Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ экономиканы кредиттеуді арттыруда

Қазақстанның Даму банкі шикізаттық емес жобаларды жыл сайын 400 миллиард теңгеге кредиттеуді жоспарлап отыр

Қазақстан Даму банкінің (ҚДБ) кредиттік қоржыны 2018 жылдың бірінші жартысы ішінде 2017 жылдың қорытынды көрсеткіштерімен салыстырғанда 4,5% өсті. Кредиттеу көлемінің үштен бірінен астамы келетін сала – мұнай өңдеу: мұнай өңдейтін қуаттарды жаңғырту шеңберінде елде үш жоба аяқталып та қойды, екеуі іске асырылу сатысында тұр. Өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымды кредиттеу көлемін ҚДБ қалай арттыруда – бұл туралы ҚДБ Басқармасы төрағасының орынбасары Думан Әубәкіровпен сұқбатта сөз болады.

Қарыз алушылардың құрылымы

— Бүгінде банктің несие қоржыны қандай жағдайда? Барынша ірі жобаларға немесе белгілі бір салалар жағына диспропорция жоқ па?

— Алдын ала деректер бойынша 2018 жылғы 30 маусымда Даму Банкінің кредиттік қоржыны өткен жылдың соңындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 4,5 пайызға ұлғайып, 1 631,3 миллиард теңгені құрады. Жедел деректер бойынша, жалпы кредит қоржынының салалық құрылымы 2018 жылғы 30 маусымдағы провизияларды есепке алғанда, 82 пайызы өңдеу өнеркәсібіндегі жобалармен ұсынылды, бұл ретте кредиттік қоржынның негізгі үлесін мұнай өңдеу мен металлургиядағы жобалар алады, тиісінше олар — 38,2 және 32 пайыз. Өндірістік инфрақұрылым мен туризм саласындағы жобаларға Даму Банкі жалпы кредиттік қоржынының 17,6 пайызы келеді, онда негізгі үлесті энергетика, ақпарат және байланыс секторындағы жобалар алады (кестені қараңыз).

Қарыз алушылардың бөлінісінде кредиттік қоржынның ең көп үлесін Атырау мұнай өңдеу зауыты — 16,3 пайыз және «ПетроКазахстан Ойл Продактс» — 12,2 пайыз сияқты кәсіпорындар алады, бұл мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі капиталды қажетсінетін жобаларды іске асыруға байланысты.

— Қазір банк балансындағы теңгелік және инвалюталық міндеттемелер қандай қатынаста тұр? Ол ҚДБ несие қоржынындағы теңгелік және инвалюталық кредиттердің қатынасына қалай әсер етеді?

— ҚДБ тартатын барлық валюталық қарыздар нысаналы болып табылады және белгілі бір жобаларды қаржыландыруға арналады. Осылайша, теңгелік және инвалюталық міндеттемелердің қатынасы шамамен ҚДБ несие қоржынындағы теңгелік және инвалюталық кредиттердің қатынасы сияқты. 2018 жылғы 31 мамырда несие қоржынындағы теңгелік кредиттердің үлесі 47,23 пайызды құрады.
Күрделі салымдар

— ҚДБ стратегиясында 2023 жылға дейінгі міндет белгіленген ол – өңдеу өндірістері мен өнеркәсіптік инфрақұрылымды дамытуға 4,4 триллион теңге салу. Сіздер осы міндетті шешуге қаншалықты жақынсыздар?

— Ағымдағы жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚДБ 2,8 триллион теңгелік жобаларды қаржыландырып та қойды. Сұрақта айтылған көрсеткішке қол жеткізу үшін ҚДБ 2023 жылға дейін жыл сайын жобаларды шамамен 400 миллиард теңгеге қаржыландыруды, сондай-ақ 2023 жылға қарай 378 миллиард теңге мөлшерінде лизингтік қаржыландыру беруді жоспарлап отыр. Соның ішінде ИИДМБ екінші бесжылдығының шеңберінде іске асырылатын жобаларды және ҚДБ-ның өз жобаларын қаржыландыру жоспарлануда.

— Биылғы жылы ҚДБ қоржыны қанша жобамен толықтырылды? Осы жылдың серпінін сіздер қалай бағалайсыздар? 2015-2016 жылдардағы дағдарыс проблемалық жобалар қосты ма?

— Өткен жыл ішінде банк сұратылатын 526 миллиард теңге қарыз сомасына 14 өтінімді қаржыландыруға мақұлдады. Бұл ретте 2018 жылдың жеті айы ішінде банк жалпы қарыз сомасы 82,6 миллиард теңге болатын алты кредиттік өтінім бойынша кредиттік ресурстар беру туралы шешім қабылдаған болатын. Банк қарастыратын әрбір жобаның бірегейлігін ескеретін болсақ, кредиттік қаражат беру туралы шешімдер қабылдау жөніндегі банктің қарқыны тұтастай алғанда бұған дейін қол жеткізілген көрсеткіштермен салыстырмалы деуге болады. Мәселен, егер 2015-2016 жылдардың бірінші жартысында банк 24,1–145,5 миллион теңге сомасындағы 3-6 өтінімді қаржыландыру туралы оң шешім қабылдаған болса, онда өткен жылдың бірінші жартыжылдығында банк жобаларды мақұлдаудың жеткілікті жоғары көрсеткішін көрсетті – ол 399,9 миллион теңге сомасындағы 9 өтінім.

