Банк развития Казахстана
  • kz

ҚДБ әріптестері «ULTTYQ ÓNIM» алаңын бағындыруда

Соңғы үш күннің ішінде Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ, «Бәйтерек» холдингінің еншілесі) әріптестері – «Alageum Electric», «Конденсат», «Talas Investment Company»​, «Қайнар-АКБ», «Молпродукт» және «Баян-Сұлу» компаниялары – астаналық жұртшылықты қазақстандық өнім өндірушілердің «ULTTYQ ÓNIM» көрмесінде өз өнімдерімен таныстырды. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін үйреншікті болған осындай іс-шаралардың көптігіне қарамастан, «ULTTYQ ÓNIM» платформасы өз қызметінің 5 жылы ішінде өзін тұтынушылардың сенімі мен ниеттестік деңгейін арттыруға ықпал ететін «Made in Kazakhstan» тауарларын танымал ететін тиімді арна ретінде көрсете білді. Биылғы жылы көрменің географиясы ұлғайды, оған Польшадан, Әзірбайжаннан, Өзбекстаннан, Түркиядан және Оңтүстік Кореядан келген халықаралық даму институттары мен кәсіпкерлікті ілгерілету жөніндегі агенттіктердің өкілдері қатысты.

Көрмеге қатысушылардың ішінде тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары еш күмәнсіз басты фавориттерге айналды. Іс-шараның бірінші күнінен бастап олардың стендтерінің маңына қалалықтар мен астана қонақтары көп жиналды. Осы саладағы ҚДБ әріптестері – «Молпродукт» ЖШС мен «Баян-Сұлу» АҚ – ерекше сұранысқа ие болды, бұл компаниялардың жұмыс істеген жылдары ішінде оларға шын берілген сатып алушылар пайда болып та үлгірді. Кәсіпорындардың өткен жыл ішіндегі сатқан өнімдерінің көлемі тиісінше 140 850 тоннаны және 50 тоннадан астам өнімді құрады. Оларға деген «халық махаббатының» басты себептері деп, әсіресе кондитерлік өнімдерге бағаның соңғы өсуін және Қазақстанда сүт өнімдерін тұтыну көрсеткіштерінің артуын ескергенде, шығарылатын өнімнің сапасын және тұрақты баға белгілеу саясатын атауға болады. Energyprom.kz мониторинг агенттігінің 2 мамырда жарияланған деректері бойынша елімізде соңғы жыл ішінде кәмпиттің бағасы 6,5% өскен. Бұл ретте, агенттік статистикасына сәйкес қазақстандықтар сүт және сүт өнімдерін барған сайын көп пайдалануда – тұтыну көлемі бір жыл ішінде бірден 7% артқан.

_DSC4846_result.jpg

_DSC4868_result.jpg

Көрмеге тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан басқа өңдеу өнеркәсібінің компаниялары да қатысты. Бұл әр жолы өзінің қызметауқымымен сүйсіндіретін «ULTTYQ ÓNIM» алаңының басты және ерекше қасиеті болып табылады. Іс-шараны ұйымдастырушылар іс жүзінде өндірістің барлық салаларын қамти отырып, жаңа қатысушыларды тартады. Мәселен, биылғы жылы көрмеге электр-техникалық жабдықтардың қазақстандық жетекші өндірушісі «Alageum Electric» компаниясының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жұртшылықты олар салтанатты тұсаукесері таяуда ғана Шымкент қаласында өткен «Asia Trafo» жоғары вольтты транформаторлар мен ұштастырушы реакторлар өндіру жөніндегі жаңа зауыттың өнімдерімен таныстырды. Жабдықтары өзіндік бірегей технологиялар бойынша өндірілетін зауыт туралы роликтер және болашақтағы транформаторлардың макеттері ерекше қызығушылыққа ие болды, өйткені Орта Азияда бұл кәсіпорынның теңдесі жоқ екені белгілі. «Asia Trafo» – қуаты 110кВ - 500кВ кернеу диапазонындағы трансформаторлар жасайтын өңірдегі жалғыз өндіруші. Оның құрылысына Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2017 жылы ҚДБ 8,7 млрд теңге сомасында қарыз бөлген болатын.

_DSC4817_result.jpg

«Қайнар-АКБ» өкілдері өз кезегінде көрмеге халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңартылған, жаңғыртылған аккумулятор батареяларын әкелді. Кәсіпорын өкілдерінің сөзі бойынша бүкіл өнім бөлшектері мен құрауыштарын құюдан бастап дайын бұйымдарды құрастырғанға дейін толығымен зауыттың өзінде өндіріледі, соның арқасында олардың бағасы да басқа ұқсастарына қарағанда анағұрлым төмен. Қазіргі сәтте компанияның өнімі өткізілетін негізгі нарықтар ТМД және жақын шет елдер болып табылады, алайда кәсіпорын басшылығы өнім экспортын жылына 3 млн акумулятор батареяларына дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Осы мақсаттар үшін ҚДБ 36 ай мерзіммен 2 млрд теңге сомасындағы қарыз түрінде қолдау көрсетті.

_DSC4811_result.jpg

Көмірсутегі шикізатын қайта өңдеумен айналысатын «Конденсат» АҚ көрмеге келушілерді өзінің жоғары сапалы мотор отынын алу жөніндегі қызметі туралы хабардар етті. Еліміздің мұнай өңдеу секторына жүргізілген жаңғыртудан кейін бұл сала қазақстандықтар үшін қызғылықты бола түсті, өйткені өндірістің кеңейтілуі ішкі нарықтағы мотор отынының тапшылығын жоюды көздеп отыр. ҚДБ қолдауының арқасында зауыт Евро-5 стандарттарына сәйкес келетін жоғары сапалы отын шығаруға қабілетті болды.

_DSC4787_result.jpg

Қуаты жылына 15 000 тонна натрий цианидін өндіру жөніндегі зауыт – «Talas Investment Company»​ ЖШС өкілдері «ULTTYQ ÓNIM» көрмесіне өз өнімдерін, дәлірек айтқанда, олардың макеттерін әкелді: әйтпесе өнімнің өзін әкелуге қауіпсіздік шаралары мүмкіндік бермес еді, біріншіден – қауіпсіздік тұрғысынан, екіншіден – өнімнің қымбаттығынан, бір бірлігінің шамамен алғандағы құны миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның осы уақытқа дейін импорттық тауар болып келген, алтын өндіру өнеркәсібінде және басқа да бірқатар өндірістерде пайдаланылатын өнімнің осы түрін шығаратын Қазақстандағы химия өнеркәсібі саласындағы алғашқы зауыт екендігін атап өтуге болады. Осы жобаға ҚДБ-ның қатысу үлесі 60 % астамды құрайды, қарыз сомасы – 16,2 млрд теңге.

_DSC4781_result.jpg


АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79