Қазақстанның Даму Банкі

Банк көрсететін қызметтер

Банк бүгінгі күнде өнеркәсіптің шикізатқа жатпайтын салаларында бәсекеге қабілетті және экспортқа бағдарланған өндірістер құруға, сондай-ақ Қазақстанда өнеркәсіптік, энергетикалық, көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылым объектілерін құруға және жаңғыртуға бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Банк, инвестициялық жобаларға және экспорттық операцияларға ұзақ мерзімді (5 жылдан артық мерзімге) кредиттеу қызметтерін көрсету, жобаларға агенттік қызмет көрсету және банктік кепілдіктер берумен қатар клиенттерге:

-жобаларды тиімді құрылымдау есебінен тартылған капиталдың құнын төмендету;
-олардың қаржылану көздерін саралау;
-бірлесе қаржыландырып отырған тараптар арасында жоба бойынша тәуекелдерді бөлу; -жобаларды қаржыландыру үдерісін жеңілдетуге мүмкіндік беретін бірқатар қосымша қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ клиентке капиталдың сыртқы және ішкі нарыққа шығатын кезінде инвестициялық банкинг қызметін көрсетеді.

Әлемдік жетекші даму банктерінің тәжірибесіне сүйене отырып, Банк, жобалық облигациялар шығару, мезаниндік қаржыландыру және т.б. сияқты қаржыландырудың инновациялық тетіктерін енгізу есебінен пайдаланылатын қаржылық құралдар қатарын кеңейту мақсатында үздіксіз жұмыс істейді.

Банктің кредиттік саясатының негізгі қағидаттары және басымдықтары, инвестициялық басымдықтары, қарыздық қаражаттар тартуға сандық шектеулер, лимиттер, бағыттар, мүмкін болған талаптар, кредиттеудің тәртібі мен мерзімі, меншікті капиталын орналастыру, бірлесіп қаржыландыру, кепілдіктер беру, агент функцияларын орындау ұлттық басқарушы компания бекіткен Банктің кредиттік саясаты туралы меморандумда белгіленген.

Сайттың «Банк көрсететін қызметтер» бөлімі Сіздерге банктің шынайы сектор кәсіпорындары мен қаржылық ұйымдар үшін талаптарын, мерзімдерін, қажетті құжаттар пакетін, кері байланыс сауалнамасын, клиенттерге ұсыныстарды, байланыс ақпаратын қоса алғанда ұсынатын қызметтер туралы барлық қажетті ақпаратты және басқа да көптеген ақпарат ұсынады.

Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54