• kz

ҚДБ қаржыландыруымен Қазақстандағы электр энергиясының 17% және көмірдің 20%-ын өндіріп отырған энергетикалық активтер жаңғыртылатын болады

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (Еуразиялық Топ – ERG құрамында, бұдан әрі – ЕЭК) Жобасының жалпы құны 463,2 млн АҚШ доллары. Соның 360 млн АҚШ доллары 8 жылға ҚДБ несие желісімен беріледі.

Жобада төмендегі нысандарды қайта құру мен жаңғыртуды көздейді:

  • Ақсу электр станциясының № 5 энергоблогы, ол оның қуатын 300-ден 325 МВт дейін ұлғайтуға, жабдықтың қызмет ету мерзімін 30 жылға ұзартуға, отын және пайдалану шығындарын азайтуға, электр станциясының экологиялық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді;
  • «Шығыс» кенішіндегі күл-шлак жинақтағыш пен көмір қоймалары, сондай-ақ айналмалы-ағынды аршу кешенін (АААК) салу, бұл кеніштен 10 млн м3 аршыма жынысын қосымша тасымалдау есебінен көмір өндіру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді.

№5 энергоблогын қайта құру 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында, АААК салу мен «Шығыс» кенішін жаңғыртуды – 2020 жылы аяқтау жоспарлануда.

«ҚДБ мандатының құрамдас бөлігі болып табылатын өндірістік инфрақұрылымды дамытудың алюминий және ферроқорытпа сияқты энергия қажет ететін өндірістер үшін маңызды. ҚДБ республиканың үш өңіріндегі металлургия кәсіпорындарын электр энергиясымен қамтамасыз ететін біздің еліміздің аумағындағы аса ірі энергетикалық активтерді жаңғыртуға қаржыландыру ашады», - деп атап өтті Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекцияның аға банкирі Айжан Битебаева.

Өз кезегінде ЕЭК президенті Валерий Гриненко Банк қаржыландырып отырған Жобаның, атап айтқанда, Ақсу электр станциясы жабдықтарының қуат резервін, сенімділігін және төзімділігін арттыруға, оның өндірістік сипаттамалары мен экологиялық параметрлерін жақсартуға бағытталғанын атады. «Бүгінде «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» елдің тоғыз қаласын электр энергиясымен қамтамасыз етеді және жылына 15 млрд квт/с қуат өндіреді. Кәсіпорын еншісіне Қазақстанда өндірілетін көмірдің 20% жуығы келеді», - деді ЕЭК басшысы.

Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 2450 МВт Ақсу электр станциясы жылына 15,7 млрд квт/с қуат өндіреді. Осы көлемнің 86%-ын электр станциясы Павлодар, Ақтөбе және Қостанай облыстарында орналасқан ERG кәсіпорындарына (Ақсу ферроқорытпалар зауыты, Қазақстан электролиз зауыты, Дөң ТКБК, «Қазмарганец» кен басқармасы) жөнелтеді, қалған 14% Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесіне береді.

«Шығыс» кеніші электр станциясын көмірмен қамтамасыз етеді. 2017 жылы кеніштен 17 млн тонна көмір өндірілген болатын. Ағымдағы жылы 18 млн тонна көмір өндіру жоспарланып отыр.

«Қазақстанның даму банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізаттық емес және инфрақұрылымдық секторларын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметінің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына жәрдемдесу және сыртқы және ішкі инвестициялар тарту. ҚДБ индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының аса ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның құрылымына кіреді.

Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК) – Қазақстандағы ең ірі электр энергиясы мен көмір өндірушілердің бірі.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ (ЕЭК) Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы – Қазақстандағы ірі электр энергиясы мен көмір өндірушілердің бірі. Елде өндірілетін электр қуатының 17% және қазып шығарылатын көмірдің 20% кәсіпорын еншісінде. Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт*с.

«ЕЭК» АҚ Ақсу электр станциясы, «Шығыс» көмір кеніші мен энергетикалық және кен жабдығын жөндеумен айналысатын өндірістік жөндеу бөлімшесін біріктіреді.

ЕЭК 2001 жылдан бері электр станциясындағы энергоблоктарды жаңғыртып жатыр. Бүгінде ЭС орнатылған қуаты – 2 450 мВт. 2018 жылы №5 энергоблокты пайдалануға бергеннен кейін ЭС орнатылған қуаты 2 475 мВт-қа жетпек.

Eurasian Resources Group (ERG) – кәсіпорындары қазып шығару, өндеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, табиғи қорларды өндейтін әлемдегі ең ірі барынша әртараптандырылған компаниялардың бірі. Топ төрт құрлықтағы 14 елде кәсіпорындар мен бизнесті дамыту жобаларын жүргізіп отырған саладағы ең ірі жұмыс беруші. 2014 жылы Eurasian Resources Group өзінің 20 жылдығын атап өтті. Басқарушы компанияның бас кеңсесі Люксембург қаласында орналасқан.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79