - Инвестициялық жобалардың осы Меморандуммен анықталған басымдылықтарға сәйкестігі; 
    - Жобаны іске асыру нәтижесінде пайда болатын өнімді өткізудің қамтамасыз етілгендігі және шикізат базасының жеткіліктілігі; 
    - Жобалық шешімдердің технологиялық және техникалық негізділігі; 
    - Экологиялық талаптардың сақталуы; 
    - Жобалық құжаттаманың сапасы және толықтығы; 
    - Институционалдық пысықталуы, білікті менеджменттің болуы; 
    - Несиені қамтамасыз етудің болуы; 
    - Қарыз алушыға қойылатын талаптардың (несие қабілеттілік, төлем қабілеттілік, қаржылық тұрақтылық және т.б.) орындалуы.
1 2 3 4 5