Инвестициялық жобаларды қаржыландыру

Даму Банкінің қаржыландыруының басым бағыттары мыналар:

1) Даму Банкінің ішкі актілеріне сәйкес есептелетін әлеуметтік-экономикалық әсері бар және төмендегілерді жасау және (немесе) дамытуға бағытталған Инвестициялық жоба, Экспорттық операция:

а) Энергетика, байланыс, көлік инфрақұрылымының объектілері, сонымен қатар төлқұжат сатып алу;

б) Инвестициялық жоба аясында шикізат өндірісі және (немесе) сатып алу, тасымалдау, оны қайта өңдеу мен дайын өнімді сатуды қоса алғанда, ауыл шаруашылық өндірістері;

в) Инвестициялық жоба, Экспорттық операция аясында шикізат өндіру және (немесе) сатып алу, тасымалдау, оны қайта өңдеу мен дайын өнімді сатуды қоса алғанда, өнеркәсіптік өндірістер, келесі салаларда:
● Металлургиялық өнеркәсіп және металлдан жасалған бұйымдар өндірісі;
● Машина жасау;
● Инвестициялық жоба аясында өндірілген/алынған материалдарды ары қарай қайта өңдеу жағдайында тау-кен өнеркәсібі;
● Химия және мұнай химия өнеркәсібі, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттарды, рәзеңке және пластмассадан жасалған бұйымдар, металл емес минералды өнімді шығару;

г) Қызмет көрсету саласындағы объектілер (коммерциялық негізде): туристік, экологиялық, медициналық, оқу, спорттық –сауықтыру, қонаүй;

д) Шетелде жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасы транзиттік әлеуеті, инфрақұрылымды дамытуға, қазақстандық тауарлар, жұмыстар, қызметтер және капиталды экспорттауға әсер ететін жобалар үшін жағдайлар;

е) Тағам өнімдері мн сусындар өндірісі саласындағы объектілер;

2) Квазимемлекеттік және (немесе) мемлекеттік сектор субъектілері болып табылмайтын заңды тұлғалар жүзеге асыратын коммерциялық жобалар;

3) Бағдарламаларды жүзеге асыратын (табиғи монополиялар субъектілерінің жобаларын қоспағанда) мемлекеттік қатысуымен, соның ішінде жобаны жүзеге асыру нәтижесінде жасалатын/жасалған/модернизацияланған объектілердің бәсекелі ортасына біртіндеп беру мүмкіндігімен заңды тұлғалар жәнет (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жобалары.