Банк развития Казахстана
  • kz

Болат Жәмішев: «ҚДБ-да нарықтан қаражат тартумен байланысты проблемалар жоқ – мәселе осы тартылулардың құнында»

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) басқармасының төрағасы Болат Жәмішев Къ берген сұқбатында даму институттары жобаларды қаржыландыру кезінде неліктен бюджет ақшасын пайдаланатынын және нарықтан қарыз тарту ірі инвестициялық жобаларға мемлекеттік қаражат құюды қашан және қандай жағдайларда ауыстыра алатынын әңгімеледі.

- Болат Бидахметұлы, соңғы уақытта коммерциялық банктерге бюджеттік ассигнованиялар есебінен өңдеу өнеркәсібіне кредиттер беру мүмкіндігін қарастыру қажет деген пікір мынадай статистиканың негізінде пайда болды: Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына кредит беру кезінде ҚДБ үлесі бүкіл көлемнің 57% құрайды, алайда бұл ретте ол жиырмаға жуық ірі жобаны қамтиды. Бұл ретте банкке ішкі және сыртқы нарықтарда кредиттеу үшін қаражат қарызын тарту ұсынылады – ал Сіз перспективада тартылатын бюджет қаражатына қандай да бір баламаны көресіз бе?

- Бюджет ақшасына балама – бұл нарықтық ақша екені түсінікті, алайда біз бюджет ақшасы есебінен бүгінде 2015-2019 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) іске асырып жатқанымызды еске салғым келеді. Бұл ақша оған ҚДБ нарықтан қаражат тарта алмайтындықтан барып жатқан жоқ. Бүгінде ұзақ мерзімді үлкен инвестициялық жобаларды іске асыру үшін нарықта ақша жеткілікті түрде қымбат және үкімет бюджет ақшасын біздің операцияларымызды ішінара қорландыра отырып, қарызды арзандату үшін бөледі. ИИДМБ іске асыру кезінде Ұлттық қордан келген 75 млрд теңге болжанды, 150 млрд теңгені біз нарықтан тартуға және жиынтығында 225 млрд теңгеге инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тиіс болдық – оны біз жасадық. Бағдарламада ағымдағы жылды қоса алғанда 167 млрд теңге үш жылға бюджеттен бөлінеді деп болжанды (анықтама: 2016-2017 жылдары 155 млрд теңге ҚДБ-ға Республикалық бюджеттен қарыз түрінде бөлінді, 12 млрд теңгені ағымдағы жылы бөлу жоспарлануда), осындай соманы біз нарықтан тартуға және өңдеу секторындағы инвестжобаларды іске асыруға тиіспіз.

Біз қазір осы бағдарламаны іске асыру сатысында тұрмыз. Біз жұмыс істейтін жобалар бар және үкімет қаулысымен бюджеттен бөлінетін әрбір транш жобаны табуды және өңдеуді есептегенде үш жылдың ішінде игерілуге тиіс деп белгіленген.

Бір жылдың ішінде кәсіпорынның салынбайтыны түсінікті, кәсіпорынды салуға және оны қаржыландыруға екі-үш жыл қажет. Сондықтан біз сол қажетті мерзімдерде осы бюджет қаражатын игереміз, оның сыртында нарықтан тартатын ақшаны да игеретін боламыз. Және айтпақшы, біздің жақында сыртқы нарықтарға шығуымыз ішкі нарыққа қарағанда сыртқы нарықтан қарызға қаражат алу арзан болатындай жағдайдың қалыптасқанымен түсіндіріледі.

Тағы да айтамын: бізде ішкі нарықтан ақша тартумен байланысты проблемалар жоқ, мәселе олардың бағасында ғана, ал бүгінде нарықтағы баға үлкен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін айтарлықтай жоғары. Олар өзін өтейтін шекті мөлшерлеме 10-11%, ал біз бүгінде нарықтан 15 жылдық ақшаны осындай мөлшерлеме бойынша өзіміз ғана тарта аламыз, алайда тәуекел үшін маржаны ескерсек, бұл кәсіпорындар үшін қымбатқа түсетіні түсінікті. Өтімділікпен байланысты коллапстан кейін Қазақстандағы ахуал қазір тұрақталуда, алайда ұзын ақша бойынша нарықтағы құн әлі де жеткілікті түрде жоғары. Сондықтан біз сыртқы нарыққа орналастық, ал теңгемен қарыз алу кезінде біз, әрине, ішкі нарыққа бағдарланамыз. Нарықтағы ақша құны төмендейді деп ойлаймыз, ал ақша құнының төмендеуімен бірге ішкі нарықта бюджеттен қорландыруға қажеттілік болмайтын болады.

