Банк развития Казахстана
  • kz

Сұраныс бар – өндіріс өсуде

Электр энергиясына сұраныс барлық жерде өсуде. Қазақстан да одан қалыс қалмайды. ҚР Энергетика министрлігінің соңғы болжамына қарағанда, еліміздегі электр энергиясына сұраныс 2019 жылы 105,7 млрд кВт/с-тан 2025 жылы 120,9 млрд кВт/с-қа дейін өседі. Егер сұраныс өссе, өндіріс те өседі. Экономиканың айнымас заңдылығы осындай. Расында да, еліміздегі ірі су электр стансасы – Мойнақ СЭС-ы ағымдағы жыл басынан бері 350 млн кВтс электр энергиясын, яғни жылдық жоспардың 113%-ін өндірген.

2019061113134911536_foto-moynak.jpg Мойнақ СЭС

Қазақстандық бизнес, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар инвестиция тарта отырып, экономиканың энергетика саласын дамытады. Дамудың тұрақты моделін құру энергиялық тиімділікті арттыру мен еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешпейінше, мүмкін емес. Мәселен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) 2011 жылы бүгінде елімізде электр қуатын өндіруде рекорд орнатудағы ірі су электр стансасы – Мойнақ СЭС-інің құрылысын қаржыландырды.

1560237248_foto-moynak2.jpg 

Іске қосылған сәттен бастап, Мойнақ СЭС-і 6,5 млрд кВтс-тан астам электр қуатын өндірген. Биыл жоспарлық көрсеткіштер едәуір артты. Станса мамандарының деректері бойынша, СЭС тұрған Шарын өзенінің саласы төрт айда орташа көпжылдық мәннен 10%-ке асты. Оның үстіне, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуге су торабын салуды үйлестіру тәсілі, арнаны табиғи жолмен бұру, 500 метрге дейінгі биіктіктің алмасуын пайдалану, тар тауаралық қазаншұңқыр мен шағын су қоймасы-контр реттеуіш ықпал етті. Бүгінде Мойнақ СЭС-і Қазақстанның бірыңғай энергия жүйесінің оңтүстік аймағындағы (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары) электр қуаты тапшылығын азайту, энергия жүйесіндегі шыңдық жүктемені жабу мен қуаттылықты реттеу міндетін табысты шешудегі серпінді жобалардың бірі. Кәсіпорынның жылдық жобалық орташа есептегі электр қуаты өндірісі – 1,027 млрд кВтс.

1560237332_foto-moynak3.jpg

Таяу болашақта СЭС өндірімін ұлғайту және энергия нысанының азсулы уақыттарға тәуелділігін азайту жоспарлануда. Қазіргі сәтте басшылық Шарын өзенінің сол жақ құйылымы – Кеңсу өзені ағысы бөлігін ауыстыру жобасын қарастыруда. Ол қазірде СЭС-тің Бестөбе су қоймасының сужинағыш торабынан төмен құяды, ол жақтан су турбиналарға арынды үңгір арқылы келеді.

Еске салсақ, Мойнақ СЭС-і тарихқа «ғасыр құрылысы» деген атпен енген. Өз заманында серпінді жоба 80-жылдардың басында енгізіліп, 300 МВт қуаттық станса тек 2012 жылы ғана іске қосылды. Сол кезде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев су электр стансасына келген кезде екінші су агрегатын қосуға белгі берді. Алматы облысының Кеген ауданындағы Шарын өзенінде орналасқан нысанды Даму Банкі үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде және ҚР 2030 жылға дейінгі электр энергиясын дамыту бағдарламасына сәйкес, қарыз қаражатына салды. Жобаның құны 346,6 млн АҚШ доллары. ҚДБ бұл соманың 34,2%-ін, яғни үш кезеңге 118,6 млн доллар бөліп отыр. Қазіргі уақытта Банк Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарындағы энергетика саласындағы тағы да төрт жобаны қаржыландыруда.

Салада іске асырылған бастамаларға қарасақ, электр қуатына сұраныстың барған сайын өсуі күрт тапшылық тудырады деуге негіз жоқ. Оның үстіне, қазірде баламалы қуат көздерін дамытудың белсенді түрде насихатталуы да маңызды. Қазақстанда оны енгізу процесі әлі де дайындық кезеңінде болса да, оған апаратын жол ашылды.
АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79