Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ-ның ИИДМБ іске асырудағы рөлі

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілесі) әртараптандыруды ынталандыруды және елдің өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды мақсат ететін Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын (ИИДМБ) іске асырудың аралық нәтижелері қорытындыланды. ҚДБ өкілдері хабарлағандай, мемлекеттік бағдарлама табысты іске асырылуда, қол жеткізілген көрсеткіштер мен жоғары әлеуметтік-экономикалық тиімділік соның дәлелі болып табылады. 2019 жылғы сәуірдің басындағы жағдай бойынша 11 инновациялық жоба пайдалануға енгізілді. Сөз машина жасау мен логистика саласынан бастап тамақ өнеркәсібіне дейінгі өндірістердің кең спектрі туралы болып отыр.
Мысалы, ИИДМБ шеңберінде іске асырылған, Ақмола облысындағы бройлерлер өсіру жөніндегі Макинск құс фабрикасын айтуға болады. 10 жыл мерзімге берілген Банк қарызының жалпы сомасы 16,1 млрд теңгені құрады. Кәсіпорынның бірінші кезегі таяуда ғана, өткен жылдың желтоқсанында пайдалануға енгізілді. Өндірістің коммерциялық іске қосылуы салтанатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен телекөпір барысында іс жүзінде барлық жаңалық басылымдары мен телеарналар көрсетті. Жобаға көрсетілген осыншама назар оның бірегейлігімен түсіндіріледі – Макинск құс фабрикасы перспективада өндірістік қуаты 50 мың тоннаға дейінгі құс еті болатын республиканың аумағында ғана емес, сонымен бірге Орталық Азиядағы аса ірі өндірістік алаңға айналады. Кәсіпорынның қуатынан басқа тағы бір ерекшелігі оның техникалық жарақтандырылуы болып табылады. Кәсіпорынның жабдықтарын дайын өнімге қойылатын Еуропалық сапа талаптарын ескере отырып, әлемдік өндірушілер ұсынды. Биылғы жылы құс фабрикасының басшылығы өндірістің екінші кезегінің құрылысына кірісуді жоспарлап отыр.

Макинская птицефабрика.JPG

Машина жасау саласындағы жобаларды ҚДБ-ның қолдауы арқасында өткен жылы елімізде, Екібастұз қаласында темір жол доңғалақтарын жасау жөніндегі жаңа кешен пайда болды. ҚДБ қолдауының үлесі 36 млрд теңгеге тең, ол жобаның жалпы құнының 65%-ынан астамын құрайды. Қарыз мерзімі – 19 жыл. Жоба ұзақ мерзімді және бір кәсіпорынның аумағында толық өндіріс циклы бар темір жол кластерін құруға бағытталған.

Комплекс по производству железнодорожных колёс в г. Экибастуз.JPG

2018 жылы ИИДМБ бағдарламасының шеңберінде бүкіл республика аумағында LTE/GSM/UMTS желілерін енгізу жөніндегі инновациялық жоба іске қосылды. Даму Банкі осы мақсаттар үшін 10 жыл мерзімге 37 млрд теңге сомасында қарыз қаражатын бөлді. Енді деректерді беру жылдамдығы 100 Мбит/с дейінгі интернетке кең жолақты қол жетімділікті қамтамасыз ететін төртінші үлгідегі (4G) сымсыз байланыс Қазақстан мегаполистерінің тұрғындарына ғана емес, өңірлердің халқына да қол жетімді болады.

Бұлардың сыртында, ҚДБ энергетика және мұнай өңдеу саласындағы жобаларды да белсенді түрде қаржыландырады, сол арқылы Қазақстан экономикасының басым бағыттарын дамытады. 2018 жылы «Конденсат» АҚ өндірісін кеңейту және жаңғырту кәсіпорынға көміртегі шикізатын қайта өңдеу процесін тереңдетуге және соның есебінен дайын өнімнің түр-түрін ұлғайтуға және ақшыл мұнай өнімдерінің қосымша көлемін алуға мүмкіндік берді. Өндірісін жетілдіруден кейін «Конденсат» АҚ Еуро-5 стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын шығаруда және ішкі нарықтағы мотор отынына деген сұранысты өтеп отыр. Қаржыландырудың бірінші кезеңі шеңберінде ҚДБ 11 жылға дейінгі мерзіммен 120 млн АҚШ долларына жуық сомада қарыз берді, екінші кезеңдегі 10 жыл мерзімге берілетін қарыз сомасы 7млрд 120 млн теңгені құрады.

АО «Конденсат».JPG

Өткен жылдың маусым айында Шымкент қаласындағы көлік-логистикалық орталық іске қосылды. ҚДБ қаржыландыру сомасы 15 жыл қарыз мерзімімен 11,8 млрд теңгені құрады. Заманауи қойма терминалдарымен, өндірістік алаңдармен және автоматтандырылған басқару жүйесімен жарақтандырылған, инфрақұрылымы қоса салынған кешен Қазақстанның көлік-коммуникация саласын дамытудағы көшбасшылардың біріне айналмақ. Жоба еліміздің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның шегінен тыс жерлерде де экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың артуына ықпал етеді деп күтілуде. Қазірдің өзінде көршілес елдермен ынтымақтастық перспективалары белгіленуде, өйткені кешен көрсетілетін қызметтер сапасының барлық халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.

