• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ-да «Қазақстанның Мега зауыттары» атты фотобайқаудың қорытындысы шығарылды

Фотобайқауға барлығы 20-дан астам қатысушы қатысып, Даму банкінің тікелей қатысуымен іске асырылған ауқымды өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жобалар бейнеленген 40-қа жуық жұмысты ұсынды. ҚДБ өкілдерінің айтуынша, отандық экспорттық әлеует пен шикізаттық емес базаны құрайтын, сондай-ақ елді бұрын-соңды болмаған жаңа әрі бәсекелі деңгейге көтеретін кәсіпорындарды ұсыну және танымал ету қажеттілігі іс-шараның мақсатына айналды.

«Биыл Даму банкі өзінің 20 жылдығын атап өтуде. Осы уақыт ішінде біз 71 жаңа кәсіпорын құрып, 50 өнеркәсіптік объектіні жаңғырттық. Банк бөлген қаржыландырудың арқасында шамамен 30,2 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Мұндай сандарды ой елегінен өткізіп, жете түсіну қиын-ақ, сондықтан да біз ҚДБ жұмысының әсерін көрнекі түрде көрсететін фотобайқауды іске қосуды ұйғардық. Байқауға қатысушылардың жұмыстары арқылы біз жүріп өткен жолдың ауқымын бағалай алдық. Қазір байқауды қорытындылай келе, осы бастаманың қазақстандықтардың жүрегінен орын тапқанына қуаныштымыз. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, оларға табыс тілеймін», - деп атап өтті ҚДБ Басқарма Төрағасы Абай Сарқұлов.

Байқау шарттарына сәйкес, әрбір қатысушы Даму банкі қаржыландырған кез келген өндірістік кәсіпорынның өмірінен қызу технологиялық процестің немесе қызықты сәттің суретімен, ары кеткенде, 3 жұмыс жібере алады. Байқау жұмыстары ҚДБ-ның корпоративтік сайтында орналастырылды, онда әрбір тілек білдіруші ұнаған жұмысы үшін өз дауысын бере алды. Байқауға іріктеуде Шығыс Қазақстан облысындағы KAZMinerals Aktogay ЖШС байыту фабрикасы, «Qaz Carbon» ЖШС көмір байыту фабрикасы және Қарағандыдағы «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауыты, «АтырауМұнайМаш» ЖШС мұнай машина жасау зауыты, «ҚазАзот» АҚ зауыты сияқты ірі кәсіпорындардың фотосуреттері бағаланды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар:

- «Кәсіпорын қызметкерлерінің үздік фотосуреті» – Кирилл Блащишин, «АгромашХолдинг KZ» АҚ «Жұмыс сәті» фотосуреті (2449 дауыс).

- Зауыттың үздік фотосуреті – Мәншүк Құдайбергенова , «Конденсат» АҚ зауыты» фотосуреті (3050 дауыс).

- Кәсіпорын өнімдерінің үздік фотосуреті – Данила Якимчук, «АгромашХолдинг KZ» АҚ «Кировец тракторларына арналған теңгеруші жүктерді плазмамен кесу» фотосуреті (305 дауыс).

Әр номинация бойынша жеңімпаздар 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады.

Қазақстанның Даму Банкінің командасы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79