- Сіздің болжамыңыз бойынша, ішкі нарықтағы ақшаның құнының оңтайлы деңгейге дейін төмендеуін қаншалықты ұзақ күтуге болады?

- Құн оңтайлы деңгейге дейін әлі екі-үш жыл ішінде төмендейтін болар, әрі егер осы екі-үш жылдың ішінде біздің экономикамыздың макроэкономикалық тұрақтылығы да қамтамасыз етілген жағдайда: бағам бойынша қандай да бір түзетуді талап ететін, тағы да экономикадағы ақша құнына әсер ететін ешқандай сыртқы шоктар болмайды – біздің пайымымыз осындай.

- Осы құн оңтайлы болысымен коммерциялық банктер өңдеу саласындағы ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін алады, ҚДБ автоматты түрде сыртқа шығып қалмай ма?

- Былай дейік: ҚДБ-ның екінші деңгейдегі банктермен бәсекелеспеу мәселесі барлық уақытта қаржы секторының назарында тұрады. Бірақ бүгінде ахуал банктердің ұзақ мерзімді үлкен ұзын қарыздарды іс жүзінде қаржыландырмайтын жағдайда тұр. Бұған көптеген себептер бар, ал егер банктер бұл бағыттағы жұмысты жандандыратын болса, онда акционер қарыздың ең аз сомасын көтеретін болады, яғни ҚДБ ең ірі инвестициялық жобалармен ғана жұмыс істейді.

- Ал Даму Банкі іс жүзінде өз тауашасын қалай айқындайды?

- Бүгінде біз $20 млн-нан басталатын жобаларды қаржыландырамыз дейік, бұл шаманы $30, 40, 50 млн дейін көтеруге болады, сонда біз ең ірі жобаларды ғана қаржыландыратын боламыз. Бүгіндегі шама – $20 млн, негізгі проблема қарыздың сомасында ғана емес, негізгі проблема – мерзімде: қоржынды дюрациялаудың (кредитті өтеудің орташа мерзімі – Къ) орташа мерзімі – 14 жыл. 15-20 жылға қаржыландыру үшін, осы мерзімге қарыз беру үшін қорландырудың тиісті базасы болуы қажет. Бұл бүгінгі таңда екінші деңгейдегі банктер үшін негізгі проблема болып табылады.

- Сіз ҚДБ 100 млрд теңге көлеміндегі теңгеге деноминацияланған еврооблигациялардың екінші шығарылымын жүзеге асырған таяудағы осы жылдың сәуіріндегі сыртқы қарыз тарту туралы еске алдыңыз. Бұл ретте Сіздің мекемеңізге қарыз тарту мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтудың және 2017 жылғы желтоқсандағы дебюттік орналастырумен салыстырғанда купон мөлшерлемесін 9,5%-дан 8,95% дейін төмендетудің сәті түсті. Осы орналастырудың нәтижелерін Сіз қалай бағалайсыз және ҚДБ осы құралды тағы да пайдалану және халықаралық нарықтардан қосымша қарыз тартуды жүзеге асыру ниетінде ме?

- Өткен жылдың желтоқсанында теңгелік еврооблигациялармен шығу жаһандық қаржы нарығындағы теңге құралдарының дебюттік эмиссиясы болғанын және оларды алғашқы жария шығару болғанын еске саламын. Біздің облигациялар жеткілікті үлкен сұранысқа ие болды, бірінші және екінші жағдайларда эмиссия көлемінің 2% ғана қазақстандық инвесторлар сатып алды, қалғандарын түгелдей шетелдік инвесторлар, ең алдымен – Ұлыбритания, Еуроодақ және АҚШ инвесторлары сатып алды. Бірінші жағдайда үш жылдықтарды 9,5%-бен орналастырдық екінші жағдайда мөлшерлеме 8,95%, кірістілік – 9,25% болды, және бұлар бес жылдық қағаздар болды.

