• kz

Біздің күнделікті тәжірибемізде біз корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануға тырысамыз және үздік халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, осы саладағы жақсартулар бойынша үздіксіз жұмыс істейміз.

"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Банктегі корпоративтік басқару мынадай қағидаттарда құрылады: 

  • өкілеттіктердің аражігін ажырату;
  • жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Банкті директорлар кеңесі мен басқарманың тиімді басқаруы;
  • тұрақты даму;
  • тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және ішкі аудит;
  • корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу;
  • Банктің қызметі туралы ақпаратты ашудың ашықтығы мен объективтілігі.

Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін сақтаудың сөзсіз басымдығымен қатар Банктегі корпоративтік басқару жүйесі клиенттердің, инвесторлардың, жұртшылықтың және Банк қызметіне мүдделі барлық тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Банктің Директорлар кеңесі акционерлердің мүдделерін іске асыруды және құқықтарын қорғауды, Банктің алдында тұрған стратегиялық міндеттерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Корпоративтік басқарудың жалпы қабылданған қағидаттарына сүйене отырып, Банктің Директорлар кеңесінің екі мүшесі "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ жалғыз акционері ұсынған тәуелсіз директорлар болып табылады. 2021 жылы Банктің Директорлар кеңесінің 20 күндізгі және 8 сырттай отырысы өтті, онда 136 қарастырылған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. 

Банкте сондай-ақ Банктің Ішкі аудит қызметі, тәуелсіз аудиторлық компаниялардың Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ХҚЕС) сәйкестігіне тұрақты тексерулері жүзеге асыратын сыртқы және ішкі бақылаудың тиімді жүйесі жасалды.  

Менеджмент шешімдерінің барынша ашықтығын және негізділігін қамтамасыз ету мақсатында Банк Банктің веб-сайтында, отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табатын Банк қызметі туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын жақсарту саясатын ұстанады.

Корпоративтік басқару­дың жоғары деңгейі кез келген компания қызметінің тиімділі­гін дәлелдейді. Сондық­тан Даму Банкі осы салада корпоративтік және халықаралық танылған тәсілдерді одан әрі жетілдіру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.


Ішкі нормативтік құжаттар