«Altyn Shyhys» ЖШС

«Altyn Shyhys» ЖШС-нің экспорт алдындағы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде одан әрі қайта өңдеу және экспортқа өткізу үшін шикізат (күнбағыс) сатып алу мақсаттарына қаржыландыру.

Агроөнеркәсіптік кешен

Қаржыландыру мәртебесі: Кепілдік мәртебесі: Қаржыландыруда

«Altyn Shyhys» ЖШС туралы мәліметтер

Жобаның атауы «Altyn Shyhys» ЖШС-нің экспорт алдындағы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде одан әрі қайта өңдеу және экспортқа өткізу үшін шикізат (күнбағыс) сатып алу мақсаттарына қаржыландыру.
Жобаның сипаттамасы Дайын өнімді кейіннен қайта өңдеу және экспортқа өткізу үшін шикізатты (күнбағысты) сатып алу мақсаттарына 15 млрд теңге мөлшерінде қаржыландыруды тарту
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың қарыз алушысы «Altyn Shyhys» ЖШС
Соңғы бенефициарлар
Абдыкалыков Ербол Алимканович
Өндірілетін өнім Күнбағыс майы, күнбағыс шроты
Жобаны қаржыландыру құрылымы Жобаның құны 35 млрд теңге
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың қаржыландыру валюталары бөлінісінде қатысуы 35 млрд теңге, оның ішінде:
1-кредиттік желі – 15 млрд теңгеге дейін;
2-кредиттік желі – 5 млрд теңгеге дейін;
3-кредиттік желі – 15 млрд теңгеге дейін.




«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-тың қаржыландыру құралын ұсыну шарттары Қаржыландыру валютасы 1-кредиттік желі – теңге, АҚШ доллары;
2-кредиттік желі – теңге;
3-кредиттік желі – теңге.
Қаржыландыру құралының түрі Жаңартылатын кредит желісі
Сыйақы мөлшерлемесі

1-кредиттік желі:
1) теңгемен:
қолданыстағы қарыздар бойынша – жылдық 18,58%, тіркелген;
жаңадан берілетін қарыздар бойынша – жылдық 18,77%, тіркелген;
2) АҚШ долларымен – жылдық 6,04%, тіркелген.
2-кредиттік желі – жылдық 7%, тіркелген.
3-кредиттік желі: сыйақы мөлшерлемесі – сыйақы мөлшерлемесі 14.03.2023 жылғы №1206-Вн экспорт алдындағы қаржыландыру ұсыну кезінде шартты банк салымдарын орналастыру туралы келісім шеңберінде жасалған шартты банк салымы шартымен белгіленген мөлшерлеме + жылдық 2,30% сомасы ретінде есептеледі, тіркелген.
Бұл ретте шартты банк салымы шартындағы сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банк салымы шартына қол қою сәтінде қолданыста болған базалық мөлшерлемесі негізінде мынадай тәртіппен айқындалады:
егер базалық мөлшерлеме жылдық 15%-дан төмен болса – жылдық базалық мөлшерлеменің жартысы ретінде;
егер базалық мөлшерлеме жылдық 15% және одан жоғары болса – жылдық 7,5%.
Сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері кредиттік желі бойынша әрбір қарызға жеке айқындалады.

Несие желісінің мерзімі

1-кредиттік желі – 01.09.2028 ж. дейін;

2-кредиттік желі – 20.05.2026 ж. дейін;

3-кредиттік желі – 15.05.2029 ж. дейін.

Қаржыландыру көздері

1-кредиттік желі – меншікті қаражат;

2-кредиттік желі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ экспорттаушыларды қолдау жобаларын қаржыландыру бағдарламасы;

3-кредиттік желі – «Қазақстан Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Банкке орналастырылған банк салымы (экспорттаушыларды қолдау жобаларын қаржыландыру шеңберінде).

Қосымша ақпарат Мекен-жайы
Шығыс Қазақстан облысы, Глубокий ауданы, Красноярский а. о., Предгорное а., Главная көшесі, 29 құрылыс
Тел.: +7 705 412 3490