Банк развития Казахстана
  • kz

Бұқаралық ақпарат құралдары ҚДБ жайында

ҚДБ: Алматы облысында қуаты 100 МВт күн электр станциясы пайдалануға енгізілді

Бүгін Алматы облысындағы Қапшағай қаласына жақын жерде қуаты 100 МВт күн электр станциясы (бұдан әрі – Жоба) пайдалануға енгізілуде. Жобада алаңы 270 га учаскеде күн саябағының, 220 кВ кіші станциясының және 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысын салу қамтылады.
IMG_3818-03-09-19-05-29.JPG

Жобаның құны 27,7 млрд теңгені құрайды, «Қазақстаның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк, «Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) 10 жыл мерзімге 10,8 млрд теңге сомасында қарыз берді, сондай-ақ Банктің еншілес құрылымы – «ҚДБ-Лизинг» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ-Лизинг) 8 жыл мерзімге 6,5 млрд теңге сомасында лизингтік қаржыландыру берді, қажетті инвестициялардың 10,4 млрд теңге мөлшеріндегі қалған көлемін қарыз алушы – «Eneverse Kunkuat» ЖШС (бұдан әрі – ЕКК) қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынды іске  қосу салтанатына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж.М.Қасымбек, Алматы облысының әкімі А.Ғ.Баталов, Қазақстанның Даму Банкі Басқармасы Төрағасының орынбасары Д.Б.Әубәкіров және ҚДБ-Лизинг Басқармасының Төрағасы Н.С.Байбазаров қатысты.

Банктің қаржы қаражаты Жобалауға, өндіріске және жабдықтар жеткізуге арналған шарт бойынша шығыстарға ақы төлеуге бағытталатын болады. ҚДБ-Лизинг қаржы қаражатының есебінен әрқайсысының қуаты 330 Вт поликремний күн панельдерінің 303 048 бірлігі сатып алынып, орнатылды.

IMG_3819-03-09-19-05-29.JPG

2017 жылғы қазанда Энергетика министрлігі ЕКК-ні жаңартылатын энергия көздері бойынша энергия өндіретін компаниялардың тізіміне енгізді. Жүйелі оператор «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания» АҚ желілерге қосу жөніндегі техникалық шарттарды жедел түрде беріп, әдістемелік қолдау көрсетті.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде Алматы облысының әкімдігі 220 кВ жоғары вольтты желінің құрылысын қаржыландырды (233 млн. теңге).

Жоба бойынша электр станциясы жыл сайын 160 млн кВт сағатқа жуық электр энергиясын өндіретін болады, оны сатып алуға «KEGOC» АҚ-ның еншілес ұйымы – Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есептік-қаржылық орталықпен келісімшарт жасалды. Күн электр станциясы жылына 150 мың тона көмір қышқыл газының шығарылымдарын қысқартады.

Күн электр станциясының құрылысы 2018 жылғы қыркүйекте басталды. Құрылысын салу кезеңінде 500 астам қазақстандық қызметкерлер, қазақстандық 11 құрылыс компаниялары тартылды.

«ЖЭК саласындағы жобаларды қаржыландыру Қазақстанда «жасыл экономиканы» дамытуға арналған заңнамалық және басқа да жағдайлардың жасалуына байланысты мүмкін болды. Бұдан басқа, ағымдағы жылы Банк корпоративтік сектордың қоршаған ортамен өзара іс-қимылындағы жауапкершіліктің экологиялық аспектілері болжанатын Тұрақты даму саясатын қабылдады», деп атап өтті ҚДБ Басқармасы Төрағасының орынбасары Думан Әубәкіров.

2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «жасыл экономикаға»  көші жөніндегі тұжырымдаманы бекітті, оған сәйкес ЖЭК дамытудың нақты нысаналы индикаторлары қабылданды: 2020 жылға қарай электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінде ЖЭК-нің 3% үлесіне, 2030 жылға қарай – 10% және 2050 жылға қарай – 50% үлесіне қол жеткізу қажет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Баршаға ортақ игілік» атты сайлау алды бағдарламасында (сәуір, 2019 ж.) Қазақстанда ЖЭК дамыту және 2030 жылға қарай электр энергиясын ЖЭК арқылы өндіру үлесін 30% дейін ұлғайту міндетін қойды.

Жаңартылатын ресурстарды пайдалану – «жасыл экономиканың» негізі және бизнесті қолдау мен дамытудың «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының шеңберіндегі мемлекеттік қолдау шараларының арқасында дара инвесторларда баламалы  энергия көздерін өндіру саласына лизингтік қаржыландыру тарту мүмкіндігі пайда болады», - деді ҚДБ-Лизинг Басқармасының төрағасы Нұрлан Байбазаров.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79