• kz

Баспасөз хабарламалары

ҚДБ «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде қазақстандық 17 шикізат емес өнімдерді экспорттаушыларды 316 млрд теңге сомасына қаржыландырды

«Қазақстанның Даму банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) «Сей-Нар» өндірістік кешені» ЖШС-ға (Шығыс Қазақстан облысы) өнімін кейіннен экспорттау мақсатымен тазартылмаған өсімдік майын өндіруге арналған шикізат (күнбағыс) сатып алуға үш жыл мерзімге 2 млрд теңге сомасына жаңартылатын кредит желісін ашты. Экспорт алдындағы қаржыландыруды Банк «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде ұсынды.

Бөлінген кредит қаражаты компанияға 2019 жылға арнап 23 000 тонна күнбағыс сатып алуға мүмкіндік береді. Кәсіпорын шикізаттың осы көлемінен 11 500 тоннаға дейін өсімдік майын және сонша шамада күнжара өндіре алады. Компания экспорттайтын өсімдік майының негізгі сатып алушылары Қытай кәсіпорындары болады.

«Сей-Нар» өндірістік кешені» ЖШС қызметінің негізгі бағыты тазартылмаған өсімдік майын, күнжара, ұн, жом және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеудің басқа да өнімдерін өндіру болып табылады. Кәсіпорын өндірілетін өнім көлемінің 60 %-дан астамын шетелге, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдерге экспорттайды.

Осы уақытқа дейінгі кезеңде ҚДБ Бағдарлама шеңберінде өңдеу өнеркәсібіндегі 17 қазақстандық экспорттаушыларды 316 млрд теңге сомасына, оның ішінде тамақ өнеркәсібіндегі 6 экспорттаушыны 52,7 млрд теңге сомасына қаржыландырды.

ҚДБ өткен жылдың тамыз айында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қазақстандық шикізаттық емес экспортты қолдау шеңберінде қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету туралы жариялаған болатын. Қарыз алушылар үшін сыйақының түпкілікті мөлшерлемесі жылдық 9%-дан 8%-дан аспайтын мөлшерге дейін төмендеді.

Бағдарлама шеңберінде ұсынылатын экспорт алдындағы қаржыландыру шарттары:

  • Жаңартылатын кредиттік желі кейіннен экспорттау мақсатындағы дайын өнім өндіруге арналған шикізат пен материалдар сатып алуға ұсынылады;
  • Мақсатты саласы – өңдеу өнеркәсібі;
  • Экспорттық келісімшарт(тар)тың болуы;
  • Кредиттеу мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейін, қарыз валютасы – теңге;
  • Қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге.

Экспорт алдындағы жаңартылатын кредит желілерін ашуға мүдделі заңды тұлғалар ҚДБ Клиенттермен жұмыс жасау дирекциясына мына байланысу деректері бойынша хабарласа алады: +7 7172 79 26 11 (Владимир ЛИ, Динара РЫСКЕЛДИНА, Ербол СӘЛІМБАЕВ).

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79