Егер осы орналастырудың нәтижелері туралы айтар болсақ, онда біріншіден, ол халықаралық инвесторлардың тарапынан теңгеге деген белгілі бір сенімнің болғаны туралы куәландырады. Екіншіден, ол эмитент ретіндегі біздің қаржылық жағдайымыздың инвесторларды толық қанағаттандыратынын білдіреді. Біз шынында да сенімді қарыз алушы болып табыламыз. Және бұл тұрғыдан алғанда, біздің эмитент ретінде сыртқы да, ішкі де инвесторлар үшін, атап айтқанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үшін қызғылықты екендігіміз даусыз.

Евробондармен тағы да шығу ниетіндеміз бе? Қазір емес. Біз борыш профилін басқарамыз, үш және бес жылдық қағаздарды орналастырдық, енді бізге неғұрлым ұзын қағаздар қажет. Осы ұзын қарыздарды біз ішкі нарықтан ғана ала аламыз. Жалпы ағымдағы жылы бізде орналастыру, қосымша теңге тарту ниеті жоқ, өйткені бізде бар өтімділікті дамыту жоспарын орындау үшін қаражат бүгінде жеткілікті. Жобалар көп болса, қорландыруға қажеттілік те үлкен болса – орналастыратын боламыз. Биылғы жылы жаңа орналастыру жоспарда жоқ.

- БЖЗҚ туралы сөз болған екен: қазір зейнетақы активтерінің төмен кірістілігі проблемасы Қазақстанда ең көп талқыланатын тақырып болып отыр, бұл ретте оларды елдегі қандай да бір жобаларды – атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде пайдалану мүмкіндігі туралы мәселе барған сайын жиі көтерілуде. Бұл жерде тәуекелдер жоқ па?

- Шын мәнінде, зейнетақы активтерінің төмен белсенділігі туралы айтқанда, менімше бұл дәл уәж деп айтуға келмейді. Зейнетақы жинақтарының осы зейнетақы ақшасын қарызға алушылар үшін қолайлы кірістілігі болуға тиіс. Сондықтан егер сен жоғары кірістілік жарияласаң, онда БЖЗҚ-дан ақша тарту кезінде оларды оңай орналастыра алмайтының түсінікті.

Бұл жерде жоғары инфляцияның зейнетақы жинақтарын құнсыздандыруға қабілетті екендігі туралы айтқан дұрыс, сондықтан проблема зейнетақы жинақтарының төмен кірістілігінде емес, көп жыл бойындағы өте жоғары инфляциялық жағдайында. Сондықтан макроэкономикалық тұрақтылық, инфляцияны төмендету – бұл зейнетақы жинақтары инвестицияларының тиімділігін арттыру негізгі бағыт болуға тиіс. Оған қоса зейнетақы жинақтары қоржыны тәуекелдерді азайту үшін әртараптандырылуға, елдік бөліністе де, сондай-ақ эмитенттер бойынша ел ішінде де әртараптандырылуға тиіс.

Тағы да: зейнетақы ақшасының қандай да бір мақсаттарға пайдаланылғаны туралы мақалаларды оқығанда, бұл ақпараттың дұрыс берілмеуі деп есептеймін. Сіз депозит ашқанда, ақшаны депозитке салу үшін пайдаландым деп айтпайсыз ғой, сіз оны сақтау және тиісті кіріс алу үшін салдыңыз. Егер сіз депозит ашсаңыз және бұл ретте өз ақшаңызды «пайдалану» туралы айтпасаңыз, онда зейнетақы ақшасы туралы сөз болғанда неліктен олардың пайдаланылғаны туралы айтылады?

- Онда Сіздің пікіріңізше дұрыс тұжырым жасау қандай болу керек?

