Экспорт операцияларын қаржыландыру

Экспорттық операцияларды қаржыландыру мерзімі экспорттық операцияның шарттарына байланысты анықталады.

Қазақстанның Даму Банкінің экспорттық операцияларды қаржыландырудың ең төмен сомасы 1 (бір) миллиард теңгеге баламалы мөлшерде белгіленеді.

Қазақстанның Даму Банкі қаржыландыру шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген экспорттық операцияларды қаржыландыруға қатысатын болса, Даму Банкінің қаржыландырудың ең төмен сомасы бойынша шектеу туралы талабы қолданылмайды.