Банк развития Казахстана
  • kz

KAZ Minerals Ақтоғай КБК кеңейту жобасы үшін ҚДБ қаржыландыруын тартады

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай кен байыту кешенін (КБК) кеңейту жобасын іске асыруға 15 жылға дейінгі мерзімге $600 млн сомасында кредиттік желі ашты. Осылайша, Банк тарапынан «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС берілген қаржыландырудың жалпы сомасы 2016 жылғы желтоқсанда берілген $300 млн сомасындағы бірінші қарызды есептегенде $900 млн құрайды.

ГОК 2..jpg

Жалпы құны $1,2 млрд құрайтын Ақтоғай КБК (Ақтоғай ІІ) кеңейту жобасы сульфидтік руданы қайта өңдеу жөніндегі екінші байыту фабрикасы мен тиісті инфрақұрылым салуды көздейді. Ақтоғай ІІ жобасы пайдалануға енгізілгеннен кейін КБК-нің қуаты жылына 25-тен 50 млн тоннаға дейінгі руданы қайта өңдеуге ұлғаяды. Сульфидтік рудадан алынатын мысты жыл сайын өндіру 2022 – 2027 жылдар аралығындағы кезеңде 170 мың тоннаға дейін жетіп, кейіннен 130 мың тоннаға дейін артады, яғни өсім тиісінше 80 мың тоннаны және 60 мың тоннаны құрайды.

Банктің «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС-мен ынтымақтастығы 2016 жылғы желтоқсанда басталды, сонда ШҚО-дағы Ақтоғай кен орнында сульфидтік руданы қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысын аяқтау үшін 300 млн. АҚШ доллары сомасындағы кредиттік желі ашуға арналған келісімге қол қойылды. 2017 жылғы қазанда кәсіпорын жобалық өндіріс деңгейіне қол жеткізді, содан кейін қуатты еселеу үшін екінші байыту фабрикасын салу туралы шешім қабылданды»,

– деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясының аға банкирі Қасым Мұханбетов.
На фото Касым Муханбетов и Andrew Paton (Казначей Группы KAZ Minerals PLC).JPG 
«Ақтоғай КБК өнімін өткізудің негізгі нарығы – Қытай. Географиялық жағынан жақын орналасуымыз және шикізатты темір жолмен тасымалдау мүмкіндігіміз – біздің негізгі бәсекелік артықшылығымыз. Біздің Ақтоғай және Бозшакөл кеніштерімізде өндірілетін мыс концентраты мышьяк және иридий сияқты зиянды қоспалардың болмауына байланысты Қытайдың мыс балқытау компаниялары үшін тартымды», – деді KAZ Minerals PLC қаржы директоры Джон Хэдфилд.
ГОК 2.jpg 

Ақтоғай КБК кеңейту шеңберінде 997 жұмыс орындары құрылатын болады.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының (ҮИИДМБ) аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz). ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

KAZ Minerals – Павлодар облысындағы Бозшакөл және Шығыс Қазақстандағы Ақтоғай ашық түрдегі кеніштерде, Шығыс Қазақстандағы үш кеніш пен үш байыту фабрикаларында, Қырғызстандағы Бозымчак мыс-алтын кенішінде операциялық қызметін жүргізетін Қазақстандағы мыстың аса ірі өндірушісі. KAZ Minerals PLC акциялары Лондон және Қазақстан қор биржаларында саудаланады. Компанияда 14 000 жуық адам, негізінен қазақстандық азаматтар жұмыс істейді.

Ақтоғай – пайдалануының қалған мерзімі 27 жылды құрайтын (кеңейту жобасын қоса алғанда) карьер түріндегі ірі ауқымды кеніш. Оксид рудасынан алынатын катодтық мыс өндіру 2015 жылғы желтоқсанда басталды. Ақтоғай кен орнының операциялық шығындары халықаралық мыс өндіретін кәсіпорындардың арасында бәсекелес болып табылады. 2021 жылға дейінгі өндірістің жылдық көлемі орта есеппен 90 мың тонна сульфид рудасының мысын құрайды және екінші байыту фабрикасының өндірісі іске қосылғаннан кейін 2022 жылдан 2027 жылға дейін 170 мың тоннаға дейін ұлғаяды. Оксид рудасынан мыс өндіру 2025 жылға дейін шамамен 20 мың тоннаны құрайды.

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі: +7 (7172) 79 26 08 (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz, Twitter@KDBkz)

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79