• kz

Қазмырыш 2025 жылға дейін өндірісті цифрлау бойынша жеті жоба енгізеді

Өткен жылы ҚДБ-ның («Бәйтерек» холдингінің еншілесі) әріптесіне айналған «Қазмырыш» компаниясы (Glencore International AG бақылауындағы) цифрландыру жол картасы бойынша белсенді жұмыс істеуде.

«Индустрия 4.0 элементтерін қолданып техникалық қайта жарақтандыру жобаларының жол картасы шеңберінде «Қазмырышта» жеті жоба іске асырылуға жоспарланған. Кейбір жобалар, мысалы, Зыряновскдегі Малеев кенішінде «Pitram» автоматтандырылған басқару жүйесі іске қосылып та қойды, қалғандары 2025 жылға дейінгі мерзімде енгізілетін болады», - деп түсіндірді компанияның бизнес-трансформация жөніндегі менеджері Максим Гайфуллин.

Цифрландыру процесінен өтетін өндірістердің тізімінде Қарағанды облысындағы «Жәйрем полиметалдары» жобасы тұр.

Өткен күзде Қазақстанның Даму банкі «Қазмырыш» үшін Жәйрем кентінде жаңа кен байыту комбинатының (КБК) құрылысына қаржыландыру ашты.

«Бұл жобаның Қазақстанның бүкіл кен-металлургия кешенін дамытудағы маңызы зор. Жәйрем қорғасынды, мырышты және баритті өндіретін әлемдік аса ірі кен орындарының қатарына жатады. Жәйрем КБК – ең алдымен, «Қазмырыштың» елдің кен өндіру саласын одан әрі дамытуға бағытталған перспективалық жобасы», - деп атап өтті ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі Бақытжан Омаров.

2019 жылы онда «Жәйрем» кен орнынан алынатын полиметалл рудаларын қайта өңдеуде өнімділігі жоғары заманауи жабдықтар пайдаланыла отырып жаңа технологиялық шешімдерді қолдану жоспарлануда.

Сондай-ақ «Қазмырыш» компаниясының ақпараты бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін цифрландыру жол картасы шеңберінде «Жаңа металлургиялық баланс» жобасын аяқтау жоспарлануда. Ол өндірістік деректердің бірыңғай ақпараттық базасын құруды, негізгі процестерді: сынамаларды кептіруді, материалдарды таразы арқылы өткізуді, штабель беруді есепке алуды және т.б. цифрландыруды болжайды.

2019 жылы тау-кен өндірісі үшін RPM GLOBAL компаниясынан жоспарлау және бюджеттеу жүйесі енгізілетін болады. Компанияда түсіндіргендей, бұл жүйе кеніштер мен карьерлердің өндірістік-экономикалық қызметін сценарийлік модельдеу және жоспарлау мүмкіндігін береді.

Келесі жылы «SAP ендіру және көбейту» цифрлық жобасын енгізу жалғасады. Бұл бұлт технологиялары қолданыла отырып, бизнес-процестерді, өндірісті басқаруды және персоналды байланыстыратын бірыңғай интеграцияланған ақпараттық жүйе.

Сондай-ақ 2019 жылы өндірісте «BigData» жобасы қолданылатын болады, ол объективтік өндірістік шешімдерді қабылдау жүйесі, статистикалық және іс жүзіндегі деректер оның негізіне жатады.

Тізімде іске асырылу уақыты бойынша ең алыста тұрған «Өздігінен оқыту жүйелері» жобасын 2025 жылы іске қосу жоспарланып отыр. Оның шеңберінде өндіріс процестерін автоматтандыруға және бақылауға, сондай-ақ жедел шешімдер қабылдауға арналған жасанды интеллект технологиясын қолдану жоспарлануда.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79