транспортно-логистический центр в г. Шымкент..JPG

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша ҚДБ-ның белсенді жұмысының арқасында өткен жылы ИИДМБ шеңберінде Қазақстанның үш: Павлодар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртудың аяқталғанын атап өтуге болады. Барлық МӨЗ-дерде экологиялық сыныптағы мотор отындарын өндіру және жоғары октанды бензиндер шығару жолға қойылды.

Атырауский нефтеперерабатывающий завод.jpg

Қазіргі кезде тағы 9 ірі жобаның іске қосылуы күтілуде, мысалы олардың арасында Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын ГЭС-і, сондай-ақ Түркістан облысындағы «Жылға» фотовольттік электр станциясы бар. Кәсіпорындар дайындаудың алғашқы сатыларында тұр, тиісінше пайдалануға енгізу мерзімдері анық белгіленбеген. Сонымен қатар, 2019 жылы Қарағанды қаласында "YDD Corporation" ЖШС жүзеге асырып жатқан ферросилиций өндіру зауытын салу жобасы іске қосылады деп күтілуде. Өндірісте шығарылатын өнімнің   100%-ы экспортқа бағдарланады.

Дегенмен, жобалардың тиімділігі/тиімсіздігі туралы іс жүзіндегі цифрлардан артық ешкім айта алмайды. Соңғы екі жыл ішінде жұмыс істеп тұрған жобалардың сатқан өнімінің көлемі 251 млрд теңгеден астам соманы құрады. Бұл ретте экспорттың көлемі 43,4 млрд теңгеге дейін өсті. Соның нәтижесінде мемлекеттік бюджет салық төлемдері арқылы 22,5 млрд теңгеге толықты. Жаңа кәсіпорындардың өсуімен бірге тиісінше құрылған жұмыс орындарының саны да өседі. Өткен жылдың өзінде ғана ҚДБ жобаларының іске асырылуының арқасында 700 жуық қазақстандық өздерінің кәсіби мамандығын тапты, ал 2016 – 2018 жылдардағы кезең ішінде олардың саны 2 мыңнан астам адамды құрады. Әсіресе соңғы 3 жыл бойында елдегі жұмыссыздықтың тұрақты жоғары деңгейін ескеретін болсақ, осындай оң фактіге назар аудармауға болмайды. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2018 жылы еңбек қызметіне тартылмаған халықтың саны 441 мыңнан астам адамды құраған.

ИИДМБ іске асыру үшін Даму Банкі жобаларды қаржыландырудың өзіндік бағдарламаларын бекітті. ҚР Ұлттық қорынан 75 млрд теңге бөлінді, тағы 150 млрд теңгені Банк өзге де көздерден тартты. Осылайша, мемлекеттік бағдарламаны ҚР ҰҚ-дан қаржыландырудың жалпы сомасы 225 млрд теңгені құрады, қазір бұл қаражат толығымен игерілді. Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығының жобаларын қаржыландыруға Республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 154 млрд теңгені құрайды, оның 2019 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 117,11 млрд теңгесі игерілді. Бұл ретте, ҚДБ өкілдері ұйымның қол жеткізілген жетістіктермен тоқталмайтынын және стратегиялық жағынан пайдалы жобаларды белсенді түрде іздестіруді жалғастыратынын атап көрсетеді. Өткен жылы Банк 70 астам кәсіпорындармен келіссөздер жүргізді, олардың атына бастамаларды бірлесіп іске асыру бойынша 10 жуық ұсыныс-хаттар жіберілді. Жобалардың санымен бір мезгілде ҚДБ жобаларының географиясы да ұлғаюда. Мәселен, 2018 жылы Банк 24 астам өңірлік іс-шараларға қатысты, олардың шеңберінде бизнес қоғамдастық ұйым ұсынатын кредиттік құралдар туралы қажетті ақпарат алды.

Бағдарламаны іске асырудағы ҚДБ табысының кепілі іске қосылатын жобаларды қажеттілігіне қарай толық сүйемелдеуге дайындығы және қаржыландырудан бастап пайдалануға енгізуге дейінгі барлық кезеңдерде қаржы ресурстарын басқарумен байланысты әртүрлі мәселелерді шешуде қарыз алушыларға жәрдемдесуі болып табылады. ҚДБ жобалардың әрқайсысының өзіндік құнын азайту және кірістілігін ұлғайту үшін шығындарды оңтайландыруды қолдайды, бұл технологиялар мен технологиялық шешімдерді таңдауға ғана емес, сонымен бірге шарттарды, келісімшарттарды ресімдеуге де қатысты. Даму Банкінің құзыреттілігі және мол тәжірибесі іске асырылуы экономикалық жағынан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да пайдалы стратегиялық, ауқымды жобаларды тартуға және қаржыландыруға мүмкіндік береді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79