- Зейнетақы жинақтарын орналастыру – бұл олар бойынша кірістілік алу үшін, олардың өсімін қамтамасыз ету үшін оларды басқару. Ал мақала тақырыптарын оқығанда: «Адамдарда олардың ақшасын, зейнетақы жинақтарын қандай да бір мақсатқа пайдаланып кетті – пайдаланды деген сөз жоқ болды деген сөз деген ой бәрібір туындайды» деген ой келеді.

- ҚДБ-ның қарыз тартуға қажеттілігі мәселесіне оралайық: Сіз қазіргі кезде Банкте теңгедегі жаңа эмиссияға қажеттілік жоқ дедіңіз, ал валютадағыға ше?

- Валютамен қарыз тартуға келетін болсақ, онда біз егер жобалар валюталық тәуекелдерді пайдаға жарата алмаса, жобаларды шетелдік валютамен қаржыландырмаймыз. Сол арқылы біз валюталық тәуекелдерді табиғи түрде хеджирлейміз және егер біздің клиенттеріміз ондай тәуекелдерді пайдаға жарату жағдайында болмаса, оларда ондай тәуекелдер болуына жол бермейміз. Сондықтан бізде негізгі сұраныс теңгемен.

Сонымен бірге, шетелдік валютамен қаржыландыруға болатын экспортқа бағдарланған ірі жобалар да пайда болады. Бұл жерде бізде валюталық қарыз үшін капиталдың халықаралық нарықтарына шығу мүмкіндігі бар, бізде ҚХР мемлекеттік банктерінен іс жүзінде байланысты емес қарызды өте жақсы шарттармен тарту мүмкіндігі бар. Қытайдың мемлекеттік даму банкімен тиісті меморандумға қол қойылды. Яғни бізде шетелдік валюта тарту үшін тез және тиімді орналастыру мүмкіндігі бар. Алайда мұны бізге қандай жобалардың келуіне байланысты оны жасаймыз немесе жасамаймыз.

- ҚДБ басқалармен қатар экспорттық операцияларды қаржыландыруды жүзеге асырады – осы салада қандай проблемалар мен тәуекелдердің болатынын білуге бола ма?

- Иә, біз экспорттаушыларға экспорттық және экспорталды қаржыландыру арқылы қолдау көрсетеміз. Бұл қазір қазақстандық өзге қаржы институттары қандай да бір себептер бойынша иелене алмайтын тауашаны банктің иеленуі үшін акционерлер назарда ұстайтын тағы бір бағыт.

Бұл ретте теңгемен берілетін экспорталды қаржыландыру басымдыққа ие, бізге экспорттық келісімшарттары бар қарыз алушылар келеді, біз оларды осы келісімшарттармен қаржыландырамыз, қазір үкіметте экспорттаушыларды қолдауды арттыру жөніндегі одан арғы шаралар талқылануда, әрине проблема келісімшарттардың өзінде болып отыр.

Бізде көбінесе Даму Банкінде экспорттық мәмілелерді кредиттеу үшін ресурстар жоқ деген пікір қалыптасқан. Шын мәнінде бұл олай емес. Біздің, банк ретінде ресурстарымыз бар және оларды қайта бөлу мүмкіндігіне иеміз, өйткені экспорталды қаржыландыру – бұл қысқа операциялар, сондықтан бізде ол бойынша ақша әрқашан айналымда. Жаңа экспорттаушыларды қолдау мүмкіндігі әрқашан бар, бірақ жаңа экспорттаушылармен жұмыста қалай болғанда да белгілі бір қиындықтар бар. Ниет туралы меморандумдар емес, экспорттық келісімшарттары бар қарыз алушыларда жетіспеушіліктер болады.

Көптеген кәсіпорындар үшін алғаш рет экспорттық мәмілеге шығу жеткілікті түрде күрделі болады, өйткені олар осы келісімшарттың орындалатынына сенімді болмағанда, оларға міндеттемені орындау үшін қол қоюға тура келеді. Оның сыртында осы мәмілені жасау үшін орындау қажет болатын көптеген шарттар – экспорт үшін өте көп шектеулер бар, айталық, ауыл шаруашылығы өнімдері үшін: кәсіпорындардың талаптарға сәйкестігін тексеру үшін Қазақстанға экспорттаушы елдердің ветеринариялық және өзге де қызметтерінен тиісті миссиялар болуға тиіс, ал бұл шығындар.

