Банк развития Казахстана
  • kz

Бұқаралық ақпарат құралдары ҚДБ жайында

ШИКІЗАТТЫҚ ЕМЕС ЭКОНОМИКАҒА 400 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚДБ-нің қызметі аясында Қазақстанның шикізаттық емес экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шара барысына «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат ЖӘМІШЕВ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Думан ӘУБӘКІРОВ қатысты.

«Қазақстан даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ банк) 2018 жылы банктің мандатына сәйкес келетін, яғни елдің шикізаттық емес экономикасын дамытумен байланысты жобаларды (өңдеу өнеркәсібі және өндірістік инфрақұрылым) 405 млрд теңге сомасында қаржыландыруды жоспарлап отыр. Бұл ретте ҚДБ жоспарларына сәйкес банк қарыз берудің жалпы құрылымында мемлекеттік емес көздердің үлесі ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша кемінде 55 пайызды құрауы тиіс.

Өткен жылы ҚДБ әртүрлі көздерден тартқан қорландыру көлемінің 406 млрд теңгесінің 31,1 пайызы ғана бюджеттік қаражат болды. Өтімділіктің қалған көлемін банк өзге нарықтан тартты. Атап айтқанда, өткен жылдың желтоқсанында ҚДБ Қазақстанның эмитенттері үшін алғаш рет теңгеге деноминацияланған 100 млрд теңге көлеміндегі еврооблигациялардың жария шығарылымын (инвесторлардың кең тобы үшін) жүзеге асырды, шығарылымның 98 пайызын халықаралық инвесторлар сатып алды.

Осылайша, ҚДБ Банк қарыз алушыларының ұлттық валютадағы кредиттік ресурстарға өсіп отырған сұранысын қамтамасыз етуге тырысады. Банктің кредиттік қоржыны құрылымындағы теңгедегі қарыздардың үлесі 2013 жылғы 20,5 %-дан (78 млрд теңге) 2017 жылдың қорытындылары бойынша 45,7 % дейін (715,5 млрд теңге) өсті. Яғни, соңғы төрт жыл ішінде ҚДБ тарапынан экономиканы теңгемен қаржыландыру абсолютті сандарда 9 еседен астам болды.

Даму Банкі өткен жылы ҚДБ-ның мақсаттас ұйымы «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-мен бірлесіп құрған Тікелей инвестициялар қоры арқылы компаниялар капиталына кіру құралы есебінен ұсынылатын өнімдерінің саласын кеңейтті. Қазіргі кезде ҚДБ жобаларды инвестициялық фазасынан бастап дайын өнім экспортын қолдауға дейін қаржыландырудың қолайлы құрылымын клиенттерге ұсынуға мүмкіндік беретін құралдар себетін иеленеді, ал бұл, атап айтқанда: Қазақстан аумағында инвестициялық жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру, қаржыландырылып қойған жоба шеңберінде кәсіпорынның айналым қаражатын кредиттеу, экспорттық және экспорт алдындағы операцияларды қаржыландыру түрінде пайдалануға енгізілген кәсіпорын өнімінің экспортына қолдау көрсету, сондай-ақ, Тікелей инвестициялар қоры арқылы қосымша капиталдау.

ҚДБ 2017 жылды оң қаржылық нәтижемен аяқтады, нақты айтсақ, шоғырландырылған таза пайда 4,8 млрд теңгені құрады. Есепті кезең ішінде банк активтері 2016 жылмен салыстырғанда 5 % – 2,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды. 2017 жыл ішінде банк 345,3 млрд теңге сомасындағы міндеттемелердің өтелуі жағдайында 406 млрд теңге тартты.
Өткен жылдың қорытындылары бойынша клиенттерге берілген ҚДБ қарыздарының қоржыны 2016 жылмен салыстырғанда 1 трлн 493 млрд теңгеге дейін 7,3 % ұлғайды. ҚДБ кредиттік қоржынының көлемі 1 трлн 561 млрд теңгені құрады. 2017 жылғы көрсеткіш бойынша кредиттік қоржынның салалық құрылымы (провизияларды шегергенде) 85% өңдеу өнеркәсібіндегі жобалармен ұсынылады. Бұл ретте кредиттік қоржынның негізгі үлесін мұнай өңдеу (36,6%) және металлургия өнеркәсібі (31,9%) саласындағы жобалар алады.

ҚДБ 2017 жылы 489,5 млрд теңге сомасындағы тоғыз инвестициялық жобаны, сондай-ақ 20,4 млрд теңге сомасындағы төрт экспорталды операцияларын қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Бір инвестициялық жоба бойынша (Павлодар МӨЗ жаңғырту) қаржыландыру көлемін ұлғайтуға өтінім мақұлданды. Осылайша, ҚДБ өткен жылдың қорытындылары бойынша 526,1 млрд теңге сомасындағы 14 кредиттік өтінімді мақұлдады.

Мақұлданған жобалардың арасында Қарағанды облысындағы қуаты жылына 5 млн тонна полиметалл рудаларын қайта өңдеу жөніндегі Жәйрем КБК салу, Оңтүстік Қазақстан облысында кернеуі 110 және 220 кВ класындағы күш трансформаторларын жасау зауытын, Астананың маңынан жел электр станциясын салу сияқты greenfield-жобалар бар.
2017 жыл ішінде банктің қатысуымен қаржыландырған 11 кәсіпорын пайдалануға енгізілді және жаңғыртылды. Олардың ішінде Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай КБК-ның байыту фабрикасы, Павлодар мұнай-химия зауытын жаңғырту, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында елді мекендерді газдандыру, ОҚО газ бөлу жүйесін жаңғырту сияқты жобалар бар.

Өткен жылы ҚДБ-ның еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» АҚ алдындағы жылғы 39 млрд теңгемен салыстырғанда жалпы көлемі 87 млрд теңгедегі лизингтік мәмілелерді қаржыландырды. 2017 жылдың қорытындылары бойынша «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның лизингтік қоржынының көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 175 млрд теңгеге дейін өсіп екі есе ұлғайды.

«Қазақстан даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79