• kz

ҚДБ халықаралық ынтымақтастық шекараларын кеңейтеді

1bfdf3f5-d891-4c09-8cfe-310a34d2b9b6.jpg 

ҚДБ басқарушы директоры Әділ Исмағамбетовтің айтуы бойынша, бірлескен жұмыстың әлеуеті зор. Қазақстан нарығы поляк инвесторлары үшін тартымды, семинарға қатысушылар санының молдығы соның дәлелі болып табылады – ҚДБ өкілдерімен кездесуге 60 астам бизнесшілер, сондай-ақ Польша Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігінің, Польша Инвестициялар және даму агенттігінің, «KUKE» экспорттық кредиттерді сақтандыру корпорациясының («KazakhExport» ЭСК» АҚ аналогы) өкілдері келді. Кездесуге қатысушылар Қазақстан Даму Банкінің қызметімен және қаржыландыру құралдарымен танысты, сондай-ақ В2В форматында жеке кездесулер өткізді.

a2f58237-5b49-4ceb-8780-cec68fe43c1c.JPG 

Кездесу барынша тиімді өтті деп санаймыз. Біз Польшаның мүдделі іскер топтарын 2016 жылы Bank Gospodarstwa Krajowego банкімен қол қойылған 300 млн евро мөлшеріндегі қаржылық пакетті пайдалану шарттары, сондай-ақ бірқатар басқа да инвестициялық мүмкіндіктер туралы ақпаратпен таныстырдық. Оның сыртында, Қазақстан Республикасының Польшадағы Елшілігінің қолдауымен біз польшалық әріптестермен одан арғы өзара ынтымақтастықты күшейту жолдарын пысықтауға қол жеткіздік»,

- деп атап өтті Исмағамбетов мырза.

Қазақстан мен Польша бірнеше онжылдықтар бойында өздерінің саяси, тарихи, мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық қатынастарын байланыстырып келеді. Мысалы, өткен жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 12 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады. Польшаның Орталық Азия елдерімен жасаған тауар айналымының шамамен 80 пайызы Қазақстанға келеді. Оның үстіне, біздің республикада поляк капиталы қатысатын 200 астам кәсіпорын жұмыс істейді, олардың тікелей инвестициялары 230 миллион доллардан асты.

Дегенмен, осындай тығыз ынтымақтастыққа қарамастан, қазіргі сәтте әлі де іске асырылмаған әлеует сақталып отыр. Атап айтқанда, сөз экономикалық өзара іс-қимылдың басым бағыттары ретіндегі агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, әскери-өнеркәсіптік кешен туралы болып отыр.

АО «Банк Развития Казахстана»
проспект Мәңгілік Ел, здание 55 А, н.п. 15 Z05T3E2 Астана
+7 (7172) 79 26 79