Экспорттаушыларға экспорттық келісімшарттарға шығуға көмектесу үшін шешу қажет болатын мәселелер өте көп. Сондықтан шын мәнінде біз сұранысқа деген белгілі бір тапшылықты осы жерде, экспорттаушылардың толыққанды экспорттық келісімшартпен келуіне бірқатар себептер бойынша дайын болмауынан көреміз.

- Бұл қиындықтарды қалай шешуге болады?

- Бұл жерде экспортта бар кедергілерді жоюға арналған кешенді шешімдер қажет. Қандай да бір елдің өз өндірісін қолдаудағы кез келген ниеті осы елге экспорт үшін шектеулерге тап болады.

- Үкімет Қытаймен мәселені кешенді түрде шешеді: АӨК кәсіпорындарына тұтастай инспекциялар әкеледі...

- Иә, осы инспекциялар өз өнімдерін экспорттауға ниет еткен әрбір кәсіпорында болуы қажет, ал ол ұйымдастыру қажет болатын жұмыс. Негізгі міндет – экспортқа кедергі келтіретін тосқауылдарды жою, оның сыртында, егер, сөз мал шаруашылығының немесе өсімдік шаруашылығының өнімдері туралы және біздің экспорттаушыларға сыртқы нарықтан сатып алушылар табуға мүмкіндік беретін өзге де шаралар туралы болса, кәсіпорындардың инспекциясына жұмсалатын шығындарды субсидиялау немесе қаржыландыру бойынша қолдау шаралары қажет. Яғни қандай да бір өнімді қандай елде сата алатындығыңызды, сол тарапта әріптестің қажеттігін түсіну ғана жеткіліксіз, ол мемлекеттен де, кәсіпорындардың өздерінен де үлкен күш-жігерді талап етеді.

- Қазір Қазақстандағы негізгі трендтердің бірі – кәсіпорындарды цифрландыру, мұндай жобалар шығындары және мерзімдері бойынша коммерциялық банктер қамтамасыз ете алмайтын шарттарға сәйкес келетіні анық – осындай жобалар ҚДБ-ның қолданыстағы қоржынында бар ма?

- Біз қалай болғанда да банкпіз және біз қаржыландыратын жобалар олармен бізге клиенттер келетін жобалар. Дегенмен мен барлық жаңа жобалар – олар негізгі бизнес-процестерді ақпараттандыруды да болжайтын жобалар деп айта аламын. Жақында KazMinerals Ақтоғай КБК баспасөз туры болды, бұл осы заманғы алып өндіріс – онда іс жүзінде адамдар көрінбейді, өйткені ондағы диірмен кешендерінде, басқа да учаскелерде адамдар мүлде қажет емес – барлығы басқару орталығынан басқарылады.

Ақтөбе рельс-арқалық зауыты туралы да, «АтырауМұнайМаш» туралы да осыны айтуға болады – бұлар өнімнің өте жоғары сапасын талап тететін өндірістер. Қазір Макинскде құс фабрикасын салу бойынша Ақмола облысында біз қаржыландыратын жобаның өзі (оларда іске қосу күтілуде, қыркүйектің аяғында алғашқы бройлер балапандар пайда болады) толығымен автоматтандырылған кәсіпорын. Бұл бүгінгі таңдағы ең автоматтандырылған құс шаруашылығы кешені болуы мүмкін, онда азық өндіру азықтардағы барлық компоненттердің өте дәл дозаға бөлінуін болжайды, және барлық өзге процестері де қол жұмысымен емес, автоматтандыру режимінде жүргізіледі.

Сондықтан цифрландыру, барлық бизнес-процестерді ақпараттандыру – көріп отырғанымыздай, біздің жобаларымызға күн сайын енгізіледі, және біз осы процестердің қатысушылары болғанымызға қуанамыз.

- Сіз Даму Банкінің қолданыстағы мандатын жеткілікті және ел экономикасының қажеттіліктеріне толық сәйкес келеді деп есептейсіз бе?

