• kz

Даму банкінде журналистер арасындағы «Жарқын болашаққа ҚДБ-мен бірге» конкурсының қорытындысы жарияланды

Общее фото.JPG

Конкурсқа барлығы республикалық және өңірлік БАҚ-тың 15 журналисі қатысты. Олардың барлығы 2021 жылғы 31 мамырдан 1 желтоқсанға дейінгі кезеңде Даму банкі және оның бүкіл ел бойынша ауқымды өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалары туралы баспа БАҚ-та немесе интернет-ресурстарда жарияланған және телеарналардың эфиріне шыққан ақпараттық материалдарды ұсынды. Қазылар алқасы «Хабар 24», «Qazaq TV», Atameken Business Channel телеарналарының, «Капитал», «Егемен Қазақстан», «Курсив», «Informburo.kz», «jarialike.kz», «toppress.kz», «turaninform.kz», «inbusiness.kz», «Деловой Казахстан» және басқа газеттер мен интернет-порталдардың журналистерінен өтінімдерді қарастырды.

«Капитал» басылымының журналисті Арсен Аскаровтың жұмысы конкурстық қазылар алқасының дауыс беруі барысында «Үздік сұхбат» деп танылды (118 балл). «Үздік репортаж» номинациясында блогер Яков Федоров жеңімпаз атанды (120 балл), ол Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған Шығыс Қазақстан облысындағы қуаты 24,9 МВт Тұрғысын шағын су электр станциясы туралы материал ұсынды.

«ҚДБ-ның отандастарымызбен әрдайым бөлісуге лайықты қызықты жобалары баршылық. Мен осы 10 жыл ішінде Даму банкі қаржыландырған барлық кәсіпорындарда болдым және Тұрғысын ГЭС туралы жұмысымды қазылар алқасының мүшелері атап өткеніне өте қуаныштымын", - деп бөлісті Яков Федоров.

Яков Федоров.JPG

«БАҚ-тағы үздік материалды» «Курсив» басылымының журналисті Юрий Масанов ұсынды (121 балл). «ҚДБ қызметін белсенді және біліктілікпен жария еткені үшін» арнайы номинациясында «Деловой Казахстан» басылымының журналисі Саида Жаркинова жеңімпаз болып танылды (117 балл). Конкурста ол Қарағандыдағы «Qaz Carbon» ЖШС ферроқорытпа зауытының жұмысы туралы материал ұсынды.

«Осындай ірі кәсіпорындарды өз көзімен көріп, өндіріс процесіне бой алдыру, кейіннен алған әсер мен ақпаратты өз аудиториямызға жеткізуге мүмкіндіктің бар екені керемет», - деп атап өтті Саида Жаркинова.

Саида Жаркинова.JPG

Айта кету керек, Даму банкінің басшылығы informburo.kz порталының шеф-редакторы Нұрболат Аманжоловтың жұмысын "Көрермендер көзайымы сыйлығы" арнайы номинациясымен ерекше атап өтті.

«Конкурсты өткізудің мақсаты – Қазақстанның қаржы нарығындағы ірі индустриялық жобалар мен оқиғаларды жүзеге асыру мәселелерін қамтитын журналистер мен редакциялық ұжымдардың шығармашылық қызметін көтермелеу, сондай-ақ біздің әріптестерімізді ақпараттық қолдау және олардың ел дамуына экономикалық және әлеуметтік үлесін жариялау. Біз конкурстың БАҚ өкілдері тарапынан үлкен қолдау тапқанына қуаныштымыз, мен жеңімпаздарды құттықтаймын және барлық қатысушыларға алғыс айтамын», - деп атап өтті ҚДБ Басқарушы директоры Рақымжан Сатаев.

Сатаев Рахимжан.jpeg

Материалдар тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы, материалдың толық ашылуы, стилистика және баяндаудың бірегейлігі сияқты өлшемшарттар бойынша бағаланды. Конкурстың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Баспасөз клубының президенті Әсел Қарауылова, «ҚазАқпарат» ХАА Басқарма төрағасының орынбасары-бас редакторы Бибинор Танельбаева, «Интерфакс-Қазақстан» АА бас редакторы Елена Преображенская, сондай-ақ ҚДБ өкілдері кірді.

Естеріңізге сала кетейік, «Жарқын болашаққа ҚДБ-мен бірге» конкурсы жұртшылықты Банк қызметінің нәтижелерімен таныстыру, БАҚ қызметкерлері арасындағы шикізаттық емес сектор кәсіпорындарын мемлекеттік қолдау, корпоративтік қаржыландыру туралы материалдарды дайындау және жариялау бойынша біліктілікті дамыту, белсенділікті ынталандыру, журналистер арасында кәсіби ынтымақтастықты және шығармашылық бәсекелестікті дамыту үшін 2021 жылғы 31 мамырда басталды.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) - Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту бойынша 2001 жылы құрылған ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту және қолдау көрсету. (www.kdb.kz, facebook.com/kdb.kz).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79