Қазақстанның Даму Банкі

Инвестициялық банкинг қызметтері

Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасы қаржыландыруды тартуды экономиканың кез келген бөлшегі қызметінің маңызды бір бөлігі етеді. Қосымша қаражат тарту тек өз бизнесіңді кеңейтіп, нық капиталдануға қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық әріптестермен қарым-қатынасты әрі орнатуға, әрі қалпына келтіруге және өзі туралы әлемге паш етуге мүмкіндік береді.

Екінші жағынан, инвестициялар, ғылыми-техникалық прогреске, жаңа өндірістік қуаттар құруға, жетілдіруге және қолданыстағысын жаңғыртуға ықпал ете отырып, ұзақ мерзімді капитал салымы ретінде инвесторлар үшін табыстың елеулі көзі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан саяси тұрақты және тез дамушы мемлекет болып табыла отырып, шетелдік инвесторлар үшін өте тартымды.

Қаржы қызметтері нарығының заманауи ақиқаттары өз қатысушыларын бірінен бірі өтетін жаңа өнімдер енгізуге міндеттейді, олардың бірі инвестициялық банкинг болып табылады.

Инвестициялық банкинг халықаралық нарықта дәстүрлі түрде брокерлік-делдалдық операциялар, инвестициялық консультациялау, сенімгерлік басқару, бағалы қағаздар нарығында андеррайтинг бойынша қызмет көрсету бағыттары бойынша қызметті білдіреді. Еліміздің қаржы нарығын дамытуға бет алысы инвестициялық банкинг қызметтеріне сұраныстың артқаны туралы куәландырады.

Осыған орай, Банктің бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы бола отырып, Банк туралы Заңға сәйкес, тікелей қаржыландырумен қатар инвестициялық банкинг қызметтерін, атап айтқанда, бағалы қағаздар нарығында қаржы консультантының және андеррайтердің қызметтерін көрсетуге құқығы бар, осылай ол өзінің әлеуетті клиенттерінің талаптарын толығымен қанағаттандырады.

Банк осы сәтте инвестициялық банкинг шеңберінде мынадай қызметтер тізбесін ұсынады:

- S&P, Moody’s, Fitch (rating advisory services) сияқты рейтинг агенттіктерінің рейтингтерін алуға арналған қызметтер;

- компанияның мүмкіндігін талдауды, қаржылық талдауды, заңдық және қаржылық құжаттамаларды дайындауды, халықаралық қор биржаларының листингіне кіру рәсімдерін сүйемелдеуді қоса алғанда Банк клиенттерін халықаралық қор нарықтарына алып шығу (IPO-Initial Public Offering);

- инвесторлар іріктеуді, заңдық және қаржылық құжаттамаларды дайындауды қоса алғанда синдицирленген қарызды ұйымдастыру;

- нарықты талдауды, клиенттерді қор нарығына алып шығу жөніндегі қажетті рәсімдерді жүргізуді қоса алғанда ішкі және сыртқы капитал нарықтарында облигациялар шығаруды ұйымдастыру және андеррайтинг, облигацияларды халықаралық және Қазақстандық биржалардың листингіне енгізу бойынша талап етілетін құжаттамаларды, рәсімді дайындау;

- басқа да қаржылық консалтингтік қызметтер.


Андеррайтинг және қаржы консультантының қызметтері

Қаржы консультантының қызметтері

Қаржы консультантының қызметтері мыналарды қамтиды:

1. Эмитентті мемлекеттік тіркеу үшін бағалы қағаздарының бүкіл құжаттамасын дайындау және орналастыру;
2. ҚҚА, Қазақстан Қор Биржасы, РФЦА-мен облигациялық шығарылымдарын тіркеу, оларды ішкі қаржы нарығының сауда-саттық алаңының ресми тізіміне енгізу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл;
3. Шығаруға ұсынылатын бағалы қағаздардардың құрылымы мен өлшемдері бойынша консультациялық қызметтер.

Андеррайтер қызметтері

Банк облигациялық шығарылымдарды ұйымдастыру шеңберінде өзінің клиенттерінің бағалы қағаздарын ішкі қор биржасында орналастыру бойынша қызметтер көрсетеді, оның ішінде:

1. әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізу;
2. ішкі қор биржасында саудаластық ұйымдастыру;
3. маркет-мейкер қызметін көрсету (баға белгіленімдерін қойып шығу.).



Қазынашылық департаменті
Карибжанов Марат +7(7172)792649 maratk@kdb.kz




Тұсаукесер - Инвестициялық банкинг

Ақпарат
Көмек орталығы
Астана +7 (7172) 79-26-00
Алматы +7 (7273) 11-04-70
Call-центр 8 800 080 555 9
Телефон доверия по коррупционным правонарушениям +7 (7172) 79-84-54