Атрибут ALT для изображения

2015-2016 жылдары несие қоржынындағы жұмыс істемейтін кредиттердің үлесі нөл пайызды құрады. Банкаралық кредиттеу шеңберінде ҚДБ қаржыландырған кейбір екінші деңгейдегі банктердегі проблемаларға байланысты 2017 жылдың қорытындылары бойынша жұмыс істемейтін активтердің үлесі 1,48 пайызды құрады және 2018 жылғы бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша 2,41 пайызға өсті.

Ықтимал жобалар қоржыны

— ҚДБ драфында қанша жоба бар? Сіздер жобаны қолдау туралы шешім қабылдайтын негізгі өлшемшарттар қандай?

— Бүгінгі таңда pipeline, яғни ҚДБ ықтимал жобаларының қоржыны 40 жуық инвестициялық жоба мен экспорттық операцияларды құрайды, олар қараудың әртүрлі сатыларында жатыр – жобаларды банктік сараптау үш кезеңнен тұрады. Жобаларды іріктеу кезінде банк шешім қабылдайтын негізгі өлшемшарттар ҚДБ басымдықтарына сәйкестігі болып табылады, сондай-ақ жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің болуы, заңды тұлғалар іске асыратын жаңа кәсіпорындар құруға және/немесе жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға бағдарлануы да бағаланады.

— Сіздер үшін жобалардың қандай тәуекелдері барынша сезімтал болады?

— Банк үшін барынша сезімтал тәуекелдер валюталық тәуекелдер болып табылады.

— Қарыз алушыларға банкпен өзара іс-қимыл элементтерінің қайсысын жақсырту қажет: жобаларды дайындауды, жобаларды басқаруды, тағы не бар?

— Жобаларды дайындау кезінде өзара іс-қимылдың «банк – Қарыз алушы – сыртқы консультанттар» сияқты бүкіл тізбегін жақсарту қажет деп ойлаймыз.

— Кейбіреулерін қоспағанда, банктің барлық жобалары – бұлар ҚР индустрияландыру картасының жобалары. Келесі жылы ИИДМБ екінші бесжылдығы аяқталады. Қазіргі кезеңде сіздер бағдарлама қарқынын қалай бағалайсыздар?

— Бүгінгі таңда республикалық индустрияландыру картасының 2018 жылы өзекті етілген жобаларының тізбесіне (38 жоба) Даму Банкінің жеті жобасы кіреді. Олар «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-дан рельс-арқалық зауытын салу жөніндегі, табақтық әйнек жасау және өңдеу зауытын салу — «Orda Glass Ltd» ЖШС, Атырау МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту – жобаны «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС іске асырады, сондай-ақ К5 экологиялық сыныбындағы мотор отынын өндіру жөніндегі «Конденсат» АҚ жобасы; Ақтоғай КБК салу; Павлодар МХЗ жаңғырту және Шымкент МӨЗ реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жобалар. Жеті жобаның жалпы құны 2,31 триллион теңгені құрайды, ал ҚДБ қарызының сомасы — 0,73 триллион теңге. Бұл ретте 49 инвестициялық жоба банктің қызмет көрсетуінде тұр. 

Атрибут ALT для изображения

2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ шеңберінде Даму Банкі бағдарлама бойынша 369 миллиард теңге сомасындағы 18 жобаны мақұлдады, олардың ішінен бүгінгі таңда 285,5 миллиард теңге игерілді. ИИДМБ-ның бес жобасы өзінің өндірістік қуаттарын пайдалануға іске қосты және өткен жылдың қорытындылары бойынша 80,6 миллиард теңге сомасында өнім шығарды, оның ішінде 15,6 миллиард теңгеге дайын өнімді экспорттады, осы жобалармен 1707 жұмыс орны құрылды. Биылғы жылы және 2019 жылы 12 жоба пайдалануға енгізіледі деп күтудеміз. ИИДМБ шеңберінде іске асырылатын барлық жобалардың қуаттар жүктеудің жоспарлы деңгейіне шығуы өнім шығарудың жыл сайынғы көлемін 809 миллиард теңгеге дейін, экспорт көлемін — 122 миллиард теңгеге дейін, ал бюджетке төленетін салық төлемдерінің сомасын — 50 миллиард теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, алты мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылатын болады.

ИИДМБ шеңберінде банк елдің индустриялық жобаларын іздестіру және құрылымдау жөніндегі жұмысты жалғастыруда. Айталық, бүгінгі таңда банк ИИДМБ шеңберінде кредиттік ресурстар беру мүмкіндігіне тағы 15 өтінімді қарауда, олардың сұратылатын сомасы — 476 миллиард теңге. Жобалардың инвестициялық фазасы орта есеппен екі-үш жылға созылатынын ескеретін болсақ, инвестициялардан туындайтын нәтижелер ИИДМБ белгіленген мерзім шеңберінен ауқымды болады деуге негіз бар.

 


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79