Несие өнімдері
  • Корпоративтік қаржыландыру

    Инвестициялық жобаларға орта және ұзақ мерзімді несие беру жүйесі жаңа өндіріс орындарын құруға, жұмыс жасап жатқан өндірістерді кеңейтуге және жаңартуға, сонымен қоса, активтер, акциялар пакетін (қатысу үлесін), мүліктік кешендерін алуға бағытталған.

    Қарыздың ең төменгі сомасы – 7 (жеті) миллиард теңге

    Азық-түлік және сусын өндірісі саласында жүзеге асырылатын жобалар үшін - 3 (үш) миллиард теңге

    Қарыздың ең төменгі мерзімі– 5 жыл.

    Компанияның өзіндік қатысуының өлшемі – инвестициялық жоба сметасының сомасынан 20% кем болмайды.

    Инвестициялық жобалар аясында ағымдағы қызметке айналым қаражаты мақсатында несие беру. Ұсынылатын қарыздың ең жоғарғы үлесі – жоба бойынша мақұлданған несие желісі сомасынан 40% дейін, егер уәкілетті органның шешімімен басқалай анықталмаса.

    Қарыз алу мерзімі – инвестициялық жобаны қаржыландыру мерзімінен кем.


  • Жобалық қаржыландыру

    Жобалық қаржыландыру –қарыз қаражатын төлеудің негізгі көзі жобаны жүзеге асырудан түсетін ақшалай түсімдер мен кірістер ағындары болып табылатын инвестициялық жобаларға несие беру.

    Қарыздың ең аз сомасы: 7 (жеті) миллиард теңге*

    Қарыздың ең шекті мерзімі – 20 жылға дейін.

    * шетел валютасында көрсетілген өнімдер түрлері бойынша қарыздардың ең жоғары сомалары бөлігінде өзгерістер күтілуде. Толық ақпаратты ҚДБ өкіліне хабарласып алуға болады.

  • Бірлестірілген қаржыландыру

    Бірлестірілген қаржыландыру – ҚДБ және банктердің бірлескен қатысуы арқылы жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларға несие беру

    Қарыздың ең аз сомасы: 7 (жеті) миллиард теңге*

    Қарыздың ең шекті мерзімі – 20 жылға дейін.

    * шетел валютасында көрсетілген өнімдер түрлері бойынша қарыздардың ең жоғары сомалары бөлігінде өзгерістер күтілуде. Толық ақпаратты ҚДБ өкіліне хабарласып алуға болады.


1 2 3