- Иә, біз бүгінгі таңдағы мандат 17 жыл бұрын банк сол үшін құрылған мақсаттарға толық сәйкес келеді деп есептейміз. Және оған қандай да бір өзгерістер енгізуді ниет етпейміз, өйткені ол екі-үш жыл бұрын ғана жасалған. Бұл мақсаттарға қатысты, бұл құралдарға да қатысты.

Айтпақшы, біз мандатқа жобаларды жобалық қаржыландыру негізінде іске асыру мүмкіндігін енгіздік. Біз осымен айналысамыз, өйткені қандай да бір ірі кәсіпорынды қаржыландырып, одан қарыз алушыда ауыртпалық салынбаған, жаңа кәсіпорынның тәуекелдерін жабатын одан да үлкен активтің болуын талап етудің мүмкін еместігі түсінікті. Бұл мүмкін емес, сондықтан біз жобалық қаржыландырумен айналысамыз. Бұл ретте егер жекелеген жобаларда тіпті құрылымдық жобалық қаржыландыру толық көлемде болмаса, бұл жағдайда off-take, ЕРС-келісімшарттарды, яғни осы мердігерлердің осы кәсіпорынды пайдалануға беру сатысына дейін жеткізу міндеттемелері болжанатын келісімшарттарды қамтамасыз етуге қабылданған болашақтағы ақша ағындарын қамтамасыз етуге алу болжанатын оның жекелеген элементтері болады. Сол арқылы жобаның пайдалануға енгізілмеу тәуекелі төмендейді, тиісінше болашақтағы ақша ағындары үшін жағдайлар жасалады. Сондықтан біз «Бәйтеректің» тағы бір еншілес ұйымын, ол арқылы капитал жетіспейтін жобаларды жете капиталдандыруды қамтамасыз ете алатын арнайы қор «Қазына Капитал Менеджментті» құрдық.

- Ал осы қордың көмегіне әлде біреу жүгінді ме?

- Иә, біз бір жоба бойынша шешім қабылдадық, бірақ қазір оның акционерлері осы опцияны пайдалану қажет пе, жоқ па деп ойлануда. Тұтастай алғанда қазір жұмысында бірнеше жоба тұр, капиталдандыру қамтамасыз етілгенде біз хабарлайтын боламыз. Яғни оған арналған барлық қажетті шешімдер, барлық қажетті нормативтік-құқықтық база жасалған. Қазір бізде осы қорды «Қазына Капитал Менеджмент» басқарады, оларда ағымдағы жылы іске асырылуға тиіс бірнеше жоба бар. Яғни біз өз мақсаттарымызды өте айқын белгіледік. Ең алдымен, түпкі бенефициар, акционер ретінде үкімет біз үшін мақсаттар белгіледі. Және құралдарымыз бойынша бізде оларға қол жеткізуге арналған барлық қажетті жиынтық бар.

Сондықтан, алдындағы сұраққа оралатын болсақ, барлық қажетті өзгерістерді біз жұмыс барысында жасаймыз, және қолданыстағы корпоративтік басқару жүйесі, банк өкілеттілігі мен жауапкершілігінің, дербестігінің қазір бар деңгейі, біздегі акционермен жасалатын өзара іс-қимыл барлық міндеттерді кейінге қалдырмауға, кейін іске асыру үшін ойда ұстамауға мүмкіндік береді. Сондықтан туындаған барлық мәселелерді біз жеткілікті түрде жедел шешеміз.

Мұндай мәселелер әрдайым көп, әрқашан жаңа міндеттер, жаңа проблемалар, жаңа тәуекелдер пайда болады, оларға ден қою керек, бұл процесс. Егер әлде біреулердің еркіне тәуелді болсақ және оның орындалуын күтетін болсақ, мен сізге: «Біз осыны істегіміз келіп еді, әлденені күтудеміз» деп жауап берер едім. Жоқ, дербестіктің толығымен жеткілікті деңгейі бар және оның сыртында акционеріміз – «Бәйтерекпен» және ақырғы акционеріміз – үкіметпен тікелей қарым-қатынастар жүйесі жеткілікті түрде жақсы жолға қойылған.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79