Банк развития Казахстана
  • kz

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасын қаржыландыру 42 млрд теңгеге дейін ұлғаяды

Жеңілдікпен автокредит беру бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде 2015 жылдан бері агенті болып келе жатқан «Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) мемлекеттік көздер қаражатынан кезекті саны бойынша төртінші траншты бөлді. Республикалық бюджеттен алынған 8 млрд теңгені Банк: «Сбербанк» АҚ еншілес банкіне, «Банк Центр Кредит» АҚ, «Евразиялық банк» АҚ-ға 2 млрд теңгеден, «Қазақстанның халық банкі» АҚ-ға және ВТБ банк АҚ еншілес банкіне (Қазақстан) – 1 млрд теңгеден жіберді. Бұдан басқа, автомобильдер мен арнайы мақсаттағы автотехника сатып алатын жеке тұлғаларды және жеке кәсіпкерлерді қаржыландыруға Банктің еншілес компаниясы «ҚДБ-Лизинг» АҚ 2 млрд теңге бөлді.

ҚР жеке тұлғаларын-резиденттерін отандық өндірістің жеңіл автокөліктерін сатып алуға кредит берудің шарттары: номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4 % аспайды, кредиттеу мерзімі 7 жылдан аспайды, қарыз валютасы – теңге, жеңіл автокөліктің бір бірлігінің құны – 15 млн теңгеден аспайды, сұратылатын бастапқы жарнаның деңгейін коммерциялық банктер өздері белгілейді.

Төртінші транштың қаржыландыру лимиттері ҚР-да жеңіл автокөлік өндіретін екі өндірушінің арасында теңдей бөлінеді:

— «СарыаркаАвтоПром» ЖШС — 4 млрд теңге

— «Азия Авто» АҚ — 4 млрд теңге.

Қарыз алушыларға автомобильдердің «Kia», «Chevrolet», «Skoda», «Hyundai» және т.б. сияқты брендтерінің шамамен 50 моделі ұсынылады.

Бұған дейін Бағдарлама шеңберінде қаражаттың үш траншы бөлінген болатын: 2015-2016 жылдары – Ұлттық қордан жалпы сомасы 26 млрд теңге бірінші және екінші транштар, 2018 жылы – Республикалық бюджеттен 8 млрд теңге сомасындағы үшінші транш бөлінді. Төртінші траншты ескергенде, 20 жылға дейін есептелген Бағдарламаны қаржыландыру 42 млрд теңгеге дейін ұлғаяды. Бағдарлама бойынша кредит берудің револьверлік сипаты бар: қолданыстағы кредитті өтеу төлемдері жаңа кредиттеуге бағытталады. ҚДБ оператор банктердің кредит қаражатын игеруіне тұрақты мониторинг жүргізеді.

Осы уақытқа дейін Бағдарлама шеңберінде 13 500 астам автомобиль сатылды.

ҚДБ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79