Банк развития Казахстана
  • kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Қазақстанның даму банкі» АҚ Ұлттық даму институтының сенімділігін әрі ашықтығын жоғары бағалайды және клиенттердің Банкпен алға қойылған міндеттерін және мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруын адал, әділ әрі тиянақты орындауын күтетінін түсінеді.

Осы мақсатпен «Қазақстанның даму банкі» АҚ-нда Қазақстан Республикасының ұлттық заңдылықтарын, банкте бекітілген ішкі және сыртқы ережелерді, процедураларды, бизнесті жүргізудің негізгі адамгершілік-этикалық ұстанымдары мен корпоративті басқару жүйесін бақылауды қамтамасыз ететін комплаенс жүйесі енгізілді. Комплаенстің негізгі қызметтері: Заңсыз жолмен алынған табыстың жымқырылуын, террорлықты қаржыландыруды болдырмау және алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты анықтау мен болдырмау; Мүдделердің жанжалдарын реттеу тиімділігі; Банк қызметкерлерімен бизнесті жүргізуде талаптар мен кәсіптік этиканы сақталуын бақылау.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ қызметкерлері тарапынан ескерту және алаяқтық жағдайларды болдырмау мақсатында Банк басышылығының клиенттермен және қызметкерлермен өзара байланыс орнатылған. Осы өзара байланыстың көмегімен сіз басшылыққа Банк қызметкерінің сіздің мүддеңізге зияны тиетін немесе Банк беделіне нұқсан келтіретін теріс мінез құлқы жайлы, ақпарат бере аласыз. Әрбір хабар міндетті түрде тексерілетін болады. Бізде хабардың анонимділігі қарастырылғанын айтқымыз келеді, егер сіз өзіңізбен байланыс жасау телефонын немесе мекен жайыңызды қалдырсаңыз, біз сізге ол қызметкердің ісін қарау қорытындылары жайлы хабарлаймыз.

Сіздерге өздеріңіздің көмектеріңіз арқылы бізде көрсетілетін қызмет сапасын арттыра алатынымыз үшін, сондай, ақ лауазымды тұлғалардың және Банктің басқа да қызметкерлерінің жеке мүдделері, олардың іскерлік және басқа да байланыстары Банктің шешім қабылдау механизмінің абыройын түсіріп немесе корпоративті басқару жүйесінің беделіне нұқсан келтіре алмайтындай жағдайлар туғызғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Өз хабарламаңызды сіз Комплаенс бақылауға мына ерте байқау формасы арқылы жібере аласыз. Форманы толтырар алдында оның нұсқаулығымен танысыңыз. Комплаенс туралы бойынша сенім телефондары: +7-7172 – 79-84-54.